Балтакөл ауылы
Байтақ Қазақстанның оңтүстігінде Отырар ауданына қарағанымен тіршілігі Түркістан қаласымен біте қайнасқан Балтакөл деген ауыл бар. Уикипедия ауылда 4200 дей адам бар деп жазыпты. Рас шығар. Ауыл Сырдарияның бойына жақын орналасқан. Отырар ауданының ең шеткі нүктесі. Ауылдың батысы сексеуілді құм. Кезінде сол құмның арасы мыңғырған малға толған дейді. Балтакөл жақын аумаққа тары, қауынымен танылса, республикалық басылымдарға әр көктем сайынғы Сырдарияның тасуымен ілініп тұрады.
Балтакөлдің қазіргі тіршілігі былай жаман емес. Ауылдың атын шығарған Сырдағы өткелге бетон көпір салынды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша балабақша, аурухана қолданысқа берілді. «Таза су» бағдарламасы бойынша ауыз су да тартылды.
Қызық осы жерде.
Ауылда негізі пәленбай метр тереңдіктен бұрғылап шығарған ыстық табиғи су бар. /жерден ыстық болып шығады/. Ауыз су жүргізетіндер келіп оның жанынан бұрғылап тағы бір судың көзін ашпақшы болған. Техникалары нашар болғандықтан шығар, қажетті тереңдікке жетте алмапты. Бірнеше рет бұрғы сынып қайта-қайта жаңа жерден бастауға тура келеді. Әупірімдеп таяздан ашылған су көзі көпіршіп ащы болып шығады. Олар мұны алып келіп бұрыннан бар су көзіне қосады да халыққа таратып жібереді. Ертесіне ауыл у-шу, іш ауру қырып барады. Амалдың жоғынан жаңа ашылған көзді қайта жауып тастайды да, құбырларды бұрынғы су көзіне қоса салады. Бұл жаңа да ескі суды осы оқиғаның алдында ғана арнайы зерттеу жасап «ішуге жарамсыз» деп тапқан болатын. Енді сараптама қайта жасалып жаңағы су аяқ астынан зәмзәмнан кем емес болып шыға келді.
Ауыз су қолданысқа 2010-2011 жылдары берілген.
Пайдалануға берілгеннен кейінгі олқылықтар:
-Су құбыры сапасыз, алғашқы су айдағанда жарылып кеткен жерлерін резинамен орап сыммен бұрап қайта көме салған. /Біз кеткенше тұрса болдының тірлігі/
-Судың қысымы төмен, бастаудың маңындағы көшелерде жақсы ақ ағып тұр, ал шет жақтарында сылдырап әрең жетеді.
-Суды тарату нүктелері көшелерге қойылған, жердің үстіне. Әркім үйіне қарай өзі тартып алуы керек. Және жердің бетінде болғандықтан қыста мұз қатып үлкен қиындықтар туындаған.
-Ауылдың көп бөлігіне су құбырлары тартылмаған.
— Қазіргі кезде судың қысымы мүлдем төмендеп кеткен.
Мысалы мынау қазіргі түрі. /төгілген сулар қасындағы құдықтан шашылған, күн ыстық қой/
Осыдан сылдырап күніге 2 рет жарты сағаттан су ағады. Үлгерсең алдың, үлгермесең сусыз қалдың.
Неге мұншалықты нашар жасалған, кім жасаған деп сұрастырдым. Әкімшіліктен құжаттар іздеттірдім. Тапқаным міне мынау ғана.
Әкімшілікте басқа бірде-бір құжат сақталмаған. Біле алғаным құрылысты «КОМБИСТРОЙ» ЖШС жүргізген. Бастығы Н.Әбішов. /ауыл тұрғындары бұл адамды мына кісінің інісі дейді /
Қанша қаражат кеткені әзірге мен үшін белгісіз.
Интернеттен төмендегі екі деректі таптым:
Мына жерде --->>>
Ал мына жақта --->>>
Бұл қаражаттар кімге бөлінді?
Тендерді ұтып алған кім?
«Комбистрой» қай уақыт аралығында жұмыс жасады?
Жоспар толық орындалды ма? Біле алмадым.
Түсініксіз жағдайлар көп. Қазіргі ауыл әкімі барлық құжаттарды тауып беріңдер дегеннің өзінде, мардымды ештеңе біле алмадым. Сол кездері жұмыс жасаған кісілердің өзі е мардымды ештеңе айта алмады. Е білмейді н/е айтқылары келмейді.
Басқа мәлімет таппадым.
Тағы бір қызық, ауылда жекеменшікте КСРО-дан қалған үлкен монша бар. Су мұнарасының жанында орналасқан. Ол жерде су бейпіл. Бейпілді соншалықты ішіндегі суағарлардың басына суды ашып қосатын құрылғы орнатылмайды. Монша ішінде адам жоқ болса да су ағып жата береді.
ПыСы: Әлгі «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасымен аурухана салынған. Ішінде көптеген апараттар (мүмкін техника???) бар деп қуанып жүрген ауылдықтар. Енді, қазір білдім, ауылдың адам саны жеткіліксіз деп қажетті құралдардың барлығын аудан орталығына алып кетіпті. Маман жоқтықтан болар деп ойлағанмын. Тіпті, ауылда жаңадан келген тіс дәрігерінің барын да ескермей оған керекті құралдарын да алып кеткенін естігенде таң қалдым. Енді тіс дәрігері құрал сайманды өзі жинап жүр дейді.
Сонда деймін-ау, заманауи құрал жабдықтары, оны басқара алатын білікті дәрігері болмаса дәу ғимарат кімге пайда. Тіпті кеңес үкіметі кезінде мені ауылдағы ауруханада босандырған екен. Қазір уақыты жақындаған келіндерді қалаға қуады. /зачем лишняя проблема/
Бұл жұмыстар үшін кімнің қанша ақша алғаны маған бәрі бір ғой, тек нәтижесінің төмен болып, зардабын қанағатшыл, көнбіс ауыл тұрғындарындары тартып жатқаны жанға батады да.

«Биылғы 2008 жылға Балтакөл елді мекенінің ішкі су жүйелері құрылысына 73,0 млн теңге » бөлінгеніжазылыпты.
Ал мына жақта --->>>
«Құрылыстары 2008 жылы жүргізіліп жатқан нысандар қаражаттың жетіспеушілігінен бітпей қалу қаупі бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі №791 Қаулысына сәйкес биылғы жылы жоспарланған 25 нысанның 14-інің сметасы қайта есептеліп, сметалардың құны 1548,5 млн. теңгеге ұлғайды. Оның ішінде, құрылысы 2008 жылы тапсырылатын 7 нысанға (Шақпақ, Ақбастау, Рабат-Атбұлақ, Қожатоғай, Балтакөл, Маяқұм, Жаскешу ауылдары) 177,6 млн. теңге жетіспейді» деген ақпар бар.
Бұл қаражаттар кімге бөлінді?
Тендерді ұтып алған кім?
«Комбистрой» қай уақыт аралығында жұмыс жасады?
Жоспар толық орындалды ма? Біле алмадым.
Түсініксіз жағдайлар көп. Қазіргі ауыл әкімі барлық құжаттарды тауып беріңдер дегеннің өзінде, мардымды ештеңе біле алмадым. Сол кездері жұмыс жасаған кісілердің өзі е мардымды ештеңе айта алмады. Е білмейді н/е айтқылары келмейді.
Басқа мәлімет таппадым.
Тағы бір қызық, ауылда жекеменшікте КСРО-дан қалған үлкен монша бар. Су мұнарасының жанында орналасқан. Ол жерде су бейпіл. Бейпілді соншалықты ішіндегі суағарлардың басына суды ашып қосатын құрылғы орнатылмайды. Монша ішінде адам жоқ болса да су ағып жата береді.
ПыСы: Әлгі «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасымен аурухана салынған. Ішінде көптеген апараттар (мүмкін техника???) бар деп қуанып жүрген ауылдықтар. Енді, қазір білдім, ауылдың адам саны жеткіліксіз деп қажетті құралдардың барлығын аудан орталығына алып кетіпті. Маман жоқтықтан болар деп ойлағанмын. Тіпті, ауылда жаңадан келген тіс дәрігерінің барын да ескермей оған керекті құралдарын да алып кеткенін естігенде таң қалдым. Енді тіс дәрігері құрал сайманды өзі жинап жүр дейді.
Сонда деймін-ау, заманауи құрал жабдықтары, оны басқара алатын білікті дәрігері болмаса дәу ғимарат кімге пайда. Тіпті кеңес үкіметі кезінде мені ауылдағы ауруханада босандырған екен. Қазір уақыты жақындаған келіндерді қалаға қуады. /зачем лишняя проблема/
Бұл жұмыстар үшін кімнің қанша ақша алғаны маған бәрі бір ғой, тек нәтижесінің төмен болып, зардабын қанағатшыл, көнбіс ауыл тұрғындарындары тартып жатқаны жанға батады да.
Осындай сәттерде ғана ауылға тв келіп түсіріп кетеді.