Құс қанат ғұмыр

Орындаушы: Мейрамбек Беспаев

Өмiрдiң мәнiн кiм бiлген
Бiр күнiм ұқсас бiр күнмен
Таң атса күннiң батарын
Бiлсем де бейқам жүрдiм мен
Тағы да мiне, таң атты
Шапағын тегiн таратты
Манаурап естi жиғанша
Масайрап мезгiл барады

Қ-сы:
Таң атса болды, күн батты
Ұршығын мезгiл зырлатты
Құс қанат менiң ғұмырым
Қанатын тағы бiр қақты

Тұсаудай тұтам тiрлiкте
Тентiреп текке жүрдiк пе?!
Жойылып жерден кетер ме ек
Жобасы түскен бiр нүкте
Не алдым елге, не бердiм
өтеусiз бе едi келер күн
Қырандай баулып өсiрген
Халқыма ендi не дермiн?!
Әрі қарай

Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс

Шілденің аяғы болатын. Қараңғы түн. Сырдарияның жайылым иіндеріндегі тоғайлық. Біздің лагерь тұрақтаған жер алыс емес, әрі кетсе жарты шақырым. Тәуекел деп тоғайлықпен тіке тарттым.

Бес-он қадам басқан соң-ақ, өкіне бастадым. Қалың өскен жиде мен шеңгелдің тікенегі қол-аяқтан сау тамтық қалдырмады. Бірақ, кейін қайтуға намысым жібермей, сұрақ белгісі сияқты бүгіліп, аңдар салған жалғыз аяқ жолмен ілгерілей бердім. Тастай түнек тіпті қоюлана түскен сияқты. Қолымдағы қалташамның жарығы да әлсіреді. Алдымдағы ирелеңдеген шытырман cүрлеу, белгісіздік үңгіріне бастап бара жатыр. Адасқанымды білдім… Тоғай іші жым-жырт. Алыстан бір дыбыс талып жеткендей болды. Үн қатып едім, шегірткенің шырылынан басқа жауап болмады. Амал жоқ тағы бір қуыс жолға түсіп, жылжып кеттім. Бүгілген былай тұрсын еңбектеуге көштім.
Әрі қарай

домбыра пати блогкэмп

Блогкэмпте түсірген видеоларым жинаулы тұр. Алдын фб-ға лақтырған едім біраз видеоларды, ішінде «мафия» ойыны да бар. Енді біртіндеп осы жаққа лақтырамын! Қазір Назгүлдің ән айтып отырған видеосын жіберемін!
Әрі қарай

"Фотоаулау": "Вааау"

"Ғасырдан да ұзақ түн" деуші ме еді… Бүгін Батыр, Рахат және мен үшін "Ғасырдан да ұзақ күн болды..."!

Он жарым болмаса оянбайтын біздер үшін бүгін ерте оянып тапсырма алу бір іс болса, ол тапсырмада берілген жұмбақты шешу екінші қиын іс болды

Тоғызда тапсырма келеді дегеннен соң сегіз жарымда тұрып алып тапсырманы күттім. Қандай тапсырма болады екееен деп ойланып, ұйқымды аша алмай отырғанмын…
Әрі қарай

Жағдайың болмаса үйлен!

Пайғамбарымыздың заманында бір мүмін: «Уа, Алланың елшісі менің жағдайым болмай жатыр, кедейліктің азабын тартып жүрмін» деп мұңын шағып барыпты. Оған Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Онда үйлен!» деп кеңес береді. Үйленген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Екінші рет тағы келсе, оған: «Тағы да үйлен!» деп айтады. Екіншісін алады. Өз басын зорға алып жүрген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Үшінші рет Пайғамбарымыздың алдына келеді, оған тағы да "үйлен!" деп кеңес береді. Төртінші келгенінде тағыда "үйлен!" деп айтады. Міне осы төртінші әйелі ғана пысықтау болып, олар бірлесіп жұмыс жасап, жағдайын түзеп, оңалады. Бұдан шығатын қорытынды, болашағың әйеліңе тікелей байланысты. Түрлі пікірлер болуы ғажап емес, бірақ: «Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге, жаман әйел төрдегі басын есікке жетелейтінін» атам қазақ тегін айтпаса керек.
Әрі қарай

Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сән беріп кең далама, қазағыма
Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.
Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған
Қараймын да тоймаймын ажарыңа.

Киелі Маңғыстаудан орын тепкен,
Көк теңіз, саған сонша құштар екем.
Бұлқынған толқыныңды терең құшып,
Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!

Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім,
Келуге жаны құштар саған әркім.
Толқыныңмен достасып жел мен тас та
Алтын күн де төгер саған таң шапағын.

Жағаңда батамын мен ойға терең
Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен
Қыстыгүнгі ажарың болған аққу
Үн қосып сырласқандай меніменен.

Жырымды жазылған пәк көңілімнен
Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен.
Маңғаз дала төрінен орын тепкен
Каспийімді шынымен де сүйемін мен.

Сан ғажапты сыйғызып алабыңа
Көрген адам таңдай қақты саған мына.
Көркінен көз тұнатын әсем теңіз
Жайнай берші сән қосып ажарыңа!

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Суреттердің барлығы бірдей жүктелмегендіктен, назарларыңызға осылар ғана…

Пысы: Суреттер Samsung Galaxy SII түсіріліп, Snapseed қосымшасымен өңделген.
Әрі қарай

Нағыз қазақ!

Ең алғаш Астанаға студент болып келген кездері «Нағыз қазақ осылар»(Вот настоящий казах) дегенде кекетіп жатқандай көретінмін. Бірақ, ойымды айтуға орысшам жетпейді. Үндемей жүре бердім. Орысшам жетілгенде бәріне айтармын дегенмін іштей.
Орысша үйрендім. Біреуден әрі, біреуден кері. Тіл білген жақсы. Бірақ, оны шет тілі деп санамайды ғой бізде. Өмір сүруге ғана керек. Жүре келе пікірім өзгерді. Өзім сияқты қара домалақтарды шын құрметтегеннен айтқан екен. Бірақ енді өкініп жүрмін. Өкінбей ше? Сол уақыттағы ауылдық ойдағы, қаймағы бұзылмаған қазақылығымды жоғалтып алдым. Бәрі де байыбына бармай көтерген көкіректің кесірі.
Шет елдің тілі мен мәдениетін жоққа шығарудан аулақпын. Тек, өзімнің өткенімді ұмыта бастағанымды енді түсіндім. Бәрінен ең ауыры — кеше туған тәтемнің (әпке) қоңырау шалып «Уақытыңды алсам ренжімеші...» дегені болды. Жүрегімді жұлмалап жатқандай сезім кештім. Демек, бұған дейін қоңырау шалғаны үшін ренжігенім болғаны ғой. Сонда менің ата-анасын апта бұрын бекітілген кесте бойынша қабылдайтын Еуропалықтардан айырмам қанша? Олар сөйтеді екен деп күлеміз. Қайта олар мұнысын жариялы жасайды. Жасандылық жоқ. Ал біз ше?
Жоқ, мұным болмайды! Бірді айтып, екіншісіне кетіп қала бердім. Қысқасы, нағыз қазақ бола алмасам да, бауырларымның серігі бола білейін. Олардан артық отаным жоқ. Сіздер де өздеріңізді жоғалтып алмаңыздар!!!
Әрі қарай

50 теңге үшін



50 теңге үшін
Қала ішіндегі маршрутта
-Апа, жолақысын төлеңіз.
-Балам міне дәкүмінт, кәрілік туралы, мен ақша төлемейм.
-Апа, кәрілік туралы дәкүмінт жүрмейді бізге, батыр ана, күміс алқа және тб бәрі жолақы төлейді.
-Сен кәртимейсің ба?
-Тек, соғыс ардагері ғана төлемид, жарғыны әкеп көрсітиін ба?
-Сен кәртимісің ба, кәртиме онда, өле қал, менің жасыма жетпе.
-Апа сізге түсіндірдім ғо, дәкүмінтіізді беріш, көрейін.
-Көрсетпим, жыртып тастисын, мұны мен істеп алған жоқпын, өкімет берді, жыртсаң сотқа жауап бересің.
-Апа, ақша бермисің ба, түс.
-Түсем.
Ощм, екеуіде қайтпад, қайсысына болысарыңды білмисің, апа дейін десең, аузынан оңған сөзі шықпады, баланыкі бір жағынан дұрыс емес, бірақ ол бейшараның жұмысы сол, әркім дәкүмүнт көрсетіп акша төлемей кете берсе оған да дым болмай қалады. Ұзақ жолға шығатын маршрутта да ондай оқиғалар болып тұрады. Жол жөнекей тоқтатқан жолаушылар кейде барын беріп, түсіп қала береді. Ал, кейде шопырлар ашуланса толық төлетіп алады жолақыларын.
Әрі қарай

Видеоблогингтегі алғашқы тәжірибе / Спорт интернат деген қандай жер?

Көптен бері спорт тақырыбындағы видеоблог жүргізу ойымда жүрді. Жақында Данияр Аланның қолдауымен алғашқы түсірілімді бастап та кеттік.
Спорт саласында жүрген 5-6 жылдың ішінде көптеген адам спорт интернаттың не екенін білмейтіндігін байқадым, ал қазіргі уақытта еліміздің атын танытып жүрген барлық спортшы дерлік осындай орданың түлегі. Әр қалада өзінің спорт интернаты бар, ал Алматы мен Астанадағыдан шыққан атақты спортшылардың тізімі тіпті үлкен. 7-сыныпты аяқтаған соң спортқа икемі бар жасөспірімдер Қазақстанның түкпір түкпірінен Республикалық спорт интернатқа бағыт тартады. Бұл жерге кез келген адам оқуға түсе алмайды, екі кезеңдік емтиханнан сүрінбегендер ғана спорттағы дарынды балаларға арналған интернаттың оқушысы атанады. Назарларыңызға Астанадағы Қажымқұан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернаттың бір күндік тынысынан бейнематериалды ұсынамыз.
Сонымен, спорт интернат деген қандай жер? Ол жерде кімдер оқиды? Бұл жасөспірімдер зор алғысқа лайық! Біреулер қарапайым мектептегі сабағын үлгермей жүрсе, балғын спортшылардың әр минуты санаулы. Үйден жырақта жүрсе де, ол еркелік танытпай, бапкер мен мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайды. Өйткені, ол — БОЛАШАҚ ЧЕМПИОН!
Алдын ала қателіктер мен бейненің сапасы үшін кешірім сұраймыз. Бұл тек алғашқы еңбегіміз, алдағы уақытқа жоспарымыз да, бастау алған түсірілмдер де өте көп. Түсіністік пен қолдау білдіргендеріңізге көп рахмет!
P.S. Екінші бөлімі қызығырақ шыққан, соңына дейін қарасаңыздар…



Әрі қарай