Айғырдың жақсысы арық

Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын қақ жарылсын @ Авторитет жинаған жігіт.

Перзентхана. Гүлдер. Сәбидің іңгәсі. Бөбектің иісі. Әлди-әлди әуені.
Блог - Anuarbekkyzy: Айғырдың жақсысы арық Осы сәттер қиялында мың өріліп, үміт пен арман араласқан сезім билеген отбасылардың қатары осы күні көбеюде.
Көбіне-көп бала көтере алмадым деп, әйелдер дәрігерге қаралып, өзін кінәлі сезініп жүреді. Бірақ ол баланы күлге аунап көтере ме? Нашар бензин құйып, оталмай тұрған көлік секілді болды онда әйел де, яғни бұл мәселеде «еркек факторы» жиі себеп болып жүр. Ал Сексенбай, Тоқсанбайларды тудырғандар мүлдем Қызыл кітапқа еніп кеткелі қашан.
Біз «климаксты» тек әйелдерге қатысты, ал ерлерді кез келген жаста биені буаз қылып тастайтын айғырдай көреміз. Ал шындығында қалай екен? Дәрігерлердің ерлер климаксы, яғни «андропауза» туралы айтып, дабыл қағып жүргендеріне көп бола қойған жоқ.
Бедеулікті ерлерге диагноз қылып, түрлі пысықайлар миллиондап ақша тауып жатыр.
Блог - Anuarbekkyzy: Айғырдың жақсысы арық
Бірақ ең бастысы, ерлер өз мүмкіндігінің шыңырау шегі 20-30 жас аралығында екенін естен шығармауы тиіс. Үй, көлік алып, жағдайымды түзеп аламын деп, балалы болуды кейінге қалдырғандар сол жиған-тергені үйде былдырлап жүрген бүлдіршінді шөпілдетіп сүю мезетіне тең келмейтінін кеш түсінеді.
Андропаузаның ең басты себебі – «авторитет».
— Үйленіп алып, семіріп кетіпсің ғой!
— Ее, авторитет жинап жүрміз ғой, хехехе!
Үйреншікті диалог, солай ма?
Біздің заманымыздың кеселіне айналған «авторитет» — метаболизм синдромы. Деректерге сүйенсек, МС-на еркектер бейім келеді, әйелдерде климакстан кейін байқалады.
Жұмысқа бара жатып көлікте отырады, жұмыста комптың алдында отырады, үйге келіп диванды сағалайды, сөйтіп майдың қалай жиналғанын байқамай да қалады. Блог - Anuarbekkyzy: Айғырдың жақсысы арықҚарын, бөксе, көтен үлкейген сайын, ең маңызды гормон тестостерон азая түседі. Орда бұзар жасқа жеткенде гормон жылына 1-2%-ға кеми береді. МС ерлер ағзасының қартаюын тездетіп, андрогеннің (ерлердің жыныстық гормоны) жетіспеушілігіне әкеледі, ақырында андропауза басталады.
Тестостерон деңгейі төмендер көбіне жыныстық қатынасқа ықыласы аз, жуас, буыны бос болады. Бірнеше кәсіп өкілдеріне жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей тестостерон деңгейі діни (жыныстық қатынасқа тыйым салынған) қызметкерлерде төмен, ал актерлар мен футболистерде керісінше өте жоғары.
Орта бойлы дені сау еркектің белі 94 см болу керек, одан асса, тестостерон азайған болар.

Әрине, анропауза бедеулік деген сөз емес, бірақ жұбайыңызды ана бақытына бөлеу үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан, ОТЫРМАҢЫЗ, ДИВАННАН ТҮСІҢІЗ ДЕ ҚИМЫЛДАҢЫЗ!

Блог - Anuarbekkyzy: Айғырдың жақсысы арықПЫ.СЫ. КЕЛІНШЕКТЕРГЕ: Күйеуіңіздің ас тізімінен майлы, дүкеннің тағамдарын азайтыңыз. Қолдың айранын көбірек беріңіз. Жалпы даладан тамақтануына жол бермеңіз.
Пәтерде тұрсаңыз, жер үйге көшіп, бақша егіңіз. Су тартатын мотор қоймай, құдық қаздырып, бақшаны суарғанда жұбайыңызға шелекпен тасытыңыз суды. Ал қыста қар жаумаса да құдайдың құтты күні ауланы тазартқызыңыз.
Жер үйге көшуге көнбесе, саяжай алып, сонда сүйреңіз тестостерон иесін.
Үйіңіз әлі болмаса, үйді өздеріңіз салыңыз.
Жұ байыңыз темір тұлпар иесі болса, оған сыйға велосипед тартыңыз. Оны теппесе, «менің көңіліме тиеді» деп ренжіңіз.
Ал көлігінен мүлдем түспей қойса, оны ертіп күнде дүкенге, қонаққа барыңыз және дүкеннің қайда екенін жорта ұмытып, оны 20-30 минуттық жерден түсіріп алып, іздеген болыңыз. Және мұның бәрін орындағанда оны қайта-қайта мақтауды, еркелетуді ұмытпаңыз.
Бөлісу:

22 пікір

Ispek92
Тамашааааааааа, мықты
bizbike
Ұнағанына қуаныштымын.
asaubota
бақыттың бәрі тестестеронда дейсің ғой?

рахмет, тамаша жазба. 5!
bizbike
бақыт енді балада ғой, бірақ тестостеронсыз оны қайдан табамыз?
seyh
Осындайда айғырдың жақсысы арық келеді дегенге лажсыз сенеді екенсің
bizbike
ох, қандай тақырып қоямын деп 3-4 күн ойландым, мына мақалды кезіктірмеппін, рахмет!
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Тақырып атауын мықты таңдапсың bizbike
ал актерлар мен футболистерде керісінше өте жоғары
Бұл тізімге көп уақыты ат үстінде өтетін адамдарды сәйкесінше шабаздоздарды қосуға болады. Әдетте «дәу көкпардан» соң шабандоздарды саунадан тауып аласың…
Бір жағынан әйеліне қауп төнуі мүмкін, бір әйелге қанағаттанбай екінші әйел алғысы кеп жүргенін мәлімдеуі мүмкін…
Соңғы түзету:
bizbike
қойыңызшы, рас па не?
konvict
Осы елдер қалай толады? Маған арман болып жүр қоң жинау
bizbike
Қазақ тамақтану академиясының директоры Шәміл Тәжібаев Қазақстанда 4-9 млн. (ғаламторда дерек әр түрлі) семіз бар дит.
Dzhonsaken
Осы елдер қалай толады? Маған арман болып жүр қоң жинау
Аш қасқырдай тамақ жеп, темір-терсек көтеру керек…
Соңғы түзету:
seyh
жатарда тамақты плотно жеп ал таңертең толып тұрасың ең болмағанда көзің ісіп
Adiletshu
Көп тамақ ішіп аз қимылдасаң семіресең.
MickThatsMyNick
ойбай, мен болашақта «авторитетімді» шығару үшін, залда прессімді шынықтырмай жүрсем..))
Соңғы түзету:
bizbike
Иии, не дейді мыналар? Кеше Қазақстанда отбасылардың 15% (350 мың отбасы) бала сүйе алмай жүр деп айтып жатыр. Жасанды ұрықтандыруды дамыту керек деп.
MERmukhanov
Мен айғырдың жақсысымын. Мақала жазылуы жатық. норм
Sashok
гармон, гаромон
— гормон,
қартайю
— қартаю,
кінәлі сезіп
— кінәлі сезініп,
жиған тергені
— жиған-тергені,
тудырғанған
— тудырған.
Грамматику еще никто не отменил.
Arys_arlany
өзекті тақырып
ерлер өз мүмкіндігінің шыңырау шегі 20-30 жас аралығында екенін естен шығармауы тиіс. Үй, көлік алып, жағдайымды түзеп аламын деп, балалы болуды кейінге қалдырғандар
көкпарда да "өгіз салым" деген бар, 20-30 да үйленбегендер осы "өгіз салымды" көздеп жүрген болар ))))))
ken
Бірақ ең бастысы, ерлер өз мүмкіндігінің шыңырау шегі 20-30 жас аралығында екенін естен шығармауы тиіс
әйелдерде де солай
bizbike
Қазір климакс 30 жаста келіп жатыр дейді ғой.