Күнделікті күйбеңдегі "оқушы" (студенттер). Адам табиғаты: біз әртүрліміз. Адамдардың бір -біріне жақындығы

Блог - bake: Күнделікті күйбеңдегі оқушы (студенттер). Адам табиғаты: біз әртүрліміз. Адамдардың бір -біріне жақындығы
Бір күні маған сұрақ қойды:
-Аға, қазір анау –мынау дегендер көп. Секталар, ағымдар, қозғалыстар дейді. Солардың біріне қосылып кетпеуі үшін не істеу керек?
Сұрағына жауап беру үшін ойша жан –жағыма қарадым. Жауабы да келе қалды:
-Жан –жанғыңа қарашы, көпшілік адам не істеп жүр? Бұл қоғам. Оны жақсартуға немесе жамандыққа толтыруға болады. Қоғамның ортасында және сол, оң жақ шетінде жүретіндерге бөлінеді. Бірақ осы қоғамнан бөлініп шығып, жаңасын құрамын деме. Бәрібір осы қоғамға қайтып келесің. Егер қоғамда өміріңді жақсартамын десең, оның ілгері қатарыңда бол. Артыңнан ергенді жетеле. Осы түсінсең, ешқандай сектаға, ілімге, қозғалысқа ілеспейсің. Тіпті белгісіз себептермен тұзақтарына түссең де, көзің ашыла салысымен одан құтыласың, -дедім.
Жауабын бердім де, ішімнен ойланып келемін:
-Күйбеңдеген өмірдің тырбың –тырбыңынан бас көтерілмесе, онда қайсы бағытқа кетіп қаламыз?
Адам табиғатын түсінбегендіктен туындаған сұрақтар ғой.
-Біз әртүрліміз. Әртүрлі қабылдаймыз. Бәріміз бірдей қабылдауымыз мүмкін емес, -дейді.
-Онда не үшін ережелерді ойлап тапты? Жол ережесін не үшін ойлап тапқанын «түсінбеймін» деген де жоқ шығар. Иә, сендер, әртүрлісіңдер. Бірақ бәріңе ортақ: теледидардан көрген кино, киінген киім, еститін өлеңдер. Жолаушылар таситын автобус ішінде бәрің жолаушы бола аласыңдар, жолаушының ережесін ұстанасыңдар. Тағы қайталайын замандарың бір. Бір -біріңе құрдас, замандассыңдар. Әртүрлілік сендердің табиғаттарыңда. Сол табиғаттарыңды түсіне білсеңдер, өмірдің қойған көптеген сұрақтарына жауап өз -өзінен табылады.
-Адам табиғаты дегеніміз не?
-Қысқа жауап қайырайын. Саясат деген ұғымды қатыстырмасақ, онда келесі жайттарға келісуге болады. Көпшіліктің бойындағы табиғаты қазіргі әлем туралы ілімді қабылдайды. Қабылдамайтыны да болады. Сондықтан жүйке ауруларын емдейтін мекемелер, қылмыс жасаса, бас бостандығын айырып, қоғамнан оқшаулау мекемесі бар. Мұндай мекемелер қоғамдағы тепе -теңдікті ұстайды. Қоғамның басты мақсаты -әр мүшесінің өмір кешуіне «жайлы жағдай» жасау.
Жан –жағымызға қарасақ, көпшілігіміз ондай мекемелерде емеспіз. Әрине, солай дұрыс екенін дәлелдеп қажеті жоқ. Сондықтан қазір сіздер оқушысыздар. Мына қоршаған әлемді ортақ көзқараспен қабылдау үшін оқисыңдар. Әрқайсыңа ғана бейім мамандыққа үйрету мүмкін емес, әйтпесе, неше адам болса сонша мамандық болуы тиіс. Әрине олай болмайды. Сондықтан топтастырып оқисыңдар. Қазіргі қоғам тек сіздерге осыны ұсына алады. «Адам табиғаты нені қабылдайды, нені қабылдамайды» деп терең қарастыратын болсақ, бұл жеке пәлсафалық тақырып. Сіздердің табиғаттарыңыздың әртүрлілігі тыңдаған музыкада, көрген киноларыңызда, киген киімдеріңізде білінеді. Кейбіреуіңіз саналы түрде өз мамандықтарыңызды таңдасаңыздар, ол да сіздің табиғатыңыздың ерекшелігі. Бірақ та адам баласының табиғаты бір –бірінен өте алыс бола алмайды. Онда адам емес жаңа бір адамға ұқсас түрі пайда болғаны туралы қорытынды жасауға болады.

P.S.: Асығыс жазылған жазба еді, тек кешкісінде қатесін түзеттім. Ерікті редактор болған қасымдағы қолғанат адамға алғысымды білдіремін. Дер кезде жазбасаң түсі, түрі өзгеріп кетеді.
Бөлісу:

3 пікір

Arys_arlany
Қай саланың маманы боласыз, құпия болмаса
bake
құпия емес, әлі анықтай алмай жүрмін соны. Негізгі жұмыс бабы бойынша қатардағы мұғалім болып саналамын)) Кәсіби санатым -механик
MickThatsMyNick
Цесна банкінің жарнамасындағыдай түсіндірген екенсіз ғой, барлығы қоғамға пайда келтіру керек деп  
Адам баласының параметрлері әр түрлі болса да, ортақ ниеттері түзу болсын деп тілейік. жақсы бар жерде жаман болады, сұлу бар жерде ұсқынсыз болады, егер осылардың арасындағы шекараны алып тастасақ, адам жасаған шешімін түсіндіре алмай дал болады.