Ақпарат - ол шектеу

Болашақ математик Джордж Данциг студент кезінде оқуға аса көңіл бөлетін. Кейде сабақ дайындап, түн уағына дейін отырып қалатын еді.
Бір күні ол осындай бір себеппен профессордың дәрісіне 20 минутқа кешігіп келеді. Профессор Нейманның тақтаға жазған қос есебін тез көшіріп алған ол үй тапсырмасы екен деп ойлайды.
Есептерді шығаруға Данцигтің бірнеше күні кетеді. "Әдеттегіден қиынырақ екен" деп ойлаған ол, сонда да шешімін тауып, профессорға әкеп тастайды.

Блог - MERmukhanov: Ақпарат - ол шектеу

Үй тапсырмасын үнсіз алған профессор таңғы алтыда студенттің үйіне баса көктеп кіріп келеді.
… «Балалар, міне, ғасырлар бойы шешілмей тұрған математиканың, дәлірек айтсақ, математикалық статистиканың осындай сұрақтары бар. Сендерге сол есептерді жазып көрсетейін тақтаға» деген профессор біраздан кейін дәрісін тәмамдаған еді. Иә, бір студент кешігіп келді, бірақ онда тұрған не бар?
Ал енді сол есептердің преамбуласын естімей қалған жас азамат жай ғана үй тапсырмасын орындап келді, иә?
Бірнеше күн ішінде ғалымдар жүздеген жылдар бас қатырған, Эйнштейн де таппаған жұмбақтарды тауып келген жас студент жай ғана олардың шешілмес түйін екенін білген де, естіген де жоқ болатын. Есепті шығарсам деген даңқ қысымы да болмады.
Бастысы, оның санасында көп формула сақталған болатын, алайда бұл мүмкін емес деген формула жоқ еді.

Кейде біз алатын ақпарат тек бағыт сілтеу ғана емес, шектеу болатыны да бар, ә?

Бөлісу:

12 пікір

MERmukhanov
Умница Уилл Хантинг деген кинода да айтады осы оқиға жайлы
asaubota
сонда кездейсоқ шешіліп кеткен бе ана бала арқылы?
MERmukhanov
намыстанған шығар, қалай мен домашкіні істей алмайм дажы деп
Аха, ол бала кейін ғалым болыпты. 2005-те қайтыс болды.
Ispek92
Білім базама вкл етіп тастадым
torgai
Керемет ақпарат! Негізі рас, шектеу қоямыз.
neoman
Мықты жігіт, шынымен. Бірақ осы осы типтес әңгімелерде пафос көп, аңыз қылып ойдан қосып қоятын мәлімет те. Мысалы, ол бұл есептерді шығарғанда қарапайым студент емес, докторлық диссертация жазып журген, статистиканы шемішкедей шағатын университет аспиранты болған. Және осы оқиғаны өзі айтып берген, сондықтан имхо біраз әсірелеп жіберген де шығар.

Жалпы, басы қатты істейтін Эйнштейн сияқтыларда нигилизм басым болады, олар өзін бәрінен ақылды көреді, мен шеше алмайтын есеп жоқ деп қарайды. Сондықтан оларды ақпаратпен шектеуге болады деп ойламаймын. Қатардағы адам есепті көрмей тұра беріле салатын да шығар, бірақ қолынан келетіндерге мұндай ақпарат мотивация береді, тіпті.

П.С. Эйнштейн статистиканы қақпайды онша
neoman
Айтпақшы, Асқар Жұмаділдаев та сабақтың үстінде өзі шеше алмаған есептерден беретін. Шығарғандарға ақша тігетін 100-300 доллар шамасында.
MERmukhanov
Айымгүл, юань, от.
Соңғы түзету:
bake
есеп үшін ақша тіккенді кездестірмеппін. Өз басымнан өткен оқиғаны баян етейін. Мұғалім атанған жылы бір қателік жібергенім бар еді. Үй тапсырмасы ретінде қиын есепті беріп жіберіппін. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап жатырмын. Ішімнен қиын тапсырманы бергеніме өкініп тұрмын. Күтегендей есеп шығарған оқушы табылмады. Бірақ бір уақытта бір оқушы орынан атып тұрып: «бұл есеп екі айнымалымен шықпайды, үшінші айнымалы енгізсе»- шешімі табылады деп айтпасы барма. Шын мәнінде солай еді.
Massa
Асқар Жұмаділдаев тақтаға бір есеп жазған, кім шығарса 100 доллар беремін деп. Бір бала шығып есептің шықпайтынын дәлелдеген, профессор да мойындады. Бірақ ақшаны берген жоқ, себебі ол бала (Алдан АлиАмир) есепті шығарған жоқ, тек шықпайтынын дәлелдеді деп.
Massa
Мынандай бір аңыз/әңгіме бар:
Бір профессор студенттерге бір адамның портретін көрсетіп, бұл адам түрмеде отырған дейді. Осы адам туралы студенттердің пікірін сұрағанда, барлығы: түрі қорқынышты, адам өлтіргенге ұқсайды, т.с.с. жамандап береді. Келесі жолы басқа топқа тура сол адамның портретін көрсетіп бұл адам халқына адал қызмет еткен жан болған дейді. Сонда студенттер бір ауыздан портреттегі адамды мақтайды. Міне осылай кейде өмірде біреулердің беріп қойған бағытымен жүретініміз жасырын емес
neoman
www.ams.org/profession/prizes-awards/ams-supported/beal-prize

Осы бәлені де я шығарып, я шықпайтынын дәлелдейтін адам біраз байып қалатынын жеткізу керек. Жақсы мотивация. Маған дейін кім шығарады?)))