Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс!
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Әрі қарай

Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер

Неткен жалтақпыз! Өз күшімізбен бірдеме істейміз дегенге үрейлене қараймыз. Ауылдағының аузы сасық дегендей… Халқымыздың тең жартысы мәңгүрттікпен күн кешуде. Екі қазақ қате-қате болса да, орысша сөйлеуге тырысады. Дүкенге барып, сатушы қазақ қызға, «Нокиаға жіңішке қуаттандырғыш беріңізші» десем, «какое? какое?» деп түсінбей, қолмен көрсетіп, ымдап жүріп әрең тауып берді. Онымен қоймай беріп жатып, «Это называется — тонкое» деп қояды. «Тонкое емес, жіңішке» деп бетіне бажырая қарадым. Ал ол мені өзінше қазақбай деп менсінбей тұр. Қазіргі халықтың көбісі, өздерін қазақша сөйлесе екінші сорт сезінеді, орысша сөйлесе дамағын заманауи адамдай болып тұрады. Қайдан білсін, нағыз заманауи көрінгісі келетін адам болсам, менің одан «Please, give me the charger for nokia with thin ending» деп сұрауға дәрежем жететінін. Біздегі ең басты мәселе, орыс ағайындар емес, осы қазақшаны менсінбейтін қазақтар. Оларды жеңу мүмкін емес те болар. Міне осындай халықпыз. Әйтпесе атам қазақ айтпады ма, "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер", -деп. Бар қазақ бір қазақтай қазақша сөйлеп, жалтақтауымызды қойып, еңсеміздік тік ұстасақ, өзге ұлт көкірегін осынша керер ме еді?! Көңіл-күйім түсіп кетті
Әрі қарай

Тордан қайтқан доп

Ертең не боларын кім біліпті? © Ұрқия кемпір

Бұл мақаланы өзге қауымдастықтарға да шығаруға болатын еді. Мәселе, «Менде бір керемет сюжет бар», «Тек қана футбол»…

Бірнеше жыл бұрын қазақстандық бір танымал футбол клубы 3 миллион доллар шамасындағы сомаға Ганадан легионер алдырады. Трансфер аяқталып, Эссьен мен Гьянның жерлесі жасыл алаңдарды жайқалтып доп тебеді деп күткен қауым ол азаматты жоғалтып алды. Сол кездің өзінде оның жасы 35-ке таяған еді.
Әрі қарай

Мәсімов қалай отставкаға кетті?

Бәленің бәрі твиттерден басталды. Жетінші арнадағы «Другими словами» бағдарламасының жүргізушісі Майя Бекбаева Кәрім Мәсімовтың бір жыл бұрынғы хабарламасына ретвит жасайды. Журналистің (оның журье еместігіне күмәнім жоқ) ойы өзгелерді алдау емес еді.
Журналистерге: Мәсімов қалай отставкаға кетті?
Әрі қарай

Кім кімді таңдайды?

Жалпы, жігіттер мен қыздардың көбісі таңдалғанды емес, таңдағанды жақсы көретіні баршамызға да белгілі. Бірақ бір-бірін бірдей таңдау жағдайлары өте сирек кездеседі. Қарым-қатынаста кімнің кімді таңдағанын кімнің кімге керегірек екенінен түсінуге болатын шығар. Ал кімнің кімге керегірек екенін байқау қиын емес. Сонымен, көп жағдайда кім кімді таңдайды деп ойлайсыз?
Бір сұрақ: Кім кімді таңдайды?
Әрі қарай

Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі

Қазіргі қазақ эстрадасында жүрген кейбір жас әншілердің орындап жүрген әндері Сіздің көңіліңізден шыға ма? Жеке өз басым төрімізде тұратын теледидар мен радиода жиі айтылып жататын кейбір қазақша әндерді тыңдай алмаймын, тіпті басын естіп, аяғына дейін тыңдауға жүйкем жұқарып кетеді. Осы орайда «Не себепті?» деген сұрақ туындайтын шығар. Түсіндіріп көрейін…

Біріншіден, басқа тақырып құрып қалғандай, махаббаттан басқа тақырыптағы әнді сирек естиміз. Басқа тақырыпта ән айтқанның өзінде әуені ойдан шықса, сөзі көңілден шықпай жатады. Екіншіден, сөздері мұңлы әнді тым ырғақты, көңілді әуенмен айтады. Үшіншіден, ән мәтініндегі сөздер құр ұйқасқа құрылған. Сөзіміз дәйекті болуы үшін, бірнеше мысал келтіре кетелік:

Көзден кетсе де, көңілден кетпеген әнші Мәдина Ералиеваның орындауындағы өмір, тағдыр туралы тақырыпта жазылған «Ризамын» (әні Қ.Намаз, сөзі М.Мақатаев) атты әнді тыңдай бергің келеді. Себебі, бұл әнде қанағат, шүкіршілік, үміт бар.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізіміТағы да көрдім, тағы да көрем таң нұрын,
Аязын қыстың, аяулы жаздың жаңбырын.
Алтынға мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым,
Ризамын саған, ризамын саған, тағдырым.

Өшпестей етіп өмірдің жазған бұл заңын,
Түсінбей кейде, тосырқап менің жүр жаным.
Кеудемде мына өзің сыйлаған бір жалын,
Лапылдап жатыр, тағдырым, саған ризамын!

Ал дәл осы тақырыптағы «Mysterions » тобы айтатын "Өмір" әнінің сөзіне назар салып көріңіз. Әуені шет елдік әннен ұрланғандығымен қоса, сөздері сын көтермейді. Қазақша әріптердің де қадірін кетіріп, қалай-болса солай айтылған.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі
Өмір — сынақ, өмірім майдансың,
Жүрем сенен жеңіс тілеп.
Жеңілсеңіз, жылама күйініп,
Тағдырда жоқ жүрек.
Әрі қарай

5 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, Мадридтіктерді ренжітудің қажеті жоқ секілді. Ашуына тисең осылай оңдырмайды, кешегі өткен бір қаланың қос командасы арасындағы кішігірім дербиден осындай ой түйдім. Мүмкін, Хетафе Реалға қарсылас деп ойламассыздар, бірақ бұл футбол, доп-домалақ, алаң-төрт бұрыш деген
Әрі қарай

КерекБлогер шеберханасы - Апта #2 - Денсаулық

Блог - asaubota: КерекБлогер шеберханасы - Апта #2 - Денсаулық

КерекБлогер шеберханасының алғашқы аптасы ауыр өтті. Ойлағанымыздан төмен қатысу болды. Бапкерлер де, қатысушылар да дайын болмай қалған сияқты. Дегенмен КерекБлогер ілмегімен пост жазған 3 қолданушыға КерекБлогер жобасына қатысушы деген медаль ілінді, профильдерінен көре алады.

Осы аптаға тақырып: Денсаулық. Жазбалар келесі дүйсенбіге дейін қабылданады.
Әрі қарай

Дүкс-дүкс музыкадан шаршағандарға ұсынарым.. рэгги!

Мен ұсынатын үш ән!: Дүкс-дүкс музыкадан шаршағандарға ұсынарым.. рэгги!
«Жаңбырды сүйем дейсің, бірақ қолшатыр ұстайсың,
Күнді сүйемін дейсің, сәулесінен қашып, көлеңке іздейсің,
Желді жақсы көремін дейсің, бірақ үрген кезде терезені жабасың,
Міне, сондықтан сен мені „сүйемін“ деген кезде, мен қорқамын». -Боб Марли-
Әрі қарай