Өсімдік тілі - тілсіз тіл



Жасыл түс десе көз алдыма әкемнің көктем, жаз айларында жасыл түске бөленіп тұратын бау-бақшасы, өз қолымен отырғызған жеміс ағаштары елестейді. Әлі есімде… Мектеп табалдырығын аттауға дайындалып жүрген кезім. Жаңадан тұрғызылған үйіміздің маңында ағаш тұрмақ арам шөп өспейтін, себебі біздің ауыл сары топырақты, еккен өсімдіктің өсіп шығуы қиын жер еді. Мен мектепке баратын жылы әкем алғаш рет өрік ағашын отырғызды.
-Мұның бәрі жақсы амал, мұның бәрі естелік, — деді әкем жеміс ағашын отырғызып болған соң. Арада бір-екі жыл өткеннен кейін әкем тағы бір өрік ағашын отырғызды. Ол менің туған бауырымның мектепке бару құрметіне болатын. Одан бері шамамен жиырма жылдай уақыт өтіп кетіпті. Қазір бақшамызда өрік ағаштарынан бөлек алма, шие, терек бәрін қосқанда жетпістен аса ағаш бар. Бұрын есік алдындағы электр бағанында қарға қарқылдап отыратын, ал қазір бау-бақшамызда басқа да құстар сайрап жүреді.
Бала кезімде мен де әкемнің қасында жүріп өрік ағаштарын суғарып, түбін әктейтінмін. Қиялым жүйрік болды ма, білмеймін, әйтеуір әр жеміс ағашының жанына барып «Қалың қалай? Бәрі жақсы ма? Бойың менен де кішкентай ғой, қашан өсесің?» деп сұрақ қойып, сөйлесетінмін. Бүгінде ол ағаштардың бойы менен әлдеқайда биік.
Қазір сол кездегі қылығыма күле қараймын, бірақ өкінбеймін. Себебі әлі күнге дейін өсімдіктер де адам сияқты қуанып, ренжіп, уайымдай алатынына сенемін. Мен жай ғана сеніп жүргенде, өмір жолын ғылымға арнаған ғалымдар солай екендігін дәлелдеп те қойыпты.
Өсімдіктер де уайымдайды

Өсімдіктер айналасында не болып жатқанын сезіп қана қоймай, көреді және бір-біріне хабар береді-мыс. Мысалы, бір бөлмедегі екі терезеңізде екі түрлі үй өсімдігі өсіп тұр делік. Егер оның бірі суға мұқтаж болып, сарғайып кетсе, екінші өсімдік сізді көмекке шақырады. Бірақ қолыңызда оның сізді қалай шақырып тұрғанын анықтай алатын арнайы құрылғы жоқ, сол себепті ештеңе сезбеуіңіз де мүмкін. Дегенмен бір белгінің болары хақ. Мысалы, басыңыз ауырады…
Өсімдіктер әдемі әуенді жақсы көреді

Бір тал кессең, он тал ек!

Мұндай мысалдарды тізіп айта берсек – көп! Жер – Ана ешкімді де, ештеңені де жазасыз қалдырмайды… Адамзат табиғаттың бір бөлшегі – ағаштарды дәл осындай қарқынмен аяусыз кесе берсе, алдағы ғасырда алдымызда не күтіп тұрғанын елестетудің өзі қиын.
„Мас орман„

Олардың да өз тілінде сөйлей, ойлай алатынын, көріп, ести білетінін біздердің сезе бермейтініміз өкінішті. Қайткенмен де, Абай атамыз айтқандай «ақылымыз өлшеулі» емес пе… Олар бізсіз, мына адамдарсыз күн көре алмай қалмас, ал біз оларсыз күн көре аламыз ба?!..
Әкеден мал қалғанша, тал қалсын

Жасыл түс — жақсылықтың нышаны, тоқшылықтық, молдықтың белгісі. Жасыл түс – жұмақтың түсі. Ендеше, табиғатты аялай білейік. Өз ырысымызды өзіміз шашпайық, достарым!
Зарина Абильмажинова
7 пікір