Бір Әннің тарихы: "Мен қазақпын"
«Жер жаннаты — Жетісудың» тұмса табиғатында туған, өнерге бай өлкенің тума таланты, дарынымен, қарымымен халық қошеметіне бөленген азаматтардың бірі — белгілі ақын әрі сазгер Кентау Назарбек.
«Жер жаннаты — Жетісудың» тұмса табиғатында туған, өнерге бай өлкенің тума таланты, дарынымен, қарымымен халық қошеметіне бөленген азаматтардың бірі — белгілі ақын әрі сазгер Кентау Назарбек.
Бас қаладағы адам көп жиналады-ау, бағасын халықтың қалтасы көтереді-ау деген караоке-клубқа бет алдым. Мұнда қазақ әнін айту үшін сізге сыртында «Раша» деген жазуы бар каталогты қолға алуға тура келеді. Бірден соңғы парақтарын аша қойыңыз, қазақ әнін алғашқы беттерден іздеп, сатып алған уақытыңызды текке жоғалтасыз. Тіпті, соңына жетем дегенше кенет ерініп қалып, көзіңізге түскен орысша әнді айта салуыңыз да ықтимал. Бұл бірінші себеп деп қойыңыз.
Домбырамен әп-әдемі айтып жүрген әнге караокеде дауысыңыз жетпей, шиқылдап қаласыз. Тіпті, қасыңыздағы адамдардан ұялып, көңіл-күйіңіз түсіп кетеді. Дыбысталуы нашар, аражировкасы тіптен жылатып жіберетін әннен гөрі жақсы өңделген өзге тілдегісін айтып, өзімнің "әжептеуір әнші екеніме" қомпаңдап қалғаным артық. Бұл — төртінші себеп. Бесіншісі тіпті күлкілі. Әнді беріліп айтып, дауысыңыз енді ашылып келе жатқанда суреттегі «иман қанаты талған» сияқты сөздерді оқып, еріксіз күліп жібересіз. Дауысыңыз бір жақта, әніңіз бір жақта. Мәтіндегі аяқ алғысыз қателерді көре-көре, сол күйі жаттап, ақындардың қатесіз жазғанына күмәнданатынды шығардым. «Бұл қателерден өздерінің хабары бар ма, неге түземеске» деген оймен бірнеше қатені суретке түсіріп алып, әнді орындаушылар мен мәтін авторларының пікірін білдім.
Қалқаман Сарин, «Жібек сезім» әнінің сөзін жазған:

Ақбота Керімбекова, "Қош, махаббат" әнінің орындаушысы
Астананың біраз караокесіндегі әндерді ұсынған Ресейлік Studio Evolution караоке-жүйесінің сайтындағы нөмірге хабарластым. Владимир есімді жігіт сұрақтарыма: — "Әнді авторлардың өздері береді, ал, халық әндері үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Мәтінде қате кеткеніне біз жауапты емеспіз, ол — программадан. Программа кейде қазақ әріптерін оқымай қалады. Келесі айда әндер жаңарады. Енді әр ай сайын жаңа әндерді каталогқа қосып отыратын боламыз," — деп жауап берді.Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi,делінген.









