Блогиада #10. Мен жек көремін қазақтың эстрадасын

Блог - patick: Блогиада #10. Мен жек көремін қазақтың эстрадасын
Елестетіңіз: қарапайым қазақ әні — тойда көп айтылатын, көпшілік телефонына рингтон қылып қойып алған, халықтың ыңылдап айтып жүретін «классикалық» хиті (тіпті бұл жерде «трендке сай», «сәнді ән» деп айтудың өзі ұяттау екен). Бірақ бұны мен қабылдай алмаймын, тіпті бар болмысыммен жек көріп кетемін.

Ескерту: Әңгіме ұлттық аспаптарымен орындалатын халық әндері, дәстүрлік, авторлық әндер туралы емес, заманауи эстрада туындылары туралы.

Себепті әріден іздеп көрдім. Мен өскен ауыл дәл Ресеймен шекаралас жерде. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін біз тек қана Ресей телеарналарын көріп өстік, орысша хиттарды тыңдадық. Соның ықпалы ма деп те ойлаймын кейде. Бірақ ол заман өтіп кеткелі қашан! Қазір Алматыда тұрамын, қазақ мәдениетінің астанасы демекші… Бәрібір жек көремін қазақ әндерін!

Тіпті бар ғой, ауық-ауық қазақша әндер жіберіп қалатын коммерциялық радиоларды жек көре бастадым. Талғамсыздықтары үшін! Елестетіңіз: көлікпен келе жатасыз әсем энерджи музыкаға елітіп. Бір әдемі әннің керемет атмосферасын екінші әдемі ән жалғап алып кетеді. Үшіншісі де логикалық байланысты үзбей әдемі болуы тиіс еді. Жоқ! Үшіншісі — ешбір жанрға жатпайтын қазақша ән! Сол үшін де магнитоламды жерге алып ұрдым!Блог - patick: Блогиада #10. Мен жек көремін қазақтың эстрадасын
Сосын басқа себеп-сылтау іздеуге кірістім. Соңғы уақытта шыққан бірнеше әнді тыңдағаннан кейін, бұндай негатив көзқарасыма жауап таба бастағандай болдым. Түрлі уақытта және түрлі деңгейде қалыптасқан пікірлерім мен тұжырымдарымды жинақтай келе, қазақ әндерінде менің жүйкеме тиетінін нәрселерді анықтадым:

1. Той стайл
Қазақ әншілері негізгі табысын той арқылы тауып жүргендері белгілі нәрсе ғой. Музыка индустриясында (егер осылай атауға болса) тоқсаныншы жылдардан бері аса үлкен өзгеріске ұшырамағаны да сондықтан сияқты. Сол баяғы жаттанды сөздер, сол баяғы таныс музыка иірімдері. Сонда да әндерінің сапасына ешқандай прогрессивті өзгеріс енгізгісі келмейтін той әншілері жыныма тиеді.

2. Шығыс үлгісіндегі музыка
Бұны бірінші пунктке енгізіп жіберуге болар еді. Бірақ шығыс үлгісіндегі арзанқол әндердан шаршағаным сонша, наразылық сөздерімді бөлек арнағым келіп отыр. Шығыс стилі әншілер үшін хит жасаудың тамаша әдісіне айналып алған тәрізді. Көп ойланып, жаңа музыка «туудың» қажеті жоқ. Тек мәтіндегі әр тармақтың соңын жыламсыратып созып жіберсеңіз болғаны. Мысалы:
Ал әннің сөзі тым қайғылы болып шықса — онда бітті, орындаушыға ең мықты әртіс атануға дайындалып, халқына еркелеудің түрлерін үйрене беруіне болады.

3. Ұзақ кіріспе
Блог - patick: Блогиада #10. Мен жек көремін қазақтың эстрадасын
Мен түсінбейтін тағы бір құбылыс бар: неліктен қазақ әншілері ән айтуға ұзақ кіріседі? Мына Ілияс Байбосынов деген әншінің дауысын 40 секунд күтуге тура келді. Өздеріңіз тыңдап көріңіздер (жоғарыдағы фотода ұзақ күткен түрім):
Ұзақ басталатын әндер — қазақ эстрадасында тренд па деймін. Әй, жамандай беріп қайтемін, соңғы кезде бұл да азайып келе жатқан тәрізді дегенмен. Әлде мен қателесемін бе?

4. Музыка мен әннің үйлеспеушілігі
Керемет көңілді әндер болады. Басталуы солай әйтеуір. Тұнып тұрған динамика! Билеп жіберейінші деп, орныңнан тұрып дайындала бастайсың. Сызылып сөзі басталғанда бәрі алдамшы екенін түсінесің. Болмысынан орташа темпті әнді клуб музыкасымен бастап жіберетінін қайтерсің.
Балағаттады деп қабылдамассыздар, Талғат Жорабаев пен Бек Шәріп екеуі айтқан келесі әнге бір құлақ түрсеңіз:
«Осындай да ән болады екен-ау» дейсің…

5. Көңілсіз әндер
Блог - patick: Блогиада #10. Мен жек көремін қазақтың эстрадасын
Қазақты кінәлағым келмейді. Көп нәрсені бастан өткізді, жаугершілікті де, зорлық-зомбылық пен ашаршылықты да көрді. Көп әннің мұңды болуы да сондықтан шығар. Бірақ қашанғы зарлауға болады? Сондайда қиялымда әншілермен ойша диалог құра бастаймын:
— Неге көңілді әндер аз?, — деп сұрағың келеді әншілерден.
— Неге жоқ? Бар! — деп олар жауап ретінде бірінші пунктке сілтер еді. Айтылған проблемаға қайтып ораламыз.

Өмірімде, плейлистімде мүлдем қазақша әнге орын жоқ деп те айтпаймын. Бірақ үлесі өте аз. Бәріне күйе жағуды да мақсат етпеймін. Өз жанрын таңдап алып, сәтті-сәтсіз болса да тырысып жүрген орындаушылар баршылық қой. Бірақ олардың туындылары қалыптасқан ахуалды өзгертуге әлі де қауқырсыз секілді. Қазақ эстрадасы жақсы өзгерістерге толы төңкеріс күтеді.
bk
Бөлісу:

35 пікір

zholantai
сонымен қазақша ән айтатын кімдерді тыңдайсың? кімдерді тыңдағың келмейтіні білініп тұр
patick
Плейлистімде Ғалымжан Молданазар, Орда, Сон Паскаль бар.
zholantai
сауатты таңдау ))\
менде соңғы екеуі жоқ екен,
asaubota
Баекенов те тойға арнап жазбайд
Aya
тіпті бұл жерде «трендке сай», «сәнді ән» деп айтудың өзі ұяттау екен
Келісем) Мен Еркін Нұржановты көрсем жыным ұстайд
abzalsariyev
Әңгіме жоқ брат))! Красава!
MamaAya
Жалпы барлық қазақ эстрадасын қамтып жатқан ауқымды тақырып қойып, санаулысының кесірінен санаулысын жоққа шығарып отырғандай көрінді.
Мысалы, Біздің жігіттер үшін әйеліне жақсы көргенін айту западло, ал орыстар әйеліне күнде гүл алып келіп, үнемі қол ұстасып сумкасын арқалап жүреді,,, кейбірі үшін балаларын алып аулада ойнату да западло, ал кәрістер болса,, балаларын үнемі ойнатып бірін арқалап, екіншісіне кітап оқып отырады. Сол үшін мен қазақ жігіттерін жек көрем деген сияқты екен.)))
Ал әндерге келсек саны көп, сапасы аз,, оған бәрі келіседі,,, бірақ тақырыппен сенсация жасағысы келген сияқты))) Ашып оқысаң күндегі сол бәріміз кездесіп жүрген проблема.)))Ия, плейлистімізде қазақ әндері аз, бірақ тым жоқ та емес қой. Орыстың хит әндерін алып немесе шетелдің хит әнін алып буквальный аударма жасамай-ақ, мағынасын жақындатып айтып көрсінші… Онда қазақ жастары батыстанып, бұзылып Көтен туралы ән айтатын болыпты дейді. Жалпы,,,, Менің ойымша біздің той әндері тойда шетелдің, «мани-мани-маниін», өзбектің «бәригәлін» ығыстырып шығарып,,, қазақшаға билететін болды ғой. Мағынасы жоқ болса да, О, Құдай, мынау неткен еркек, Мен одан ұл туғым келед, Ары қарай қыз туып алғым келед, сонымен нүкте, нүкте! деу бізге жат. Бізге, қазаққа «есік алды шырмауық, шырмауықта 1 тауық» деен сияқты мағынасыз, тек ритмі биге келсе болғаны ұра беретіндер санамызға, қабылдауымызға, билеуімізге жақын болып тұр ғой. Мүмкін алда жөнделер?! Тойда олар Ордаға, Молданазар дегендерге қалай билейді??? Бірақ сапасыз әншілер мен сапасыз әндер үшін барлық қазақ эстрадасын тақырып қылып алып оған түкіріп қол қойғандай ЖЕК КӨРЕМ! дегені орыстармен шекаралас кісілерге түсінікті тілмен айтқанда " некрасиво" кетті.
patick
Билей берсін, тыңдай берсін. Қарсы емеспін. Мен жай ғана қазақ әндерін неге жек көретінімді түсіндіріп бердім бар болғаны
MamaAya
Әрине, бір адамның пікірі, оның қарсылығы ешқандай рөл ойнамайды ғой, жалпы. Мен де тек өз ойымды айтқаным, тек ана магнитоланың құрбан болғаны обал болыпты))) Ешкімнің ештемесі кетпес-ау!)))
patick
Ескі магнитола ғой, істемей қалған. Багажникте босқа жатқанша пайдаға ассын деп ))
Gastarbaiter

Біләзайбал стилінде
MickThatsMyNick
КСРОның орысша ретро әндерін естісем бітті, жынның қалай келгенін білмей қалып, оң жақ иықтан басын шығарып: "Қалайсың?" дегенін сөзбен жеткізу мүмкін емес  Букуста талас жоқ демекші, соңғы кезде Заттыбектің әндерін сүйіп тыңдайтын болып жүрмін  «Эм»ді де анда-санда тыңдап тұрам. Сосын кезіндегі Нұрлан мен Мұраттың өлеңдері өз заманына сай сапалы болды, соларды да ұмытпайық. Мына көңілді ән қалай сіздерге: www.youtube.com/watch?v=0rihrPrRBBU Өлеңді осылай ашық ұрған дұрыс секілді, әншінің өзінің жеке образына да жарасымды, даусы да ерекше.)
Ispek92
 Анау клипке жаттым, керемет ұйқас, әзілі жарасымды, маған ұнад, рахмет
Madi
Мен Ақылбек Жеменейдің Мейлі деген әнін, одан соң Қайрат Нұртастың Сұранамын деген әнін(иа, қырғыздікі, бірақ аранжировкасын жақсы жасаған), Алматы түнін сосын тағы қайсысы бар еді, осындай осындай секілді ырғақты, позитивті әндерді және сөзі де жақсы үйлескен әндерді жақсы тыңдаймын.
Бірақ мына Орда тобы кейінгі кездері слишком кетіп бара жатқан сияқты современный боламыз деп, мысалы клиптерінде қыздардың сүйісуі деген сияқты.
MERmukhanov
Радикалды атау

Гитлер — фашист емес деген сияқты дә ))
Соңғы түзету:
abzalsariyev
Ал Менің "қазақша әндер" деген плейлистімде 1490 ән бар екен...
Ispek92
Ғалай-ғалай, D-ның ішінде D жүрме, цүне алмай қалдым
abzalsariyev
жақында ноутымды ауыстырғам, анау алдыңғы тұрған жері ғо
AKA
 Бір сөзді 100 қайталайтын бір "ән" бар еді, еске түскетті ғой.
aikarakoz
Молданазар үшін қатты жақсы көріп кеттім сені
patick
бұрын сезімдерің керісінше ме еді? )))
AKY
Ұйқың кеватқан фотоңа өштім
Сол паскальды тыңдамайм мен.
ken
мен Ресей эстрадасын қабылдай алмаймын.
Мен өскен ауыл дәл Өзбекстанмен шекаралас жерде. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін біз тек қана Өзбекстан телеарналарын көріп өстік, өзбекше,қазақша хиттарды тыңдадық. Соның ықпалы ма деп те ойлаймын кейде. Бірақ ол заман өтіп кеткелі қашан! Қазір солтүстікте тұрамын, орыстанған ортадамын демекші…
Сонда да орысша әндерді тыңдай алмаймын. Тіпті жек көремін десем де болады.
Мен үшін соны тыңдайтын адамдар — талғамсыз адамдар.
Соңғы түзету:
patick
иә, орыс эстрадасы да біздікіне ұқсас жағдайда
Danyar
Сын айтылмаса мін түзелмейді дейді. Бірақ сынды да орынды айта білу керек. Рас қазақ эстрадасында сапасыз әндер мен әншілер бар. Бірақ саған ұнамайтын екі үш ән мен әншіге сараптама жасап бүкіл қазақ эстрадасына қазақ мәдениетіне күйе жағатындай кім едің? Таза бишаралық мынау. Қазақ десең өзіне тиеді. Жоғарыда пікірлердің барлығын оқып отырсам біреуің мұның не деп айтпайтын намыстарың қайда. Тек қияли Галымжан Молданазар мен италияндық қоқыс әнші Сон Паскалдың, жасамыс Орданың әндерінен тұрмайды қазақ эстрадасы. Абзал Сариев нағыз азамат 1490 қазақ әнін тыңдап жүрген.
Соңғы түзету:
Abilakim
Иә, өкінішке орай бізде жеңіл әндер көп. Мысалы, «Мария Магдалена»( осылай ма еді?) әнін менсінбей, жүктемей кеткенмін. Бір апта өтпей жатып тойға бардым. ЖДұрттар сол әнді сұрады.Қазір тойда 80ші жылдарды, орыстың, басқаның әнін қатарынан 4-5 мәрте қойсаң «еге қазақша қоймайсыңдар?» деп өзіңе наезд жасайтындар көбейді. Бұған қуануымыз керек. «Ой, ой Жанайым, сәулем сені алайын» деп билеп жүргеніміздің өзі неге тұрады бір қарасақ))))
Мүмкін авторға Қорабай Есеновтың орындауындағы әндерді, Шәмшінің әндерін, Ержан Серікбаев ағамыздың әндерін тыңдату керек шығар… Дегенмен, жеке пікірін құрметтеймін.
Абзал, 1490 әннің бәрін тыңдамайтын шығарсың)))Соның ішінен 490 үздігін таңдау қиынның қиыны)))
Соңғы түзету:
Anar70
Кеше қалжа тойына барып едім, «Мария Магдалена оооо»-ны 10 рет айналдырған шығар))) естеріміз шыққанша билейміз бұндай әндермен, біз қаззақтар))))
Соңғы түзету:
Tyulpan
сұраныс бар болған соң шығады да...) тыңдаушы талғамсыз деген ой еріксіз туады

bizbike
Нұржан Керменбай, Бейбіт Қорған, Ғалымжан Молданазар, Бейбіт пен Айша, Ерболат Құдайберген, Батырхан Шүкенді сүйіп тыңдаймын. Әндері мағыналы да, билеуге де келеді, әуендері де керемет. Негізі таңдай білу керек те, "Әннің естісі де, есері де бар" дегендей, ол әр заманда солай болмақ. Есерінің арасынан естісін таңдай алмағанға дауа жоқ та.
Соңғы түзету:
zholantai
Талғат Жорабаев пен Бек Шәріп екеуі расымен де болмай қалған ән шығарған, Талғаттың даусы тәп-тәуір ед, несіне пайдаланбағанын сол дауысты
Tamila
Мария Магдаленоға тиіспеңдер Ақтөбеде шыққан Ақтөбенің жігіті айтатын өлең. Қазір тойда Мария Магдалено мода ғой )))
Tamila
Понти Жорбековтың әндері найд
Rozatai
Осы постты оқыған сайын риза болам! Патяяяяя, мен сіздің фанатыңызбын :0:0:0
assar
Ресей эстрадасы жиіркенішті негізі. Толы плагиат, ән ұрлау жөнінен бізді жүз орайды. Жалаңбұт, стрептиз жұлдыздар, кемпір мен жігіт әнші үйлену. Тәрбие бере алатын шоу ғана өнерге жатады. Өзбек халқы екі жағында жақсы дамытып жатыр. Құрлыста жүрген өзбектердің соткасында тек өзбек әндері тұрады.