Бәріміз бала болдық. Осы жердегі бір брат айтпақшы біз 1992 жылдың тумалары егеменнен соң туылғанбыз. Сол совет одағын көрмесемде советте туылған әке шешем бар, сол кісілердің әңгімесі бар дегендей. Айтпағым, сол біздің (біздің болғанда 1992 жылғылардан былайғыны айтып жатырмын) балалық шақта есіміз кете, беріле ойнаған ойынымыз футбол екені анық. Футболды совет дәуірінде туғандар үшін доп тебу деп атауға болады. Көшеде футбол ойнап жүрсең, ойййй біздің кезде доп ойнаған тозар деуші еді деп миымызды жейтін(рас та шығар). Азаннан кешке дейін доп тептік, доп қудық. шаршамаушы едік. Қойщ на, мақтанып кеттім ау деймін.
Блогшылардың саяхаттары туралы оқып, мен де Түркияға турфирманың қызметінсіз өзіміз саяхат ұйымдастырғанымыз туралы жазып, тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім.
Орыстарша тещин язык (қазақша тура аударса ененің тілі) бізше ащы тілдер деп аталатын мәзір ұсынбақпын керектік оқырмандарға. Қолымнан ененің тілін жасау келеді екен, енді ененің тілін табу келе ме жоқ па оны уақыт көрсетер.
Сюжет:
Очм, типінақ, Монтекки мен Капулетти әулеттері бірі бірімен әже жау болады. Жек көретіндері сонша, бірі бірінің әулеттік гербін көрсе құсып қояды екен. Бірақ, жаратқан Шива адамдарды мазақ қылмаса отыра ала ма:
Санк-Петербургтағы бассыздықты көріп отырып, оны «СтопХам» деген акцияға теңегенін байқап қалдым. «СтопХам» туралы естіген де, көрген емеспін. Отыра қалып, интернетті шарлап шықтым.
Әйел оргазмы тікелей еркекке байланысты екені түсінікті. Пенсильвания Университетіндегі мамандардың зерттеуі бойынша әйелдер көрікті еркектермен қатынасқа түскен кездерінде оргазмға көбірек жетеді. Олар бұл тұжырымға сеніп отыр, оргазмқа жеткізуші басты фактор еркектің көріктілігі дейді.
Әлеуметтік сауалнамалар да бұл тұжырымды растап отыр. Өзіне сенімді және көрікті еркегі бар жұптар берік және ұзын ғұмырлы, әйелдері оргазмды жиі сезеді екен. Жұптарымен оргазмға бірге жететіндіктен балалы болу шанстары да жоғары.
Көрікті, сенімді, күшті еркектерден сау ұрпақ туу ықтималдылығы жоғары болғандықтан әйелдер осындай еркекті қалайды екен. Яғни, оргазм — дұрыс гендерді таңдау жолындағы эволюциялық құрал деуге де болады.
Байтақ Қазақстанның оңтүстігінде Отырар ауданына қарағанымен тіршілігі Түркістан қаласымен біте қайнасқан Балтакөл деген ауыл бар. Уикипедия ауылда 4200 дей адам бар деп жазыпты. Рас шығар. Ауыл Сырдарияның бойына жақын орналасқан. Отырар ауданының ең шеткі нүктесі. Ауылдың батысы сексеуілді құм. Кезінде сол құмның арасы мыңғырған малға толған дейді. Балтакөл жақын аумаққа тары, қауынымен танылса, республикалық басылымдарға әр көктем сайынғы Сырдарияның тасуымен ілініп тұрады.
Балтакөлдің қазіргі тіршілігі былай жаман емес. Ауылдың атын шығарған Сырдағы өткелге бетон көпір салынды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша балабақша, аурухана қолданысқа берілді. «Таза су» бағдарламасы бойынша ауыз су да тартылды.
Сіздің өміріңізде қызықты оқиғалар жиі болады ма? Менің өмірім қызықты оқиғаларға толы. Әсіресе бүгінгі күн есімнен шықпасы анық. Нақтылайын.
Отырған ем компьютердің құлағында ойнап, әлеуметтік желі де жалғанып тұр жарықтыққа. Шыр етіп дауыс шықты, вконтактідегі хат келген дауысты барлықтарың естіген шығарыңдар. «мен ешқайда кеткен жоқпын». Қуандым, қызымнан. Дереу мініп автокөлікке кеттім «аруымның ауылына», алғаш көрісуіміз үлкен үзілістен соң, менің қызметіме байланысты кездесе алмаған едік. Жүрек шыр-пыр етеді, аяқта да бұлшық еттер жоғалғандай, қанша жыл спортпен, әсіресе жүгіріспен айнлысам да. Күтіп тұр екен, мен оның бұл ісіне таң қалдым. Қай уақытта шыққанымды біліп, қай уақытта келерімді есептеп қойған ғой ботақаным(!).