Кім не десе о десін..

Блог - Daniar-Alan: Кім не десе о десін..

Ұлттық мейрам емес дерсіздер… зұлымдық көп болады дерсіздер… бәрібір…
Жаңа жыл жақсы көретін мерекем. Кәдімгідей жылды қорытындылап, өткен жылды саралап, өз-өзіме есеп беретін мейрамым. Дұрыс істеріме қуанып, бұрыс істерімді келер жылы қайталауға тырысып… және жәй ғана ғажайптарға сенетін күнім
Тіпті, ырымшылдығым сонша, жаңа жылды кіммен өткізсең жылды да сомен өткізесің дегенге сенемін кәдімгідей )))) күле беріңіздер )))
Ия, жоғалтулар болды… бірақ құдай бірнәрсені алса, орнына басқа нәрсе береді. Биыл анық көзім жетті соған.
Жыл жақсы қорытындыланды. Биылғыға өкпем жоқ. Келер жылдан аларым өттте көп )
Бәріңізге жаңа жылдық көңіл-күй, ғажайыптарға деген сенім тілеймін.
Мейрамдарыңызбен

пысы: ертең құттықтау қиын бола ма деп ойлап бүгін жазжердім…
Бөлісу:

11 пікір

MamaAya
 Жарайсың! Керемет! Мен үшін де бір керемет сезім сыйлайтын аз-маз өмірдің өтіп бара жатқанын еске де алып күрсіндіріп те алатын мейрам! Мен де жаңа жылды қарсы алғанда жан-жағымдағылармен жақсы қатынаста, жақсы көңіл-күйде қарсы алғым келеді… Жылда сондай уют жасауға барымды салам, эффект бар! Қазақтың презденті тілек айтқанда бәріміз төрт көзіміз түгел қуанып, құшақтасып, өткен жылда кеткен кішігірім өкпе наздар үшін кешірім сұрасып, бір жадырап қаламыз! Ал ресейдің президенті сөйлеген уақытта, бәрі өз жайларына кетіп, жарым екеуміз ғана құшақтасып отырып телевизор көріп отырамыз… или жатамыз… осындай көңіл күйде қарсы алғанымыз үшін, бірге болғанымыз үшін бір-бірімізді жақсы көретінімізді айтып келесі жылға қадам басамыз! Болашақ тек бақытқа толы болсын!!!
Ispek92
пысы: ертең құттықтау қиын бола ма деп ойлап бүгін жазжердім…
 ертең ерте бастайсыңдар ма сонда???
Daniar-Alan
жоқ, бір жоспарлар бар, керекке кіруге уақыт тапшы болуы мүмкін
MickThatsMyNick
Демократия! Әркім өзі біледі қай мерекені атаса да, қай саяси ұстанымда болса да, қай дінге кірсе де, қай тілде сөйлесе де, ең бастысы біреудің қабылдайтын шешімі біреудің құқығын, жалпы жалпыға бірдей заңды бұзбаса болғаны.)
assar
Осы демократияның жетістігі шығар. Мысалы; қазіргі қазақтар екі түрлі тілде сөйлейді. әр түрлі дінге кіріп кетті, әр түрлі ұлттың нақышындағы киімді киеді, әр түрлі ұлттың салтын қабылдайды, әр түрлі ұлтқа сіңіпте жатыр. Жалпы әр кім өзі білем деп осындай құбылыс жүріп жатыр қоғамда. Бұл заңдылық деймізбе әлде бір ұлт әр түрлі келбетке ие болғанымыз жетістік дейміз бе білмедім. Ал жаңа-жылға келсек бұл әлемдік мереке қазір, ешкім тоқтата алмайды оны. Дубайдың өзінде үлкен от шашу мерекесі өтті.
ken
Дубайда шетелдіктер жергіліктілерден де көп дейді. Мерекелік шашу сондағы шетелдіктер үшін жаслаған болар?
assar
Олда мүмкін. Мәскеуде наурыз мерекесі өтіп жатырғой жылда. Мәскеуде де мұсылмандар көп, сол үшін мемлекет наурыз мерекесіне жақсы көзқараста.
KerekinfoHalqy
ай емес, григорий күнтізбесмен өмір сүргесн солай болды ғой
VKM
Жаңа жылдарыңмен, керекшілер.
satibaldi
Кеш қалған сияқты сезімдер келіп тұрған жоқ па?