Балтакөл ауылы

Байтақ Қазақстанның оңтүстігінде Отырар ауданына қарағанымен тіршілігі Түркістан қаласымен біте қайнасқан Балтакөл деген ауыл бар. Уикипедия ауылда 4200 дей адам бар деп жазыпты. Рас шығар. Ауыл Сырдарияның бойына жақын орналасқан. Отырар ауданының ең шеткі нүктесі. Ауылдың батысы сексеуілді құм. Кезінде сол құмның арасы мыңғырған малға толған дейді. Балтакөл жақын аумаққа тары, қауынымен танылса, республикалық басылымдарға әр көктем сайынғы Сырдарияның тасуымен ілініп тұрады.
Балтакөлдің қазіргі тіршілігі былай жаман емес. Ауылдың атын шығарған Сырдағы өткелге бетон көпір салынды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша балабақша, аурухана қолданысқа берілді. «Таза су» бағдарламасы бойынша ауыз су да тартылды.
Әрі қарай