САРЫ
Құтылатын амал қалмағанын ұққан жігіт ақырын ғана аспанға қарады. Артында мылтық кезеніп тұрған жендеттерге бұрылғысы да келген жоқ. Одан не пайда? Қарусыз адамды ата салуды ерлік санаған қорқаулардың түрі емес, соңғы көргені өзінің сары даласы болғаны мың артық. Патшаның сасық түрмесінде шірігенше, өзі сияқты кең даланы тынымсыз кезген ит-құсқа жем болғаны жақсы.
Әрі қарай






Жалпы қай халықтың болмасын дәстүр-салтына көз жүгіртсеңіз барлығы қара түсті жақтырмайды. Бұл түс туралы тек негативті пікірлер ғана айтылады. Не бір жамандық атаулыны, абройсыз дүниені осымен байланыстырады. Неге? Себебі қара түнектің түсі. Қорқыныш. Адамзат әуелден бастап қараңғылықпен алысып келді. Оны жек көрді. Сондықтан да ол туралы тек негативті көзқарасты ұстанады. Ұнамсыз дүниелерінің алдына қара сөзі жалғайды. Қара түске байланысты позитивті ойлар айтушылардың қатары сирек. Дегенмен, қараның бәрі абройсыздық емес. Мәселен біз әңгіме қылған "Қара металлургияны" жаман деп айта алмайсыз. Иә, рас жұмысы ауыр бірақ, беделі жоғары. Олар металды балқытады. Кәдімгі қара теміріңіз домна, конвертер пештерінен лава тәрізді атқылап ағып жатады. Көз алдыңызға ол цехтардағы ауа температурасының қай шамада болатынын бағамдай беріңіз. Металлургтер ыстықтан қорғану үшін үстеріне суконка киіп алады. Теріден тігілген ауыр әрі қалың киім, бірінші ұшқындаған металға күйуден сақтаса, екіншіден денеге ыстық өткізбей сақтайды.




















































Бір қарағанда олардың сөйлейтін тілі, көретін көзі, еститін құлағы, иіскейтін мұрны, қысқасын айтқанда ешбір сезу мүшесі жоқ болып көрінеді. Сол себепті де оларды таптап өткенде немесе тамырымен жұлып алған кезде жүрегіміз дір етіп, бойымызда аяныш сезімі пайда болмайды. Ал шын мәнінде олардың жасы адамзат жасынан әлдеқайда үлкен. Олар жануарлар эволюциясын, жердің беткі қыртысын өзгерткен. Олар біз біле бермейтін сан түрлі қасиетке ие. Керек болса Сізді емдеп, ыстықтасаңыз — сая, тоңсаңыз жылу сыйлап, қарныңыз ашса азық бола алады. Ал жөнді-жөнсіз „жанын жаралай„ берсеңіз, Сізден өш алып, өлтіреді! Бұл жазба жер планетасының жаны, һәм ақылы – өсімдіктер туралы болмақ.



