Қазақтарға отчество керек пе?

Сауалнамадан тыс:

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығметоллин Мәжілістің кезекті бір отырысында бір министрге: «Я извиняюсь, что перебиваю, у меня к вам просьба: вы вот эту комплиментарность в нашем национальном стиле оставьте там для застолий — Уаке, Баке. Если обращаетесь к депутату — то по имени-отчеству, хорошо?»

«Парламент ресми орган, сондықтан ол жерде ресми түрде “обращаться нужно”» депті кейінірек осы жөнінде. Адамға қарата сөйлегенде оның есімін және «вич» жалғанған әкесінің есімін айту — орыс халқының ертеден келе жатқан ұлттық қарата сөйлеу формасы. Сәйкесінше қазіргі кезде ресми түрде де, бейресми түрде де кісіге қарата сөйлегенде орыстар оның есімі мен вичті әкесінің есімін атайды.

Иә, адамның толық аты-жөнін атағанда әкесінің атын атау қазақтарда да кездеседі — Махамбет Өтемісұлы, мәселен (сосын бұл жерде отчество ретінде емес, фамилия ретінде екенін ескеру керек). Бірақ кісіге қарата сөйлегенде әкесінің атын қосып айту қазақтарда жоқ. Ағылшындарда да жоқ, американдарда да жоқ, қытайларда да жоқ. Ендеше Нығметоллиннің ресми түрде «обращайтесь» деп отырған орыстардың обращениесінің ресми формасы (есім+вичті әкесінің есімі) қашаннан бері бізде де ресми түрдегі «обращение» болып белгіленген деген сұрақ туындады менде? Сендерде ше?

Қазақтарға отчество керек пе?

Бөлісу:

19 пікір

ken
керек па
007
керек сияқты,,, егер қазақша ұлы,қызы деп айтатын болсақ әдемі естіледі, Бізде Удан келетіннің бәрі Уәке, Б дан келетіннің бәрі Бәке, ресми қарым — қатынаста Уәке, Бәке дегенде бәрі қарайдығо қай Бәке қай Уәкеге айтып отырғанын өздері түсінбей
ken
ұлы, қызы әдемі естіледі деп фамилия түріндегіні айтып отырсың ба, әлде қаратпа форма (форма обращения) ретінде қолдануды айтасың ба?
007
қаратпа форма ретінде айтып отырм,,, фамилияға ыңғайына қарай ов жалғауын қосып немесе қоспай жаздырған жақсы деп ойлаймын
ken
орыстың дәстүрлі қаратпа формасы қалу керек дейсің ғой. ойың түсінікті.
MamaAya
керек, бізде Пәленше апай или Түгенше ағай делінеді, негізі ендірген дұрыс қой, ресми қатынаста, туыстық қатынаста-ақ аға, апа, тәте, көке дей береміз ғой.
ken
Пәленше ханым, Түгенше мырза деуге не кедергі?

"ұстаз" деуге болады мұғалімдерді.
Шымда «апай/ағай» десе Павлодарда қазақ мектептерде «мұғалім» дейді.
Соңғы түзету:
MamaAya
білмеймін маған ханым деп айтса біртүрлі қабылдайтын сияқтымын (Айым ханым, екеуі де меншіктеп айтылатын болған сон ба? ), түріктер солай атайтын сияқты, ал бізге Айым .......қызы десе әдемірек естілер де, қабылданар да еді, менің ойымша.
ken
Сен де ОО7 секілді түрки формадан көрі славяни форманы жақын көреді екенсің. Сауалнамаға қатысқаныңа рахмет.
MickThatsMyNick
Керек емес сияқты. Көптеген белгілі тұлғалардың жөндері әкелерінің есімдерімен қойылған. Менің ойымша, жеке куәлікте ат пен жөн болған дұрыс, ал әкесінің атын қайда жібереміз десек, оны "ұлы", "қызы" деп жалғап фамилия орнына жазып жіберуге болады. Еншісіне жаңа туылған сәбилерге қазақи, ерекше, қайталанбас есімдер қойылып, жөндерінде «ов» «ев» жалғаулары болмайды. Немесе жөнді алып тастап, тек есім мен тегін қалдырған жөн.
ПыСы: Қазақтың бай сөздерін-ай, бір сөздің өзі бірнеше мағынаны білдіреді.))
Adiletshu
Фамилия деген жерге «Түгеншеұлы» болып жазылсын. Біреу біреуді қаратқысы келсе «Пәленше Түгеншеұлы» деп фамилиясын қосып айта берсін.
temir1986
Бірде мекемемізде осы туралы таласып қалдық. Сонда байқайтыным Бәленше Түгеншеұлын жақтайтындар орысты да керемет жақсы көреді екен. Әсіресе әйелдер. Ал өзім үлкен кісі болса аға, апа кез келген жерде қосып айтам. Қатар, тұстас, жұмыстас адамдарға Бәке, Сәкені қолданам. Себебі өзіңнен үлкен кісіні атын бадырайта айту тіпті ыңғайсыз. Сыйламастық қой. Сосын көпшілік ортада сөздің қай Бәкеге қатысты екені дауыс ырғағына, сұрақтың- жауаптың берілу ретіне қарай анықталады ғой. Одан жаңылтпаш жасау не керек. Екінші Нығматуллин болсын сол қатардағы кісілерге өзім тіпті сенбеймін. Нағыз орысқұлдар. Себебі олар 100 адамның 99 қазақ болып, 1 орыс болса әлгі аққұлақ ренжіп қалады деп орысша сөйлейтіндер.
ken
Отчество болу керек дейтіндерге:

Ұжымыңда шетелдіктер бар дейік. Оларды да отчествомен қаратасың ба? Отчествосын қоса айтып қаратасың деп ойламаймын. «Оларда ондай жоқ» деп түсіндіретін шығарсың бұны. Сол секілді бізде де болмаған нәрсе емес пе?
Ispek92
Өз тасым қолдамаймын. Алайда, мемлекеттің тасы басқаша ойлайды екен, менің кінәм не? Өз шашымнан 2017 жылы ауыстырылатын паспортыма қазақша етіп жаздырып аламын, ақшасын төлесем де, кесіп алыңдар депутаттар тасымды
omarbirat
Наққа керек емес. Іскерлік қарым-қатынас ұстанғысы келе ме, «мырза, „ханым“ деп сөйлесін.
Қазір туып жатқан балалардың көбінің фамилиясына „-ов“ жалғанбайтындықтан, оқушыларды фамилиясымен атау практикасын да алып тастау керек деп ойлаймын. Баланы атасының атымен атау бір түрлі ғой  Фамилияны тек бірнеше бала аттас болғанда айтсын.
araika
Керек емес, бұл бір жағынан көбәріп). Мен түсінбеймін, қазір -ов,-ова,-ев,-ева-ларды алдырып тастады, содан не жақсарып жатқанын? Оның орнына, -ұлы, -қызы деп жазар болса, отчествоның өзі-ақ алынып қалар еді.

Мысалы, менде отчество жоқ. Рахатизм
SaZhaM
ken мырзаның жазғандарына толықтай қосыламын. Сонау 1997 жылдары алғашқы төлқұжат алатын кезде сыныбымызда ең бірінші болып орыстың жалғауынан өзім ғана арылып қоймай, сыныптастарымды да соған шақырып едім. Қыздар есімде жоқ, ал 13 ұлдың 12-сі келіскен болатын (біреуінің тегі Қарабалин еді). Орыс жалғауынан арылдық деп, несібемізден айырылған жоқпыз, шүкір.
...Ұлдарымның тегін әкемнің атымен (әрине, жалғаусыз) қойып, қыздарыма есімі мен түгеншеқызы деп жаздырып жатырмын.
Ресми жерлерде есімінің артына мырза, ханымды қосып айтса да болады, Мәке, Сәкеде де тұрған ештеңе жоқ. Ал Нығматуллиндікі аққұлақтарға деген жағымпаздық, басқа ұлт өкілдері алдында өзіміздің қазақ баласын жығып беріп отырған сатқындық (оңаша да айтуға болар еді ғой)!
Соңғы түзету:
VKM
Керек емес, меніңше. Ұлттық ерекшелік ғой: Мәке, Жәке… не ағай, апай деп сөйлеу
bizbike
Мысалы халықаралық ұжымда жер-жерден келгендер көп. Бәленше апа десем, ол апа дегеніме ренжуі мүмкін, шетелдіктерге тіпті айта алмайсың тегін қосып, сондықтан меніңше жай ғана есімін айтқан дұрыс сияқты.