Компьютер қалай жұмыс істейді? Жұмыс істеу принциптері

Бұл тақырыпта көптеген мақалалар бар. Осы тақырыпқа тағы оралғым келіп тұрғаны. Оқып шықсаңыз, мені түсінесіз деп ойлаймын.

Қандай жазба болмасын кіріспе, негізгі, соңғы бөлімнен тұрады. Жазбадағы ойдың шарықтауы негізгі немесе соңғы бөлімге сәйкес келеді. Кіріспе бөлімнің мақсаты жазбадағы ойдың шарықтауына дейін оқырман жазбаны оқып жеткенше оның көңілін, ықыласын соған дайындау. Егер мұндай мақаланы оқуға дайындықтың қажеті жоқ десеңіз, бірден негізгі бөлімнен бастап оқыңыз.

Ойлау қабілеті адамға ғана тән. Қазір машина адамның есептеу қабілетімен ғана бәсекеге түседі. Әрине, бұл жетістік машиналардың жетістігі емес. Адамның есептеу жүргізгендегі тәжірибесін машина тетіктерімен орындаттыру. Бірақ компьютермен кино көріп немесе музыка тыңдап отырғанда, оның есептеу мүмкіншілігімен байланыстыру қиын. Есеп дегеніміз не? Сандармен жұмыс. Тағы да, солай жалғастыра беруге болады. Түбінде «жоғарғы» деген ұғыммен қорғалған білім саласына келіп тірелеміз. Қаншалықты білу қажет? Қазір көбінде мынандай әңгімелер көп:
-Оқушыларға өмірге қажеті жоқ көп жайттарды айтады, бойларыңа сіңіреді, одан пайда жоқ,- дейді.
Барлық жауапкершілікпен айта аламын. Орта мектептегі қазіргі информатика сабағы зиян келтірмесе, пайда әкелмейді. Меніңше, компьютер қалай жұмыс істейді деген негізгі сұрақ жауапсыз қала береді.

Негізгі бөлім
Әрі қарай

Қазақтарға отчество керек пе?

Сауалнамадан тыс:

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығметоллин Мәжілістің кезекті бір отырысында бір министрге: «Я извиняюсь, что перебиваю, у меня к вам просьба: вы вот эту комплиментарность в нашем национальном стиле оставьте там для застолий — Уаке, Баке. Если обращаетесь к депутату — то по имени-отчеству, хорошо?»

«Парламент ресми орган, сондықтан ол жерде ресми түрде “обращаться нужно”» депті кейінірек осы жөнінде. Адамға қарата сөйлегенде оның есімін және «вич» жалғанған әкесінің есімін айту — орыс халқының ертеден келе жатқан ұлттық қарата сөйлеу формасы. Сәйкесінше қазіргі кезде ресми түрде де, бейресми түрде де кісіге қарата сөйлегенде орыстар оның есімі мен вичті әкесінің есімін атайды.

Иә, адамның толық аты-жөнін атағанда әкесінің атын атау қазақтарда да кездеседі — Махамбет Өтемісұлы, мәселен (сосын бұл жерде отчество ретінде емес, фамилия ретінде екенін ескеру керек). Бірақ кісіге қарата сөйлегенде әкесінің атын қосып айту қазақтарда жоқ. Ағылшындарда да жоқ, американдарда да жоқ, қытайларда да жоқ. Ендеше Нығметоллиннің ресми түрде «обращайтесь» деп отырған орыстардың обращениесінің ресми формасы (есім+вичті әкесінің есімі) қашаннан бері бізде де ресми түрдегі «обращение» болып белгіленген деген сұрақ туындады менде? Сендерде ше?
Әрі қарай

Кулшылык!!!

Кулшылыктын кім багалар кунын дал?!
Угар болсан, угынып кор, тілімді ал.
Алем халкы кызыгатын багым бар.
Алем халкы торыгатын муным бар................................................!Блог - AknietTanirbergenkyzy: Кулшылык!!!
Әрі қарай

Имидж

Блог - Arys_arlany: Имидж

Имидж сөзін алғаш рет мектеп қабырғасында оқып жүргенде естіп, білгенмін. Ол кездегі қабылдаған түсінігім бойынша имидж дегеніміз: бір әншінің киім кию, шаш қою үлгісі болатын. Бірақ, дәл бұл мағынадан маңызды және көлемді екенін студент кезімде түсіне бастадым. Коммуникация, яғни қарым-қатынастың өркендеп, технологияның адам өміріндегі маңызының күннен күнге еселеп артуы, тасқындаған ақпараттарды қабылдаудың арасында «имидж» ұғымының өзіне қарай ынтықтыруы, онымен кеңірек танысуға алып келді.
Әр адам – өзіне имиджмейкер. Ол өзінің қабілеті мен пайым-парасатына қарай қабылдаған ақпаратымен өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Қазіргі таңдағы қоғамда индивидтің обьективпен қарым-қатынасында тиімді нәтижеге қол жеткізудің кілттерінің бірі дұрыс имидж қалыптастыра білу. Бастапқы сатыдан тиімді қалыптастырылған имидж халықпен тікелей қарым-қатынас жасайтын атқарушы билік саласында жұмыс жасайтын азаматтарға (облыстық және аудандық, жергілікті әкімшілік басқару саласы, ХҚО, саяси партияларда) сонымен қатар, танымал, жағымды тұлғаға айналудың сапалы және оңтайлы тәсілі.
Елімізге «имидж» ұғымы батыс елдерінен келіп кірді. Демократиялық құндылықтарды сыналап бойымызға сіңіріп келе жатқан елімізде «имиджмейкер» саласының маңызы мен болашағы жарқын екені көрініп келеді. Әр адам – жеке тұлға. Бірақ, ол қоғамда елеусіз, танымал болмауы мүмкін. Ал енді, осы қарапайым адамнан танымал тұлға шығаруда имиджмейкерлердің еңбегі «ерекше». Біле білсеңіз, бүкіл әлемді өзіне қаратқан небір танымал президенттер, олигархтар, атақты банкирлер мен депутаттар имиджмейкерлердің «туындысы». Мәселен, француз саяси технологы Жак Сегелді «президент жаратушы» дейді. Ол араласқан 20 сайлау компаниясының 18-і жеңіске жеткен. Әлемдік қауымдастықта баяғыдан-ақ үлкен сұранысқа ие болған имиджмейкерлік қызмет біздің елімізде кенже дамыған. Оған бірнеше себептерді айтуға болады. Біріншіден, саяси-құқықтық сананың төмен болуы, қоғамның демократиялық құндылықтарды толықтай қабылдай алмауы, екіншіден, қоғамда керітартпашылық сананың сіңіп кетуі, одан арыла алмауы, үшіншіден, бойында бар қабілетті дұрыс пайдалана алмау, өзіне сенімсіздік, сонымен бірге, қазіргі таңда қоғамда белең алып кеткен құбылыс жаппай күнкөріс қамын күйттеудің салдары, қоғамды тиімді өркениетке жетелейтін салаға тұсау болуда. Ақпараттық тасқын заманында, өзіңе қажетті мәліметтерді дұрыс таңдап, сіңіре білуде жетістікке жетудің кілтіне айналып отыр.
Қазір бұл қызмет түрі тек, «жұлдыздарға» ғана емес, қарапайым адамдарға да қолжетімді бола бастады. Мысалы, қазіргі таңда жұмыс беруші жақтың жұмысқа қабылдаудың негізгі тәсілі: алдын-ала қойылған талап және үміткермен тікелей сұқбат жүргізу арқылы анықтау. Осы мекемеге жұмысқа тұруға барғанда имиджмейкерлердің көмегіне жүгінгендердің жолы болады. Жалпы, танымал азаматтарға немесе халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы билік басында отырған басшыларға белгілі-бір деңгейде имидж түрі жетіспейтіні ақиқат.
Бесаспап басшы болу үшін не істеу керек? Кәсіпқой маман болу үшін не жетіспейді? Негізінде, имидждің шартты түрі бес тарапқа бөлінеді.
Бербальды имидж. Бір қаланың әкімі балалардың лагердегі жазғы демалысында «салауатты өмір салты» атты балалардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында өтіп жатқан іс-шарада қағазға қарап баяндама оқып тұр. Іс-шара спорт алаңында өтіп жатыр. Әкімнің сөзін тыңдаушы – балалар аудиториясы. Әкім әдеттегідей, спорт саласына арнап пәленбай қаражат бөлініп, мемлекет тарапынан қамқорлық жасағаны туралы мәліметтерді тәптіштеп оқиды. Әлгі балалар тыпыршып, іс-шараға әкелінген жүлделерге қарап, тезірек аяқталуын күтіп отыр. Әкімнің айтып жатқан терминдерін мектеп оқушылары университеттік білім алғанда ғана түсінуі мүмкін. Осы орайда әкімдерге қай аудиторияда «қағазға қарап» баяндама оқу керек, қай жерге мүлдем керегі жоқ екені туралы кеңес беретін адам жоқтың қасы. Мұны вербальді имидж дейді.
Оның ішінде сөйлеу, дыбыстық компотенттері (оның сөйлесу, асықпай сөйлеу, дикцияны қалытастыру) жатады. Бастапқыда үлкен қателік болып көрінбейтін мұндай жәйіт, әкімнің жеке басының құндылығына кері әсерін тигізеді. Жалпы, басшыларға қалай десек те, шешендік өнер жетіспейді.

Блог - Arys_arlany: Имидж
Суретті мына сілтемеден алдым. art-ploshadka.yvision.kz/
Пысы: қызығып жатсаңыздар айтыңыздар, жалғасын жариялаймын. жалғасы осында
Әрі қарай

Тегін 86 Элегант тема!

Wordpress: Тегін 86 Элегант тема!

Elegant Themes атты студиядан 1 жыл бұрын абоненттік алған едім. 1 жылда 86 Wordpress темасын тегін түсіріп алуға мүмкіндік берді. Енді сол темаларды сіздерге ұсынамын. Wordpress-пен жасалған жобаларыңызға қолдана аласыздар.

Темаларды мына жерден қарап көрулеріңізге болады: elegantthemes.com/gallery

Барлық 86 теманы түсіріп алу үшін мына жерді басыңыз.

Егер рахмет айтқыңыз келсе осы посттың сілтемесін әлеуметтік желілерде бөліссеңіз болғаны
Әрі қарай

IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп

  • KazNET
KazNET: IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп
IT маман немесе қазақша айтқанда айтишниктер де қоғамның бір бөлшегі. 95 пайызы еркек жынысынан құралатын бұл санаттағы адамдар әлбетте басқа адамдар сияқты үйленеді, отбасы құрып балалы болады. Олар да адам екендерін еске алып тұрады. Бірақ әлі тұрмыс құрмаған қыздарға айтар кеңесім — бұл типтерге күйеуге шықпаңдар! Білместікпен айтишникпен тұрмыс құрып қойғандар енді ештеңе өзгерте алмайды, тағдырларына мойынсұнып жүре бермек. Адам 3 күннен кейін көрге де үйренеді дегендей олар да үйреніп кетеді. Дегенмен кейін «жігіт кезінде жақсы еді, жаман күйеу қайдан шықты?» деп жүрмес үшін оларға үйленбеудің мына себептерімен таныс болыңыздар:

1. Түнде ұйықтамайды

Түнімен ұйықтамай компьютер басында отырады да, ертеңіне түске дейін ұйықтайды. Таңертең үйге біреу келіп қалса залда қорылдап ұйықтап жатқан «аю» ыңғайсыздық танытуы мүмкін. Әлбетте түске дейін ешқайда да шыға алмайсыз, барлық жоспарлар тек түстен кейінге қалады.

2. Әңгімелеспейді
Айтишниктер жарытып әңгіме айтпайды, оларға одан да әлеуметтік желідегі соңғы коменттер қызығырақ. Сізді тыңдап отырғандай кейіп танытса да, ішінен «ана постыма анау пікір жазды ма екен?, мен оған қазір былай деп жауап беремін» деп ойлап отырады. Жалпы сөйлесу тақырыптары өте тар.

3. Өз өзіне қарамайды

Шаш, тырнақ сияқты нәрселерге тек аса маңызды жерлерге барар алдында ғана мән беріледі. Оған дейін жабайы адам кейпінде өмір сүре береді. Киім киісі де нашар. Тойға өзіңіз киіндіріп апармасаңыз футболка мен тізесі шыққан джинсы киіп келіп тұруы әбден мүмкін.

4. Салауатсыз өмір салтын ұстанады
Ішед, шегед. Спортпен әрине айналыспайды. Оған уақыт құртқанша бір сағат болса да комп басында өткізгенді тәуір көреді. Достары да сондай.

5. Балаларға қарамайды
Бала тәрбиесімен ұзақ уақыт айналысатын, олармен көп ойнайтын айтишник көрдіңіз бе? Егер көрген болсаңыз демек оның интернеті бітіп қалды деген сөз немесе техникаларында ақау бар. Сондай кезде адам екені естеріне түседі.

6. Дұрыс тамақ ішпейді
Жасаған тамағыңызға комплимент айтпауы мүмкін. Тамақ ол үшін тек қарын тойдыратын құрал ғана. Шәйді да 2 кеседен артық ішсе рахмет айтыңыз.

Әр нәрсенің плюсі мен минусы болады дегендей бұлардың да жақсы тұстары бар. Мысалы адалдық. Бұлар басқа әлемде өмір сүріп жүргендей болғанымен негізінде отбасыны асыраушы негізгі күш екенін түйсіктерімен сезеді. Пәлендей көп ақша таппаса да тапқанын отбасына жұмсайды. Полигамдық сезімдерден ада болғандықтан көңілдес те ұстамайды. Бір әйел жетеді оған. Демалыс күндері үйде отыратын болғасын балаларды және үйді сеніп тастап кетуіңізге әбден болады. Көп шығыны да жоқ, бар затын киіп жүре береді.
Әрі қарай

Күнделікті күйбеңдегі "оқушы" (студенттер). Адам табиғаты: біз әртүрліміз. Адамдардың бір -біріне жақындығы

Блог - bake: Күнделікті күйбеңдегі оқушы (студенттер). Адам табиғаты: біз әртүрліміз. Адамдардың бір -біріне жақындығы
Бір күні маған сұрақ қойды:
-Аға, қазір анау –мынау дегендер көп. Секталар, ағымдар, қозғалыстар дейді. Солардың біріне қосылып кетпеуі үшін не істеу керек?
Сұрағына жауап беру үшін ойша жан –жағыма қарадым. Жауабы да келе қалды:
-Жан –жанғыңа қарашы, көпшілік адам не істеп жүр? Бұл қоғам. Оны жақсартуға немесе жамандыққа толтыруға болады. Қоғамның ортасында және сол, оң жақ шетінде жүретіндерге бөлінеді. Бірақ осы қоғамнан бөлініп шығып, жаңасын құрамын деме. Бәрібір осы қоғамға қайтып келесің. Егер қоғамда өміріңді жақсартамын десең, оның ілгері қатарыңда бол. Артыңнан ергенді жетеле. Осы түсінсең, ешқандай сектаға, ілімге, қозғалысқа ілеспейсің. Тіпті белгісіз себептермен тұзақтарына түссең де, көзің ашыла салысымен одан құтыласың, -дедім.
Жауабын бердім де, ішімнен ойланып келемін:
Әрі қарай

Шайтанды жеңген бала

Әкем аудандық, облыстық жарыстарда бәйге алып жүрген ауданға белгілі шахматшы. Өзінің шахматтас шалдары бар. Блог - nursy: Шайтанды жеңген балаАт беріп ойнап, бәрін жеңіп отырады. Бүгін де дастархан басында бәріміз жинала қалдық.
— Алыңыз, алыңыз, Мәке. Бұл — шайтанды жеңген Мәкең ғой,- деп қалды Мәкеңе жиендігі бар жастауы.
Бәріміз елең ете қалдық.
— Он алты-он жеті жастағы кезім,- деп Мәкең әңгімесін бастады. — Әкем көрші ауылға жұмсады. Елсіз құмды дала. Атыммен шауып келем. Жолай иесіз қыстау бар. Жақындай бере қыстаудың алдында тұрған ауылдас Қазым ақсақалды көрдім. Қасына барып, атымнан түсіп, амандастым. Ол әй-шәйға қарамай:
— Әй, бала, күресесің бе?- деді. «Нағашылы-жиендігі жоқ үлкен кісінің күресесің бесі несі?»- деп ойлап жатпастан, күресе жөнелдім. Екеуіміз әрі-бері алысып, бір-бірімізді ала алмай, ұзақ күрестік. Ақыры болмағасын, тарқастық. Атыма мініп, қош айтысып жүріп бара жатып, артыма қарасам, ол маған асқан бір суық көзбен қарап тұр екен. «Япырмай, мен бұл кісіге не жазып қалдым? Күресесің бе деген өзі» деп ойладым. Шауып келем. Алыстан бір қара көрінді. Құйындай ұшқан ақ боз ат көзді ашып жұмғанша қасымнан өте шықты. Бір мезгілде аспанда ұшқан аққу көрінді. Ол анадай жерге барып қонды. Діттеген жеріме жетіп, шаруамды бітіріп, үйге қайттым. Әкем сыртта жүр екен. Оған иесіз қыстаудан Қазым ақсақалды көргенімді, екеуіміздің күрескенімізді айтып, үйге кіріп кеттім. Кірісімен жатып қалдым. Ұйқыдан оянсам, үй іші толған адам. "Құдай баланы мықтап сақтаған екен",- деп жатыр біреу әкеме. Әкем Қазым ақсақалды көріпті. Сол күні ол ауылдан ешқайда шықпаған екен,- деп Мәкең де әңгімесін аяқтады, біз де ет жеп болып, орнымыздан тұрдық.