Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)

Тағы бір жылды артқа тастадық. Өмірімнің тағы бір парағы жазылды…
2013 мені қалай күтіп алып, қалай шығарып салып жатыр, есеп бере кетейінші мен де…

Отбасы
Әкемнің орыны ойсырап қалған жыл… Тамағыма тіреліп тұратын өксік аралас сағынышымды ешкімге көрсетпеуге үйреткен жыл. Әкемнің «Эпошым, Поным» деп еркелеткенін есітпей өттім бұл жылы.
Анама Астананы көрсеттім. Денсаулығы ұзақ жолға жарамай ма деп қорқушы еді. Әкем көре алмай кеткен әдемі қаланы көрді. Ендігі жыл Меккеге жіберуге мүмкіндік берсе екен…
Аға-жеңге, іні-сіңілі, ботақандарымның әрбір жетістігі үшін қуанумен болдым, болам да.

Қызмет
Бір саладан екінші салаға ауыстым. "Өсер бала Астанаға қарай жүгіреді" © деп, Астанаға келдім. Білмейтін көп дүниені үйрендім, білгендерімді пайдаға асырдым. Бәрінен бұрын қызмет ұсынған адамның үміті мен сенімін ақтауға барынша тырысқаным есте қалды. Жаман нәтиже болған жоқ деген сенімдемін, басшылықтың тарапынан жылы лебіздерді естіп жүрмін. Карьера жолында болашаққа нық басатын қадамдарымның бағыты айқындалды.

Денсаулық
Астанаға ауысарда суығынан қорыққанмын. Сынған сүйектерімді сырқыратып, жылы жаққа қайтарып жібермес пе екен деген қорқыныш болған. Жоқ. Қайта бұрынғы күйімнен жақсара түстім, денім де, тәнім де, жаным да сауықты

Достар
Өмірімде маған тек жақсы адамдар жолығады, достық ниетке дайын еместері өздері кетіп қалады. Дос жағынан еш жамандық та, сатқындық та көрмеппін, шүкір. Менің қазір Қазнетте алар орным болса, оған жеткізген — достарым. Бәрін де жақсы көрем

Саяхат
Биыл еңбек демалысы болмады. Есесіне, іссапарға шықтым. Жасыбайды көрдім алғаш рет. Бурабайға бардық, Шымкентке бардық, Алматыға бардық. Енді Астаналық болған соң  Алматыға қонақ боп қалдық)). Шетелге шыққым келген, тіпті, жоспары құрылып, уақыты белгіленіп қойған жерден болмай қалды. Ендігі жылға бұйырып тұрған шығар.

Жеке өмір
Құпия

Жаңалық
Астанаға көштім. Көөөп, өте көп жандармен таныстым. Хинкали пісіруді үйрендім. Шашымды қысқартып тастадым. Айқаракөзім Қазнетдодада 2 орын алды. Ощм жақсы жаңалықтарға толы болды

Жылан — менің жылым. Жемісті жыл болды. Келер жылдан күтерім көп. Биыл жіберген қателіктерді түзеп, мүлде қайталамауға тырыспақпын.

Жаңа жыл құтты болсын! Өзіңізді жақсы көріңіз, сонда әлем сізді сүйетін болады
Блог - aikarakoz: Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)
Әрі қарай

Кім не десе о десін..

Блог - Daniar-Alan: Кім не десе о десін..

Ұлттық мейрам емес дерсіздер… зұлымдық көп болады дерсіздер… бәрібір…
Жаңа жыл жақсы көретін мерекем. Кәдімгідей жылды қорытындылап, өткен жылды саралап, өз-өзіме есеп беретін мейрамым. Дұрыс істеріме қуанып, бұрыс істерімді келер жылы қайталауға тырысып… және жәй ғана ғажайптарға сенетін күнім
Тіпті, ырымшылдығым сонша, жаңа жылды кіммен өткізсең жылды да сомен өткізесің дегенге сенемін кәдімгідей )))) күле беріңіздер )))
Ия, жоғалтулар болды… бірақ құдай бірнәрсені алса, орнына басқа нәрсе береді. Биыл анық көзім жетті соған.
Жыл жақсы қорытындыланды. Биылғыға өкпем жоқ. Келер жылдан аларым өттте көп )
Бәріңізге жаңа жылдық көңіл-күй, ғажайыптарға деген сенім тілеймін.
Мейрамдарыңызбен

пысы: ертең құттықтау қиын бола ма деп ойлап бүгін жазжердім…
Әрі қарай

Эстафета: 2013 жылдың қорытындысы

P.S: Айтабердегі жазбамды көшіріп қойсам, ешкім ренжімейтін шығар?

Көп бопты ғо жазбағалы. Жалпы, жазатын ештеңе жоқ. «Енді неге жаздың?» дегендерге жазбаның блогына, немесе шаңырағына бір қарап қоюыңызды өтінем. Сол, қысқасы
Жалғасын оқиық

Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

  • KazNET
KazNET: Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

Қазнет (қазақша интернет) қазір күшейіп келе жатыр. Қолданушы да, сайт саны да, жасаушы да, жасау технологиясы да көп. Бірақ Қазнет бұрын да болды ғой, бұрын да жақсы сайттар көп болды. Тек түрлі себептерге байланысты жабылып қалды. Домен, хостинг ақысы төленбей жабылғандар болды, техникалық қолдау болмай жабылғандар болды, контент жасаушы болмағандығынан жабылғандар болды. Себеп-салдар көп. Бірақ ол сайттар шынымен феномен сайттар еді. Қазіргі виртуал элита сол сайттарда тәрбиеленіп шықты. Бірге еске түсіріп көрейік.
Әрі қарай

Эстафета: 2013 жыл қалай өтті...

31 желтоқсан. Орал. Ата-ене. Екі келін. Екі қыз. Үлкен үй. Дастархан. Жылан салаты. Блог - bizbike: Эстафета: 2013 жыл қалай өтті...
Жылы сөздер, тілектер. Теледидар. Ұйқы.
Қаңтар. Балапаным беске толды. Тайпақ. Той.
Ақпан. Жазғы демалысты жоспарлау. Қонақүйден бөлме, билет алу.
Наурыз. Көрісу. Жыл басы. Туған күн.
Сәуір. Жұ байым қасымызда болу үшін бұрынғы жұмысынан шығып, жаңа жұмысқа орналасты. Ол ойдағыдай болмай шықты.
Мамыр. Жазғы демалыс. Мәскеу. Стамбул. Алания.
Маусым. Фотосуретшіден дәріс. Ауыл. Демалыс. Жұмыс.
Шілде. Рамазан. Ораза. Жұ байыма сынақтан өтпеді деген қағаз берді жұмысында, шығып кетті. Уайым. Ұрыс. Үміт. Алдандыру. Сендіру. Жігерлендіру. Айдың аяғында ботамды нағашыларына апарып тастадым. Сағыныш.
Тамыз. Туған күн. Сыйлық. Жұ байым әйтеуір жұмыс тапты. Ондай жалақы бұрын түсіне де кірмейтін еді.
Қыркүйек. Жұ байым жаңа жұмысқа кетті. Жылқы. Нөлінші класс. Атырау. Сынақ.
Қазан. Атырау. Сұхбат. Орал. Құрбан айт. Тума-туыс. Қуаныш.
Қараша. Дүниеге келген күн. Қоштасу кеші. Жүрегімнің алғаш ұстазымен танысу. Қуаныш. Күйеуіммен өзіме сыйлық таңдау. Қуаныш. Мақтаныш. Атырау. Жаңа қызмет.
Желтоқсан. Ақтөбе. АХАТ. ХҚО. Ырылдасу. Топастық. Базар. Қуаныш. Атырау. Сыйлық. Жол. Орал.
Әрі қарай

Жаңа жылдық қолдан жасалған дождик..

Жылдың аяғы, жұмыста болсаңыз отчеттар, студент болсаңыз сессия алқымыңыздан алып, мұрыныңыздан шаншылып жүрсізбе?! Қолыңыз тимей, жаңа жылға да үйді безендіріп үлгермеген боларсыз?! Бірақ, қам жемеңіз, көңіл күйіңізді түсірмеңіз! Шыршаны не үйді (ойыншық, дождик сатып алмай-ақ) өз қолыңыздан жасаған дүниемен сәндеуге болады. Бар-жоғы 7 минут уақытыңызды алады. Бұған керек заттарды да сатып алмайсыз. Ал, кеттік…
Әрі қарай

Эстафета: 2013 қалай өтті...

Тура 31 желтоқсан. Кеше ғана кенжетай екеуміз ауруханадан шығып келгенбіз. Ол оң қолын қайнақ суға күйдіріп алып, төрт күн жаттық қой, көзіміз бозарып, Ақыры, дәрігерлерге жалынғанына жалынып, ұрысқанымен ұрсысып жүріп, отызында үйге келіп алдық. Отыз бірінде перевязкаға барып келдік.
Әрі қарай

Биле, маймыл, биле

Дыбыстап аударған: Жалғас Ертай

Ғаламда миллиардтаған галактика болса, оның әрқайсында миллиардтаған жұлдыз бар. Сол галактикалардың бірінде, бір жұлдыздың айналасында, кішкентай көкпеңбек планета тұр. Ол планетаны маймылдардың тобыры билейді. Маймылдар өздерін маймылмыз деп есептемейді. Олар өздерін жануармыз деп те ойламайды. Шынын айтса, олар жануарлардан ерекше тұстарын тізімдейді, онысын мақтанып жүреді тағы: бас бармақтарын, өздерін анализдеуі, Homo Erectus не Australopithecus деген сөздерді айтуы. Біреу томат деп айтады, екіншісі — томат дейді. Бәрібір жануарлар ғой, солай ма. Олар маймылдар. Жоғары жылдамдықты сандық технологиясы бар маймылдар. Не десең де — маймылдар. Айтқым келгені, олар ақылды. Жасыратыны жоқ. Пирамидалар, аспанға шаншылған ғимараттар, көрінбей ұшатын ұшақтар, ұлы қытай қорғаны. Бұлардың бәрі таңданарлықтай әдемі, нақ… маймылдардың тобыры үшін. Маймылдардың милары эволюцияланып кеткені сонша, өздерін басқара алмай қалды. Маймыл үшін өзін бақытты сезіну мүмкін емес. Айта кететіні, жануарлардың ішіндегі бақытты болғысы келетін жалғыз түрі — осылар. Қалғандары онсыз да бақытты. Маймылдарды түсініп болмайсың.

Білесіңдер ме, маймылдар сананың қарғысына ұшыраған. Сол үшін де олар қорқады. Маймылдар уайымдайды. Олар кез-келген нәрседен үрейленеді. Басқа маймылдар не ойлап қалатынын ойлағанда, түсінен шошып оянады. Өйткені, әрбір маймыл басқалармен бірге болғысы келеді. Әр маймыл бір-бірін иттің етінен де жек көреді ғой. Міне, осынысы үшін оларды өзгелерден айыруға болады. Маймылдар бәрін жек көреді. Өзіне ұқсамайтын маймылды да, басқа жақтан келген маймылды да, өзінен түсі басқа маймылды да. Түсінесің бе, маймылдар содан да жалғызсырайды. Барлық жеті миллиарды жалғызсырайды. Кейде бір маймыл басқа маймылға проблемасын тыңдағаны үшін ақша төлейді.

Маймылдар сұрақтарына жауап іздейді. Оны қойшы, олардың өлгісі де келмейді ғой. Содан олар құдайларды ойлап тапты. Оларға сыйынып жатады. Қызығы, кімнің ойлап тапқан құдайы жақсырақ екендігі туралы бір-бірімен таласа бастайды. Талас кезінде маймылдар шынымен ашуға мінеді. Маймылдар ашуланса, бір-бірін өлтіру керектігі есіне түседі. Сосын, маймылдар бір-бірімен соғыса бастайды. Маймылдар сутекті бомбалар ойлап табады. Олар онсыз да жүнжіген планетаны жарылайын деп тұрған бомбаға айналдырады. Маймылдар оған түк істей алмайды.

Кейбір маймылдар өзі сияқты тобырға ән айтады. Маймылдар жүлделер ойлап тауып, онысын бір-біріне таратады. Сонысынан бірдеңе шығатындай. Маймылдар барлығын түсініп қойғандай өзеурейді. Кейбіреулері – Ницшені оқиды. Маймылдар бір-бірімен Ницшеге таласады. Солардың бәрі Ницшенің де кезектегі есуас маймыл екенін ескере бермейді. Маймылдар жоспарлайды. Маймылдар ғашық болады. Маймылдар бір-бірімен сігісіп, маймылдардың санын одан да көбейтеді. Маймылдар ән жазады. Сосын, маймылдардың бәрі жабылып билейді. Биле, маймыл, биле! Маймылдар қатты шулайды. Дегенмен, маймылдардан әлі үміт үзілмеді. Яки, үмітті ақтау үшін олар ештеңе істегісі жоқ.

Маймылдар денесіндегі жүндерін қырып тұрады. Оны өздерінің шынайы маймыли қасиетін жоққа шығару үшін жасайды. Маймылдар қосарланған үйінділер салып жатады. Онысын өздері «қала» деп атап қойған. Маймылдар жердің картасында қиялынан шыққан түсініксіз сызықтар сызады. Айтпақшы, маймылдардың мұнайы таусылып жатыр. Ал мұнай – олардың әлсіз өркениетін жылжытатын күш. Маймылдар өз планетасын қоқыс жәшігіне айналдырудан шаршамайды. Өмір бүгінмен-ақ бітіп қалатындай. Маймылдар бәрін жақсы етіп көрсетуге бейім. Олар бүкіл ғалам маймыл затынан айналып тұрғандай ойлайды. Өздерің көріп отырғандай, бұл маймылдардың естері дұрыс емес. Маймылдар – планетасындағы ең қорқынышты және, сол уақытта, ең әдемі жануарлардың бірі.

Кейбір маймылдар маймыл болғысы келмейді. Олар өзгерек болуға тырысады. Бірақ олар ешқашан өзгермейді.
Әрі қарай

Қазақстандық антивирус!

"Қазақстандық антивирус шықты" — деп аспаннан түскендей болып айтпай-ақ қояйын, бірақ шыққанына бірнеше уақыт болды. Алайда көп адам біле бермейді. Ия Қазақстандық антивирустық бағдарлама қателеспесем 2012 жылдың 9 мамыр айынан бастап сатылымда болуы керек. 2013 жылы «Антивирус ALTAIR Systems Security 2013» болып сатылған бағдарлама қазіргі таңда «AWS Core 2014» болып өзгерді.
2013 жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында түбегейлі бағдарламалар сатумен айналыса бастадым. Алғашында жап-жақсы басталып келе жатқан жұмысым аяқ асты төмендеп кетті. Себебі менен де арзан сатушылар пайда бола бостады. Миығмнан күліп жүре бердім, алайда олар тоқтар емес. Мені алаңдата бастады бәсекелестерім. Кейін контактілеріне шығып қандай антивиурстық бағдарлама екенін білдім. Міне, Қазақстандық антивирусты (Антивирус ALTAIR Systems Security 2013) сол кезден бастап есітім. Бірден өзіме орнаттым. Орнатқан сәттен бастап компьютерім қуып кетті. Системалық файларыма зиян келіп компьютерім қосылмай қалды. Тех қолдаушыларына телефон соғып болған жайды айтып бердім. Олар менің компьютеріме кіріп барлық кеткен қателіктерді түзеп берді. Хош. Бірақ онымен тоқтап қалмадым. Ары қарай тексере бердім. Әрине, Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ, қателіктері біршама болды. Уақыт келе түзеліп жатты. Түзелмей жатқандары да болды. Базаны кеңейте бердік. Шынымды айтсам Касперский антивирусының кейбір істей алмаған жұмыстарын жасады. Қысқасы ұнай бастады. Сөйтіп олармен келісімге отырып олардың да өнімін сата бастадым. Бағасы да арзан.
Міне жақында олар тауардың атауын өзгертті «AWS Core 2014» етіп. (Мына жерден көшіріп ала аласыздар).
Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Кесікіні Антивирус ALTAIR Systems Security 2013-ге қарағанда өзгерген. Жұмысы жағынан да ерекшеліктер бар сияқты. Тексеріп көрмекпін, сіздерге де ұсынамын. Бағалап көрейік.
Әрі қарай