Бір Әннің тарихы: "Мен қазақпын"

Блог - abzalsariyev: Бір Әннің тарихы: Мен қазақпын«Жер жаннаты — Жетісудың» тұмса табиғатында туған, өнерге бай өлкенің тума таланты, дарынымен, қарымымен халық қошеметіне бөленген азаматтардың бірі — белгілі ақын әрі сазгер Кентау Назарбек.
«Қазақ елі — байтағым», «Мен қазақпын», «Шаңырақ шаттығы» секілді әндерімен әдемі әсерге бөлеген өнер иесінің осы күнге дейін жазған 100-ге тарта әні бар. Сазгер шығармашылығының негізгі бағыты — патриоттық әндер.
Соның ішіндегі «Мен қазақпын» әні — Менің көңілім мен компьютрерімдегі «патриоттық әндер» атты плейлистімнен алатын орны ерекше.
Дәл осы әнді қазіргі таңда заманауи стильде өңдеп, қазақ эстарадасының ән қоржынына қосқан әнші, белгілі журналист, "Қазақ" радиосындағы «Анонс» бөлімінің дыбыс режиссері — Халық Ризабек ағамыздан оның шығу тарихы жайлы қысқаша сұқбат алған едім.
Блог - abzalsariyev: Бір Әннің тарихы: Мен қазақпын
Халық аға, өзіңіз патриоттылықта, рухтылыққа насихаттайтын Кентау Назарбектің «Мен қазақпын» әнін ерекше нақышта, қазақы мұңмен орындап, халыққа ұсынып жүрсіз. Сол әннің тарихы жайлы айтып берсеңіз.
Бұл әннің сөзін 1998 жылы Мен Қытайда жүрген кезде елдің аузынан естіп жүрдім. Мұны домбырамен әуесқой әншілер орындап жүр екен. Кейін сұрай келе, Қазақстанның Семей облысынан шыққан бір композитордың сөзі деген ақпар алдым. Мен ол кезде Қытайда консерваторияда оқитынмын. Сол кезде бұған мелодия жазамын деп ойлап жүргенмін. Бірақ, бұл Өлеңге бұрын жазған Кентау ағаның шығарған өзіңнің мелодиясы маған ұнамады, яғни созылып айтылады домбырамен.
Мен бұл әннің сөзін пісіріп, ішімнен қайталап айтып жүре бердім.
Одан бері 10 жыл өте шықты.
Мен Қазақстанға келгеннен соң, Кентау ағамызды іздеп тауып, қайтадан бұл әнді эстарадаға өңдеп жазсам деген өтінішімді білдірдім. Кейіннен сол кісінің мақұлдауымен бұл ән «эстрадалық терме» ғып қайта өңделіп жазылды.
Сонымен, осы, ары қарай патриоттық әндер боп орындалып жатыр…


Халық Ризабек — «Мен қазақпын»
сөзі — Кентау Назарбектікі
әні — Халық Ризабектікі
***
Мен қазақпын!
Қыран елмін азатпын!
Пейіліммен кеңмін,
Иесімін кең-байтақ жердің…

Мен Қазақпын, ғажаппын!
Еркіндік үшін дүниеге келдім.
Көк Тәңірінің иесі едім.
Асан қайғы боп жаһанды кездім.
Құрманғазының күйіне ендім.
Абылай ханның соңынан ердім.
Қабанбай қас батырым едің.
Абайдай алып данамын,
Махамбеттей өрмін дарамын!

Наурызбаймын — найзамын.
Райымбекпін — айламын.
Жәнібектің жігерімен
Жауымды жеңдім, тойладым!

Мен Қазақпын, Ғажаппын!
Әйтеке, Төленің тілдеріндемін.
Қазыбек бидің жүрегіндемін.
Әл-Фарабидің мұратындамын.
Қажымұқанның қуатындамын.
Тұрарменен түрмеде жаттым.
Шоқан болып жұлдыздай ақтым.
Қасым — қайсар ақыным еді,
Мұқағали — жыр-әнім еді.

Шәмшінің мен әнімін,
Үміттің де таңымын.
Береке мен бақ қонған
Ұрпағымын Ұлы елдің!

Мен Қазақпын, Қазақпын!
Тарихым менің тоналғанда,
Суалдым Мен Аралдай.
Тәуелсіздік таңы атқанда,
Қуандым Мен баладай.
Ақан Серінің құлагерімін.
Қожа Ахметтің мұрагерімін.
Ойран болған Отырардың,
Өлмейтұғын куәгерімін.

Батырмын Мен — Оспанмын.
Бауыржанмын, дастанмын.
Арманның бәрі Менікі-ей,
Астындағы айлы аспанның.

Мен Қазақпын, ғажаппын!
Ғарышқа самғап тіл Көктен қаттым.
Желтоқсанда мұзға от жақтым.
Азаттықты аңсап ерлікке жеттім.
Қазақпын деп биікке тарттым.
Қозы мен Баян махаббатымын.
Сәкеннің сырбаз Салтанатымын.
Жамбыл жыры — жақұтым Менің.
Ер Қайырхан рухы Мен едім.

Қасқа жолмын — Қасыммын!
Ескі жолмын — Есіммін!
Нұрлы жолмын — Алашпын!
Өшпейді Қазақ есімім!

Біріңді — Қазақ, бірің — дос,
Көрмесең істің бәрі бос!
Youtube-тегі бейнебаяны:
Бөлісу:

1 пікір