Құрмет

Кеше бір оқиғаның куәсі болдым. Жұмыстарымды бітіріп болған соң теңізді тамашалап қайтайыншы деп келе жатқам орталық алаңда. Әдеттегідей адамдар сеңдей соғылысып ары-бері жүріп жатыр. Бір кезде бір әуен шықты. Әскери киінген адамдар марш сияқтанған әуенді ойнап жатыр. Жүріп жатқан адамдардың бәрі тоқтай қалып сол әуенге ұйып тұра қалды. Мен де аздап қызықтап тұрдым да кете бердім. Бірақ әлгі адамдар әлі қатып тұр. Құтты бір бала кезде ойнайтын замри ойыны сияқты. Мен ғана жүріп бара жатқан. Әуен аяқталған соң, барлығы орнынан қозғалып өз жөндерімен кетті. Алдымда кетіп бара жатқан оқушылардан сұрап едім, ойналып жатқан ән әнұрандары екен. «Біз әнұранымыз ойналғанда бір орыннан қозғалмай осылай құрмет көрсетеміз. Ал мынау 29 қазан республика күніне дайындық жасап жатқан әскерлер»,- деді.
Жатақханаға келген соң, бұл оқиғаны бөлмедегі қызға айтып едім. «Иә, түріктер осылай құрмет көрсетеді. Мен бірақ олай істемеймін. Себебі мен күртпін ғой» дегені. Басымды шайқадым. Өгейдің аты өгей екен ғой. Ауасын жұтып, нанын жеп жүріп, өй, әкеңнің қызы!
Ал бізде ше, ресми жерлерден бөлек әнұранды естігенде осылай құрмет көрсетеміз бе?







— 1984 жылы Аягөздегі автомектепті «В» категориясы бойынша бітірдім. Күндіз жұмыс істеп, түнгі ауысымда оқыдым. Жүргізу куәлігін алғаннан бері көлік жүргізіп келем. Ол кезде қазіргідей көліктің түр-түрі болған жоқ. «Жигули», «Запорожец», «Москвич», «Волга» және тағы да басқа шектеулі ғана түрі болды. Шаруашылық меңгерушісі маған «Запорожец» көлігін берді. Елдер жаяу келгенше, мен машинамен екі бөшке сыра сатып, жоспарды жақсы орындап жүрдім. Өкімет құлаған жылдан бері таксист болдым, — дейді Оразхан апа өткен-кеткен күндерін есіне алып.
