Kaztube.kz бейнепорталының жылдық қорытындысы

  • Kaztube
Міне, 2014 жыл да аяқталып қалды. Бәрі де жыл бойына атқарған қызметіне есеп беруде. Біз де өолданушыларымызбен бірге болған осы бір жылымызды қорытындылап, атқарған қызметтерімізге шолу жасауды жөн көрдік.
Kaztube.kz бейнепорталы үшін 2014 жыл өте жемісті жыл болды. Қызықты видеолар, эксклюзив сұхбаттар, жаңа жобалар, бәрі-бәрі тек қана порталымыздың көрермендері үшін дайындалды.
Биыл kaztube.kz бейнепорталында екі бірдей видеоблог жүргізіле басталды. Оның бірі — Жұлдыз Сейсенбекова жүргізетін ProfBlog (http://kaztube.kz/kz/event/20). Мұнда Жұлдыз 28 видеопост түсіріп, түрлі мамандықтың кәсіби иелерінен қызықты сұхбаттар алды. Кәсіби маманның кәсіби сұхбаттарын көргіңіз келсе, Жұлдыздың видеоблогын қарай жүріңіз.
Порталымыздағы екінші видеоблог – Эльвира Ерғалинаның видеоблогы (http://kaztube.kz/kz/event/19). Онда Эльвира түсірген 36 видеоның ішінде түрлі қызықтар бар: эксперименттер де жасалды, жасырын видеолар да түсірілді, қызықты әрі қауіпті сұхбаттар да алынды, ерекше әрі маңызды сауалнамалар да жүргізілді, салтанатты кештердің сахна сыртынан да видеолар әкелді. Түрлі саланың қызықты видеоларын көргіңіз келсе, Эльвираның видеоблогын қарай жүріңіз.
Kaztube.kz порталында жарық көрген ерекше әрі керемет жоба – Бейнепоэзия (http://kaztube.kz/kz/album/688?%3E). Бұл жобадаөнер адамы, елге танымал тұлға, қоғам қайреткері бір поэзияны жатқа оқып береді. Порталымызда 13 өнер адамының қара өлеңді нақышына келтіріп оқыған видеосы бар. Танымал тұлғаларымыздың өнердің барлық түрінен кенде емес екенін дәріптеуге бар күшін салып жатқан Бейнепоэзия атты жобамызды көріңіздер, тағы да қызықты видеолар ұсынатын боламыз.
Ал, 2014 жылдың ең басты, ең қызықты жобасы – Дыбыссыз режим (http://kaztube.kz/kz/album/1260?%3E). Жаңа жоба — өте көңілді, өте қызықты, «Дыбыссыз режим» деп аталатын реалити шоу. Берілген тапсырмаларды дауыс шығармай орындау талап етілетін бұл реалити шоуға әнші, актер, жайдарманшы, блогер, журналист, тележурналист, өнер жұлдызы сияқты танымал тұлғалардан тұратын командалар қатысады. Берілген қиын да қызықты тапсырмаларды бұлжытпай орындап шыққан жағдайда жоба жүргізушісі ұсынатын 100 мың теңге жүлдені ұтады. Ал, егер тапсырманы қиынсынып, жиіркеніп не тағы да басқа себептермен орындаудан бас тартса, әр бас тартқан тапсырма үшін 10 мың теңге қысқарып отырады. Бұл жобаға өнер адамдары, әншілер, әзіл-сықақшылар, журналистер, тележурналистер, блогерлер қатысты. Әлі де жалғасып жатқан Дыбыссыз режимді көріңіздер.
Әрі қарай

ТОП-10. Ең көп қаралған видеолар

  • Kaztube
Kaztube.kz порталы жыл бойы тек сіздер үшін ғана қызмет етіп, портал ұжымы тек сіздер үшін аянбай ізденді. Бар мүмкіндігінше жылдам түрде қызықты видеоларды ұсынуға тырысты. Ұжымның жыл бойына жасалған еңбегіне қарасақ, бейнепорталымыз біршама толығып, сапалы контенттер саны арта түскен.
Сізге жыл бойына ең көп көрілген видеолардың ТОП-ондығы қызық па?
Ендеше, ең-ең көп қаралым жинаған он видеоға назар аударыңыз.
Баян Есентаеваның продюсерлігімен түсірілген «Осторожно, корова» фильмі (http://www.kaztube.kz/ru/video/121259) рейтингті бастап тұр. Ал, екінші орында Қайрат Баекенов пен Формат тобы орындайтын «Махаббат» әнінің бейнебаяны (http://www.kaztube.kz/ru/video/110225). Ондықтың үшінші орыны Базар жоқ театрының жаңажылдық «Әзіл әлемі» атты концерті (http://www.kaztube.kz/ru/video/110821).
Төртінші орынға «Ограбление по-казахски» қазақстандық фильмінің трейлері (http://www.kaztube.kz/ru/video/136762) табан тіресе, бесінші орында «Келін» сериалының 902-903 сериялары (http://www.kaztube.kz/ru/video/127336). Алтыншы орында – Нұртас Адамбаевтың «Келінка Сабина» фильмінің трейлері (http://www.kaztube.kz/ru/video/152187), жетіншіде – Геннадий Головкиннің Осуман Адаммен рингтегі кездесуі (http://www.kaztube.kz/ru/video/113705).
Сегізінші орынға «Алдараспан театрына 5 жыл» (http://www.kaztube.kz/ru/video/117503) деп аталатын видео жайғасыпты. Тоғызыншыда Қайрат Нұртастың «Лучший город KZ» шоуында салған әні (http://www.kaztube.kz/ru/video/115427). Оныншы орын КешYOU тобының «Махаббат» әні (http://www.kaztube.kz/ru/video/115100).
Бірінші орындағы видеомыз 36 880 рет қаралған. Біздің бейнепорталдан керегіңізді тауып, көріп жүргендеріңіз үшін өте-өте қуаныштымыз. Бізбен бірге болыңыздар!
Әрі қарай

ТӘУБА-пост

Райымбек даңғылынан төмен, әл-Фарабиден жоғары өмір жоқ деп өскен қала қызы едім. Кейін білдім ғой, өмір барын… Әл-Фарабиден жоғарыдағы өмірді армандамай-ақ қоюға болатынын білсем, Райымбектен төменгі өмірді де армандайтын адамдар бар екенін де енді түсініп жатырмын.
Бүгін күні бойы ауыл араладым. KCell компаниясының қолдауымен «Шұғыла» қоғамдық қоры жағдайы төмен отбасыларға көмір таратты. Біреуге бір тонна, біреуге үш тонна… Біреу риза, біреу тағы болса дейді.
Көргенім мен сезгенім бөлек әңгіме.

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына әйелдің жасы алпыста. Ішімдікке салынып, қылмыс жасап жүрген ұлы бар екен. Тұратын үйі — малқорадан да жаман. "Қарашаның басында бір тонна көмір әкеп беріп едім, нашар екен, жанбайды. Енді мына көмір қандай екенін құдай білсін. Сонда да рахмет. Маған «Шұғыладан» басқа ешкім көмектеспейді" деп отыр.
Көз алдыма өз шешем келді. Ол да алпыста. Мейлі, құндыз тон кигізіп, торғын шәлі жауып, шетелге саяхатқа жібермесем де, биыл Қытайдағы төркініне барып келетін қаржы тауып бере алмай сөзге қалсам да, оюлы камзолын киіп, ақ жаулығын тағып, немересін жетектеп қонаққа барып жүргенінің өзі бақыт екен ғой.

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына әйелді бес жасар баласымен екіқабат күйінде күйеуі тастап кетіпті. Қазір ұлы он жаста, қызы төрт жарымда. Жұмыс таба алмай, табылған жұмысты кішкентай қызын қарайтын адам таппай істей алмай, пұшайман күйде отыр. «Маған жұмыс тауып беріңдер, оған дейін ай сайын күнкөріске ақша беріп тұрыңдар» дейді. Біреудің босағасын паналап отыр. Ұлының мектебіне жаңа жылға бес жүз теңге сұрапты. Бере алмадым дейді. Мен бір мектепке бес мың, екіншісіне — он мың өткіздім. ТӘУБА. Пұшайман халге түскенде көмек қолын созған, «мына жұмысты сенен басқа ешкім істей алмайды» деп жұмыс берген достарым, балама баc-көз болған туыстарым бар.

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына отбасында бес бала, алтыншысы шешесінің ішінде. Тұратын үйлері — сегіз шаршы метр бөлме. Қызылордадан көшіп келіпті. «Неге келдіңдер?» десем, «осы жақта да тұрып көрейік деп» келдік дейді. Бір жағынан ызам келді. Күніңді көре алмасаң неге келдің? Бір жағынан қызықтым))))) Сегіз шаршы метрде тұрып жатса да сәбилі болудан тартынбайтын не деген жұбайлық махаббат десеңші!

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына үйге үнсіз кіріп, үнсіз шықтық. Үй анасы «ләм» деп аузын ашқан жоқ. Тек фотоаппарат пен камераға қарап күлімсіреп отыра берді. Жағдайын айтып байбаламдамады, ешкімнен ештеңе сұраған жоқ. Тек бойжетіп қалған қызы ғана бетін жасырып, теріс қарай берді. Бұл отбасында тоғыз бала бар. Үлкені жиырмада, кішісі — анау сүт еміп жатқаны. Тұратын үйлері — осы бір бөлме, алдында сенегі бар. Табалдырықтан аяқ киіммен аттауға батпай, етігімізді сыртқа шештік. Тазалыққа таң қалдық. Шкафтың үстінде тазалап қатталып оралған кішкентай баланың жөргек, киімдеріне көзім түсті. Апайдың өзінің өңін бермеген әдемілігіне сүйсіндім. Тоғыз баламен осындай тоқмейіл тірлік кешіп отырған адамды көргенде, өз тірлігіме тағы ТӘУБА дедім.

Мұндай кедей тірлікті тек Майлиннің шығармаларынан ғана оқыған шығармыз. Мен көргенім — тек шет жағасы ғана ғой. Көрген көріністен ішім удай ашып кетіп еді, қалаға қайтар жолда хан сарайындай мейрамхана тұр екен. Сөйтсем, бәрі біз көргендей жаман емес екен ғой, бар екен ғой бай-бақуатты адамдар, ТӘУБА.

Суреттер e-event агенттігінен алынды, авторы — Николай Судаков
Әрі қарай

Компьютерді смартфоннан басқару

Алдыңғы мақаламда Смартфонда мәтінді компьютер арқылы енгізуге қажетті қосымшаны жазған едім. Енді осыда керісінше компьютерді Смартфон арқылы басқару қосымшасы жайлы қысқаша нұсқауды қарастырдым. Бұл қосымшаның нұсқалары Android-қа да, IOS-қа да бар.
IT маманның кеңестері: Компьютерді смартфоннан басқару
WifiMouse – компьютерді смартфон арқылы басқаруға мүмкідік беретін қосымша. Бұл:
• сенсорды тышқан мен пернетақта орнына қолдануға;
• компьютерді сөндіруге, сөндіріріп-қосуға, ұйқыға жіберуге;
• ойнатқышты басқаруға;
• қажет десеңіз Презентацияларды да (Power Point) басқаруға мүмкіндік береді.
• Қажетті сілтемелер:
• Компьютерге: http://wifimouse.necta.us/
• Android-қа: Wifi Mouse
• Iphone-ға: WiFi Mouse
• IPad-қа: WiFi Mouse HD Free
Төмендегі видеода бағдарламаларды орнату процесін көрсеттім:
Әрі қарай

Android-қа WIFI пернетақта

WIFI клавиатура – смартфон пернетақтасын компьютер браузерімен басқаруға көмек беретін қосымша. Яғни браузердің көмегімен смартфонда мәтіндерді теру мүмкіндігі бар.
Компьютер мен телефон арасында байланыс орнату үшін екі құрылғы да бір WIFI желіге қосулы болу керек.
Орындалатын қадамдар:
1. Бағдарламаны жүктеп алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: WiFi Клавиатура.
2. Орнатқаннан кейін төмендегі терезе ашылады.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
3. Қосымшаны баптап алуымыз қажет:
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
4. Бағдарламаны іске қосып, қызылмен белгіленген адресті кез келген браузердің адрес жолына тереміз.
Ол әр телефонда әртүрлі болады.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
5. Бірақ «Жазу жазатын аймақта» терген мәтініңіз браузерде көрінбей, тек смартфонның мәтін аймағында көрінеді.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта


Әрі қарай

"Дыбыссыз режимде" блогерлер

Блог - kaztube: Дыбыссыз режимде блогерлер

Kaztube.kz бейнепорталының «Дыбыссыз режим» атты жобасына әнші, актер, жайдарманшы, журналист сияқты танымал тұлғалармен қатар әлеуметтік желілерде есімі таныс блогерлер де қатысты. Блогерлердің өзара әзілі жарасып, достық қарым-қатынасы тығыз болғандықтан шоудағы тапсырмаларды орындау қиынға түспеді деп ойлаймыз. Өздеріңіз көріп, бағасын беріңіздер :)

Әрі қарай

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!

  • Kaztube
Құрметті, қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, азат мемлекет болғанына 23 толуымен құттықтаймыз! Әрқашан еліміздің көк байрағы биіктен желбірей берсін! Жұртымыз тыныш, халқымыз аман болсын! Сындарлы саясатымен еліміздің тыныштығын, жеріміздің байтақтығын сақтап тұрған ақ патшамыз аман болсын!

Тәуелсіздік мерекесіне арналған екі күн демалыста сіздің назарларыңызға порталымыздағы мына видеоларды көруді ұсынамыз:
Kaztube.kz порталының жақында ғана жарық көрген жаңа жобасының 4 шығарылымы
http://kaztube.kz/kz/album/1260

Жақында ғана үлкен шоумен құрылған MBAND тобының онлайн-сұхбаты

Жанар Дұғалова, Илья Ильин — Жас тұлпар 2014 жеңімпаздары

Тәуелсіздік күніне арналады

5) Маржан Арапбаева – Арманыма асығамын

6) Құрмаш Маханов – Риясыз махаббат

7) Ұлытау ұлағаты – Темір жолмен теңіз жолына

Мейрамды біздің бейнепорталмен бірге қарсы алыңыздар!
Әрі қарай

Жаңа жылға жаңа пайдалы нысан

Блог - asaubota: Жаңа жылға жаңа пайдалы нысан

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Ақсай мұнай-газ кен орнын пайдалануға берілуі 2014 жылғы өндірістік қызметінің табысты аяқталуы деп батыл айтуға болады.

Ақсай құрылымы 1980 жылдары анықталған болатын, 2000 – 2006 жылдар аралығы кезеңінде кен орны сынамалық пайдалануда болды. 2007-2011 жылдары кен орындарының кенін соңына дейін барлау бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл Ақсайдың мұнай жиектерімен нақ газ кен орны екендігін анықтауға мүмкіндік берді. 2012 – 2014 жылдар кезеңінде кәсіпорын кен орнын жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізді, ол: ұңғымаларды бұрғылау, көмірсутек шикізатын өндіруге қажетті әр түрлі қондырғылар мен объектілердің құрылысы, құбырлардың және мұнай-газ кәсіпшілігін анықтаушы басқа да маңыздылығы кем емес инфрақұрылым объектілерінің құрылысы.

Блог - asaubota: Жаңа жылға жаңа пайдалы нысан

Көптен күткен іс-шара 2014 жылғы 12 желтоқсанда өтті. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Әлібаев Нұржан Нұрмағанбетұлы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры Абат Акмуканович Нурсеитовтың және «Петроказахстан» АҚ басшылығының өкілі Цин Хунвей, «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры Медет Сапиевич Кәрімнің басшылығымен салтанатты жиында Ақсай кен орны пайдалануға енгізілді.

«Ақсай кен-орнының қолданысқа берілуі «ҚазГерМұнай» компаниясының мұнай өндірісі көлемін қазіргі деңгейде тұрақтандырады,-деді ашылу салтанатында ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов. – Бұған қоса, газдың қосымша көлемі компанияға Қызылорда қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.»

Бұл жоба «ҚГМ» БК» ЖШС маңызды жобалардың біріне айналды. бұл кен орнын игеру лицензиясына ҚМГ БӨ-нің Қызылорда облысындағы бірлескен компаниясы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) ие.

Ақсай кен орны мұнай қорлары бойынша Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарына қарағанда әлдеқайда кіші екендігін атап өту қажет. Алайда, Ақсай кен орны бай және оны игеру бойынша жаңа жобаны жүзеге асыру компания бойынша жылына 55 млн. м3 деңгейінде газ өндіруді белгілеуге және Қызылорда қаласының халқы үшін үшін көгілдір отын жеткізіп тұруды тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кен орнын қолданудың I-кезеңіне сәйкес 5 ұңғыма пайдалануға берілді.

Miller and Lents, Ltd. тәуелсіз компаниясының есебіне сәйкес, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Ақсай кен орнындағы 2Р санатты мұнай қоры 1,5 млн. тонна, газ қоры — 1 626 млн. текше метр. 2015 жылы Ақсай кен орнынан 114,5 (тәулігіне 2,4 мың баррель) мың тонна мұнай мен 70 млн. текше метр газ өндіру межеленген. Жоспар бойынша өндірілген мұнай ҚГМ компаниясының қазіргі бағыттары бойынша сатылады, ал газ мемлекет белгілеген баға бойынша ішкі нарыққа жөнелтіледі.

«Ақсай кен орнын игеру» жобасына салынатын инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңге (шамамен 53 млн. АҚШ доллары). Болашақта ұңғымаларды салуға қосымша инвестициялар салынады деп күтілуде.

Ақсай кен орнын пайдалану арқасында, қазіргі уақыттағы мұнайға әлемдік баға төмендеп кеткен кезде, «Қазгермұнай» БК» ЖШС еңбеккерлерінің штатын 720-дан бастап 742 адамға дейін арттыра алды. Штаттық кестені және еңбеккерлер құрылымын қарай отырып, Ақсай кен орнында 27 адам еңбектенеді деген шешім қабылданды. Сонымен, өндірістік персоналдың жалпы саны Алматы мен Астана қалаларындағы бас офистің және өкілдіктерінің 187 еңбеккеріне қарсы 555 адамды құрады.

PR менеджер Раушан Базарбай
Әрі қарай

"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

Блог - asaubota: Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты.

Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды.

«Мақсатымыз қазақ блогосферасын және азаматтық журналистиканы дамыту. Блогерлердің азаматтық журналистика саласында шеберліктерін шыңдау, оларды ынталандыру, блогосферада тұлға ретінде қалыптастыру, аймақтардағы жаңалықтарға назар аударту, жетістіктерді және мәселелерді көрсету болған еді. Болашақта мұндай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз» дейді аталмыш жобаны ұйымдастырушы Аршат Ораз.

4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы), Ая Өміртай (Астана қаласы), Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы) бағалы сыйлықтармен марапатталды.

baq.kz
Әрі қарай

CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды

Астананың танымал кофеханаларының бірі CoffeeNova бүгін 30-дан астам жаңа тәтті өнімдерін таныстырды. Кофехана қонақтарына түрлі торт, печенье, тоқаш, бәліш және тағы басқа тәттілер ұсынылды.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
CoffeeNova қожайыны Айжан — бұрынғы мемлекеттік қызметкер, ІТ саласында жұмыс істеген. Үш бала туғаннан кейін бизнеспен айналыса бастапты.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Айжан жаңа рецепттерді Испанияға барып үйреніп келген.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Кей тағамдардың ұнын Италиядан алдырады екен. Мысалы жақсы круассан пісіру үшін біздің ұн жарамайды.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
CoffeeNova-да түрлі еуропалық тәттілер таба аласыз. Макарони печеньесінің 4 түрі бар.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Бағалар тым қымбат емес, сапа және тәтті дәм үшін лайықты бағасын төлейсіз.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Торттар өте дәмді және жеңіл. Шамамен 4-5 мың теңгеге жақсы торт ала аласыз. Ал ең қымбат Карамель тортының 1 килосы — 6000 теңге.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі 15.
Тапсырыс үшін: 8-701-805-99-55
Әрі қарай