Kaztube.kz бейнепорталының жылдық қорытындысы

  • Kaztube
Міне, 2014 жыл да аяқталып қалды. Бәрі де жыл бойына атқарған қызметіне есеп беруде. Біз де өолданушыларымызбен бірге болған осы бір жылымызды қорытындылап, атқарған қызметтерімізге шолу жасауды жөн көрдік.
Kaztube.kz бейнепорталы үшін 2014 жыл өте жемісті жыл болды. Қызықты видеолар, эксклюзив сұхбаттар, жаңа жобалар, бәрі-бәрі тек қана порталымыздың көрермендері үшін дайындалды.
Биыл kaztube.kz бейнепорталында екі бірдей видеоблог жүргізіле басталды. Оның бірі — Жұлдыз Сейсенбекова жүргізетін ProfBlog (http://kaztube.kz/kz/event/20). Мұнда Жұлдыз 28 видеопост түсіріп, түрлі мамандықтың кәсіби иелерінен қызықты сұхбаттар алды. Кәсіби маманның кәсіби сұхбаттарын көргіңіз келсе, Жұлдыздың видеоблогын қарай жүріңіз.
Порталымыздағы екінші видеоблог – Эльвира Ерғалинаның видеоблогы (http://kaztube.kz/kz/event/19). Онда Эльвира түсірген 36 видеоның ішінде түрлі қызықтар бар: эксперименттер де жасалды, жасырын видеолар да түсірілді, қызықты әрі қауіпті сұхбаттар да алынды, ерекше әрі маңызды сауалнамалар да жүргізілді, салтанатты кештердің сахна сыртынан да видеолар әкелді. Түрлі саланың қызықты видеоларын көргіңіз келсе, Эльвираның видеоблогын қарай жүріңіз.
Kaztube.kz порталында жарық көрген ерекше әрі керемет жоба – Бейнепоэзия (http://kaztube.kz/kz/album/688?%3E). Бұл жобадаөнер адамы, елге танымал тұлға, қоғам қайреткері бір поэзияны жатқа оқып береді. Порталымызда 13 өнер адамының қара өлеңді нақышына келтіріп оқыған видеосы бар. Танымал тұлғаларымыздың өнердің барлық түрінен кенде емес екенін дәріптеуге бар күшін салып жатқан Бейнепоэзия атты жобамызды көріңіздер, тағы да қызықты видеолар ұсынатын боламыз.
Ал, 2014 жылдың ең басты, ең қызықты жобасы – Дыбыссыз режим (http://kaztube.kz/kz/album/1260?%3E). Жаңа жоба — өте көңілді, өте қызықты, «Дыбыссыз режим» деп аталатын реалити шоу. Берілген тапсырмаларды дауыс шығармай орындау талап етілетін бұл реалити шоуға әнші, актер, жайдарманшы, блогер, журналист, тележурналист, өнер жұлдызы сияқты танымал тұлғалардан тұратын командалар қатысады. Берілген қиын да қызықты тапсырмаларды бұлжытпай орындап шыққан жағдайда жоба жүргізушісі ұсынатын 100 мың теңге жүлдені ұтады. Ал, егер тапсырманы қиынсынып, жиіркеніп не тағы да басқа себептермен орындаудан бас тартса, әр бас тартқан тапсырма үшін 10 мың теңге қысқарып отырады. Бұл жобаға өнер адамдары, әншілер, әзіл-сықақшылар, журналистер, тележурналистер, блогерлер қатысты. Әлі де жалғасып жатқан Дыбыссыз режимді көріңіздер.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше