Эстафета: 2013 жылдың қорытындысы

P.S: Айтабердегі жазбамды көшіріп қойсам, ешкім ренжімейтін шығар?

Көп бопты ғо жазбағалы. Жалпы, жазатын ештеңе жоқ. «Енді неге жаздың?» дегендерге жазбаның блогына, немесе шаңырағына бір қарап қоюыңызды өтінем. Сол, қысқасы

Қателеспесем, алдыңғы жылдың осы қыс айларында тіркелген екем. Содан бері есте қалғандар:
1. Блогкемп — 2012: Сол кезде Абылай, Ал-астер, Қырмызымен таныстым.
2. Сайтта ең алғашқы жазбаларымның бірі — Мысық туралы болды. «Оларды жақсы көретін едім» деп басталатын монолог, естеріңізде болса. Әдейі оқыған адам бас кезінде адам деп ойлап қалсын деп бастағам. Өте қайғылы жазба
3. Діни тақырыпта қызылкеңірдек болып айтыстық, одан ешкімге мүйіз шықпады бірақ.
4. Ораза кезінде бағдарламалаудан сабақтар жазғаным есімде.
5. Қызмет бабымен Орал, Ақсайға іссапар жасаған кездер: мында және мұнда
6. Кейін елдегі IT-ге бір қосқан үлесіміз болсын деп, Smart Development ерікті программисттер клубын құрдым. Қазір студенттер азды-көпті оқып, тырысып жатқандар бар. ITblog.kz-мыз және бар. Осында өзіміздің жігіттер қол тигенде үйренгенімізбен бөлісіп отырамыз. Клубымның жұмысы жылдан жылға жақсара бермек. Бұйырса, нағыз нәтижені әлі көрсетемін. Уақыттың тапшылығы үлкен кедергі болып жатыр.
7. Кейін тағы да іс-сапармен Ақтау қаласында болып қайттым. Абылайға әңгіме жоқ, зор құрмет көрсетті. Ақтаулық жастармен танысып, жалпы, мәңгі есте қаларлық іс-сапар болды. Ақтауға жазда барып көруге құмартып қалдым.
8. Соңғы кездері елдің болашағы жайлы патриотизм жайлы ойларға беріліп жүргенім де рас. Бір керемет дүниелер жасағым келеді, бірақ, тағы да уақыт тапшы. Ақша табам деп жүріп өмір өтіп кететін шығар. Мәселені бір адам шеше алмайды екен, масса керек. Әзірге құр сөзден басқа ештеме тындырғам жоқ.
9. Блогы жоқ блогер болмайын деп жеке блогымды да ашып қойдым.
10. АИФ-13-ке қатыстым. Онда көпшілік танысқым келген кісілермен таныстым.

Айтабермен өткен жылдың қорытындысы осы. Веб-парақ бетінде жүздескенше!)
Бөлісу:

5 пікір

bizbike
Алдағы жылы ойлағандарыңыздың бәрі орындалсын!
ereke_enu1
Рахмет. Баршамызда солай болғай!
Daniar-Alan
Smart Development ерікті программисттер клубын құрдым
мұны сен аштың ба?!.. бәсе өткенде тіркелушілер көп болды…
ereke_enu1
Иә. Студенттеріммен келдім ғой  АИФ оларға қатты ұнады.
Ispek92
Базар жоқ, ағасы. Біраз еңбек, біздердікі мәйде-шүйде екен мұның қасында, жаңа жыл жаңа табыс әкелсін