Өгей сезімге саяхат (өткен өмірден бір елес)

Есіме түсе қалса түсімнен шошынып оянамын демей-ақ қояйын, бірақ тұла бойымды өткінші бір сезім билеп, қиялдап кететінім рас. Ойлана-ойлана ойдың шыңына шыққан кездерде махаббат сезімінің бойымда бір ақ рет болғандай сезінемін. Әңгіменің әрін қашыра беріп қайтейін, одан да ұлы сезімге беріліп, сергелдең күй кешкен жанның хикаясын баяндап бергенім дұрыс болар.

Көктемнің кәдімгі күндерден еш айырмасыз бір күнінде көрші үйіне туыс ағайындары келіп жатыр. Ауыл үйі аралас, қойы қоралас бола беретіні о бастан белгілі жайт, көрші үйіне бас сұққанымда имене жылжып орын берген қонақ қыздың көзқарасы есеңгіретіп кеткендей болды. Не де болса еш кірбіңсіз көңілден әңгіме айтып, танысып-білісіп, кешке ауыл көшесіне шығуға көндіріп қайттым. Дене – басымды сол кезден бастап өзгеше сезім баурап алғанын кімнен жасырайын?! Сол кездерде ғана күткен уақытта күннің де ұзарып кететініне, ұнатқан адамың үшін қолыңнан келгенін еш күмәнсіз жасай алатыныңа(достарымның айтуынша), шын сезім билегенде кісі есалаң күйге түсетініне шүбәсіз сенген болатынмын.
Күткен кешіміз де жетті ау. Сезімім де жасырынып қала алмады. Бар күш-жігерді жиып, ойымдағының бәрін ақтарып салдым. Түсінемін, маған да өз сезіміңнің бар екендігін айттың. Ол кезде оныңның уақытша екенін білсемші. Дүние, өмір мен үшін аса маңызды болып көрінген еді сонда.
Қонақ та қашанғы қонақ. Ертеңіне өз үйіңе, өз қалаңа қайтпақ болдың. Жүрек…. Жібергім келмеді. Қалуыңды өтіндім. Қимадым. Қатты сүйіп қалғанымды сол уақыттарда түсінген сияқтымын. Екі күнге қала алатыныңды жеткіздің. Сондағы қуаныштың орны бөлек шығар. Сол күні кешкісін отырыс болды. Сондағы қыз-жігіттердің ішінде өзін аса бақытты санаған екеуміз емес пе едік?! Мен үшін шығар деп ойлаймын өзіңді де біраз қырыңнан таныта білдің. Иә, бәрі, бәрі уақытша екен ғой өмірде.
Ол уақыт менің жұмысқа енді орналасып жатқан уақытым болатын. Жұмыс жасауды ұмыт қалдырып, сенің елесіңді құшып кететінмін. Не керек, уақыт жетті. Қайтатын болдың. Қимай қоштастық. Ауылда қалып қоя бердім. Мен үшін ұялы телефон адам өмірін ұзарта түсетін аппаратқа айналғандай.
Арада айдан аса уақыттан соң, ұзақ жерде тұратыныңды желеу еттің бе, басқа қалада тұратыныңды айтып, көңілің суыды ма тек дос болып қалуды өтіндің. Әрине арамыз жақын болып, көрісіп тұрғанда басқаша болар ма еді кім білсін.
Құрметті оқырман мен жайлы қалай ойласаңыз да мен дәл сол уақыттарда қатыгез, жексұрын жанға айналып бара жатқандай сезіндім. Біреудің ойнап айтқан сөздері үшін ашу-ызамды солардан алғанымды да жасырмай ақ қояйын. Тіпті, өзімнен өзім айқайлағым, жылағым, жаман жолға түскім келетін сияқты. Бірақ оның бәрінің қалай болатынын білмейді емеспін., Тек бар білгенім, қолымнан келгені мынау болған еді:

Сені көрдім, басыла алмай, жүрек шіркін дір етті,
Сонда да сен аямадың, жаралы бұл жүректі.
Жүрмек түгіл, айтар едім мәңгілікке ұсыныс,
Тарттың алға, болмашы бір, әншейін себепті.

Неге мені тайғақ жолға, әлсіз күйге түсірдің,
Сені көріп бұл өмірдің құндылығын түсіндім.
Ренжіме деп қойып қалдың үнсіз ғана жымиып,
Одан маған бір сөзді емес, бар қайғыны ұсындың.

Не мән қалар жүре берсем түсініксіз, осылай!!!
Жүрегімді ауырттың ғой бір болуға қосылмай.
Егер қисаң жүрегіңнің бір бұрышын түсініп,
Айтар едім: — Жанымда бол!, мәңгілік,-деп тосылмай!

Күндіз күлкі, түнде ұйқы, еркіндіктен қалдым ғой,
Үнсіз кетсең осылай сен, мен есімнен тандым ғой.
Күтем сені, күте берем, күте берем жалықпай,
Неге? Неге? Неге жаным! Мені әуреге салдың ғой!!!

… Ұмыта алмадым. Басқа жанға барып тұрып, көз алдыма сенің бейнеңді елестететінмін. Кездесе қалған қызды өзіңмен салыстырып бітетін едім. Өзіңді артық қоятынмын сонда да. Одан бері жылдан аса уақыт та өтіп кетіпті ғой…
Көрші жолдасым сен тұратын қалаға бармақ болды. Менің де бірге жүруімді сұрады. Мен ол уақытта басқа жанмен сөз байласып жүргем. Бірақ, сағыныш қой деймін, өзіңді бір рет көргім келді. Қасымдағы жолдасымды әуелі сенің үйіңе соғып шығуын сұрап көндіріп те қойдым. Не пайда? Үйіңде болмай шықтың. Соңғы үмітім үзілгендей, есігіңнің алдында тұрып телефоныңа қоңырау соқтым. Мазақ қылғандай жігітіңмен бірге жақын маңда тұрғаныңды айтып, кешірім сұрап, жігітіңмен таныстыратыныңды айттың. Жо-оқ, қазақы қыңырлыққа салып, бұл менің соңғы қоңырау соғуым екендігін айтып, нөміріңді өшіріп тастадым. Бірақ ол жүректе сақтаулы еді. Мейлі, сыртыңнан бақытты болуыңды тілеп қайтқан болатынмын сол жолы.

Айтқандай, жақында мүлде бейтаныс біреуге, көрмеген адамыңның алып қашуының құрбаны болып үйленіп кеткеніңді естідім. Қазір енді бақытты ма екенсің? Менің тілерім адал бақ пен бақыт қана.

Салды ма көзің көңліме жалын, қара дақ,
Қалды ма жүзің, кетсең де алыс тым ұзап.
Көлеңке елес қалмай да қойды күн ұзақ,
Жүректің кеттің жартысын алып, жаралап.

Сен кеттің, қалдым, болған соң бақты аралап,
Жібермей көзім, ойым да жатыр саралап.
Тілеймін саған ашық та, анық даңғыл жол,
Боларсың тапқан аралап жүрер жаңа бақ!
Әрі қарай

Сабақтастық – Бірізділік – Ұлы мақсат !!!

Блог - Danazhar: Сабақтастық – Бірізділік – Ұлы мақсат !!!

ҚҰРМЕТТІ ИСІ ҚАЗАҚ ЖАНЫ АЗАТ БАУЫРЛАР!!!

Қазақ хандығы – Алаш үкіметі – Желтоқсан – 1991ж.

Бұл мейрам азаттық жолының бел ортасы.

АЛАШ ҮКІМЕТІ

Алаш үкіметі құрылмағанда Қазақ елі сол «степной край» есебінде қалар-тын.
Тәуелсіздіктің таңы атқалы ғылым атасы саналатұғын тарих атаулыны еске алу жер -жерлерде көңілі тірі есті азаматтарымыз тіліне басқанын ісіне қосқанын жиі байқаушы едік ендігі бір серпін мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің баяндамасынан кейін байқалды. Қуантарлық жайт! Алайда ауыздан ауызға, адамнан адамға берілетін «ұлт» сөзінің астарын, мән-мағынасын сипаттайтын болмыс/түсінік атадан балаға мирас етілу дәстүрі Ұлы Даланы мекендеушілерінде ғана санадан санаға, тілден тілге, көзден көзге таралуы ерекше мәнге ие болған. Кітап білімнің кілті. Рас! Кітап оқып біліміңді толықтыру орынды, бірақ оқығаныңды тоқып, қорытқаның мен түйгеніңді саралай саналай келер ұрпаққа із ету ардақтырақ! Сол себепті де жер бетіндегі ең абыройлы мамандық – ұстаз! Мұны да ескерген Азат ерлер — кемі қырық ғасыр Дештіні мекен еткен бабалар ойын, санасын, ақылын, ұлтты құраушы әрбір бабын жалғыз шырақ сәулесімен киіз үйде және жусаны мол жайлауда кең отырыс, мәжілісте мансап пен байлықтан артық көрген ат үстіндегі жасампаз тарихын ата балаға мирас етсе бала атадан аманат тапқан. Дәл осы дәстүр бұл күнде сиреуде… Кешегі кек қуар бүгінгі нан табарлар — әкенің балаға айтқан әр өсиеті бір мектеп екенін ескеріп өмірдің мәні адам тәрбиелеу екенін есте ұстайық! Нарықтың заңы екен деп әлеуметтік торға шырмалу жарамас… күндік несібеңнен Жаратқанда құр айырмас! Айналайын ағайын, нан табу қолыңнан келетіні күмәнсіз, тек сол нанды не үшін тауып жүргеніңді жадыңа жаттап, ұмытпағайсың...!!!
Әрі қарай

Секундтық... ...қас-қағымда

Қайта көргім келеді, сырласып тым.
Айта бергім келеді, шын ғашықпын.
Таң сәріде түсімде, елесіңмен,
Қол ұстасып шыңға шықтым.
Сол кезде жырлатыппын.
Уақытымды зырлатып тым,
Үн қатыппын:

«Қош келдің!
Күрсінбеші күрсін бе.
Шынымен де мені іздеп жүрсің бе?
Қуанттың ғой жарығым, келіп қайта,
О жүрегім, дүрсілде енді, дүрсілде.

Естідің бе, дірілді кеудедегі?
Себебі бар сезімім кеудеге енді.
Өшпейтін, өзгеге көшпейтін сол
Жүрегім, жүрек болсын сендегі енді.»

— деп, жыр төгіп жатқанымда,
Атқан екен ақ таңым да.
Шыр етіп сағат соқты,
Секудттық сол қасқағымда.

Самат Жүзбергенов
Студенттер жатақхана, сағат: 04:58
Әрі қарай

Бүгінгінің сәні

Қазіргі таңда жастарымыз түгелі ерексектеріміздің өзінің есін алып, бар ойын баурап алып жүреген сән үлгілерінің бірі ұялы телефон мен құлаққап болып отыр. Әркім өзімен-өзі, өз әлемі мен виртуалды өмірдің жетегінде кеткен. Айналасында болып жатқан жағдайларға бейжай, енжар қарайды. Тіпті бөлек бір ғаламшардан, өзге әлемнен келгендей. Сөйтсек, бұл «ғаламтор» атты әлемге енген, қоғамда болып жатқан өзектілерден бейхабар даңғырлаған дыбысқа елтіген сіз бен біз екенбіз…
Әркімнің қалтасында интернеті қосылған, шамасы келгенше соңғы үлгідегі екі-үш ұялы телефон мен бірнеше «наушник». Бәріміздің өміріміз осы бір «қасиетті» құралдың айналасында өрбитіндей. Бір нәрседен құр қалғандай қайталай жалтақ-жалтақ қарайлап, қайта-қайта қолға аламыз. Жо-жоқ, біздің ең тиімді деп танылған байланыс құралдарына деген ешбір қарсылығымыз жоқ. Тіпті осы «сотка», «наушник», ғаламтор деген дүниелерді ойлап тапқан жандарға мың алғыс, бірақ мәселе басқада екенін есте ұстайық. Мәселе – медицина мамандарының жан айқайымен айтылып жүрген заманауи құрылғылардың адамдарға тигізер кері әсерлері.
Елімізде 150 мыңға жуық жан көз жанары бойынша мүгедектік алса, тура осынша адам есту қабілетінің төмендеуінен зардап шегуде. Ендеше, көздері нашар көретін және есту қабілетінен айрылған жанндардың неге жылдан-жылға көбейіп бара жатқанына бір сәт болсада көз жүгітіп көрдіңіз бе? Міне ағайын осылар жайын да ойланып, жан-жанқты зерттеулер жасап қарасаңыз бұл туралы да өз жауабыңызды алған болар едіңіз. Бұл түйткіл бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей қатысты. Баланы алдау үшін қолына ұялы телефонды ұстата салатынымыз рас. Бірінші сыныпқа бармай жатып «сотка алып бер» деп қиғылық салады бүгігінің ұлы мен қызы. Осы жастан бастап оқушылық, студенттік кезеңдерінің барлығында да жоғарыда аталғандай ұялы телефон мен құлаққапқа сүйеніп алған жастарымызды көреміз. Жатса тұрсада қолдан түсірмей, сабақ оқып, тамақ ішсе де қолдан түсірмей соған үңіліп отырғандығын аңғарамыз.
Жақында ғалымдар тәжірибе жасап әуендердің дауыс ырғағы нәтижесінде автокөлік айдау кезінде ең қауіпті әуендердің тізбегін жасаған екен. «өте шулы және жылдам әуендер пульсті жиілетеді. Бұл факторлар жүргізушінің көлік айдауға емес, музыкаға көп көңіл бөлуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар әуеннің жылдам ырғағы рульде отырған адамның көлік жылдамдығын арттыруына себеп болады» деп пайымдаған ғалымдар. Осының нәтижесінде сарапшылар дауыс ырғағы 60-80 соққыдан аспайтын әуендер тыңдаған жөн деп есептейді.
Әрине біз барлық жамандық атаулыны заманауи құралдардан көріп отырған жоқпыз. Оны жасап шыңғаратын да, қолданатын да, басқаратын да – адам. Сондықтан әр нәрсенің шегі болатындығын естен шығармаға абзал.

Самат ЖҮЗБЕРГЕНОВ
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг
университетінің студенті
Әрі қарай

Оқып көр, ой салар...(1) " Желтоқсан жасы"

Блог - daryn: Оқып көр, ой салар...(1)  Желтоқсан жасыЖелтоқсанның бірі. Алматы. Азаттық (Республика) алаңы. Құптан кірген кез.
Күн райының көңілсіздігіне қарамастан, қанды алаңда қараша халықтың қарасы қалың. Табиғаттың тосын сыйына мінез көрсеткендері ме, кім білсін? Әйтеуір, жиналғандардың езулерінде күлкі, көздерінде қуаныш… Тәуелсіздіктен артық қос мерекенің куәгерлері болу бақыты кез келгеннің тағдыр тақтасына жазыла бермес Тәңір сыйы… Қуанбай қайтсін..?! Оның үстіне, Тәуелсіздік мерекесіне дейін әлі қайдәәәә, 2 апта..! Оған дейін, кім бар, кім жоқ… Тәуелсіздіктің өзі де болмай қалуы ғажап емес…
… Қара басқанда, «Желтоқсан желі» әнін ыңылдап айтамын деп тұрып, «қасиетті» мерекеге орай арнайы дайындалған қойылымның қалай басталып кеткенін де аңғармай қалыппын. Әй, аңғал басым-ай… Өз жерімде өзге ұлттың мерекесіне өзгелерден кем қуанғаныма қысылдым… Аңдаусызда бойыма қонақжай ұлттың ұрпағына жат қылықтың қашан кеп жабысқанын қайдам, жұрт алдында жүзімді күйдірді. Обалы не керек!
Арада ет асым уақыт өткенде Алматының бірінші адамы Ахметжан Есімов ағамыз келіп, күнұзаққа қара суық жеп қойған «киелі» шыршамызға жан бітірді. Қуанғаным сонша, алғашында ұяттан, артынша суықтан қызарған беттің есесін қайтарғандай болдым. Әй, дүние есігін ашқанда дәл бұлай қуанбаған болармын… Азаттық алған күніміз былай тұрсын.!
Кенет, көктің көңілі босап, көз жасқа ерік бермесі бар ма… Алғашында, «қасиетті» мерекеге бола Алланың жаудырған нұры деп ойладым.(Нұр патшаның мерекесінде) Бірақ, артынан жел соғып, жиылған жұртты алаңнан қуып шыққанда барып, 86 боздақтарының көз жасы екенін түсіндім. Сол сәт, желкемнен су кеткендей жанарымды жерден көтере алмадым. Көтергімд е келмеді… Қалай көтермекпін, өзге ұялған үйірлесімнің жанарына жанарым түйісіп кетіп, көңілім босап кете ма деп қорықтым… Бірақ, бір ұяласымның «жаңбырдың мезгілсіз жауғанын қарашы, мерекелік көңіл-күйді бұзып» деген сөзінен кейін, шынайы жасқа қалай ерік беріп жібергенімді өзім де аңғармай қалдым. Абырой болғанда, бетіме тамған «желтоқсан» жасы еркімнен тыс ыршып шыққан мойыншақты жұрт алдында жасырып қалды. Бірақ, осы жолы өзіміз тұрмақ, өзге алдында қызару былай тұрсын, жылаудан да ұялмас едім… Себебі, ол өлімнен оңай… Әсіресе, тірі өлімнен…
Суреттер: google.com-нан алынды
Әрі қарай