Үздікті тап

Елдерге блогиада азық болып, пост қаптапты ғой. Мен де бірінші постымды жазып көріп отырмын. Пост болғанда сауалнама. Бірінші турдың қорытындысы бойынша ең үздік жазба қайсы? Дауыс беріңіз.
Әрі қарай

Жұбаныш

Кешті асыға күттім… Әлі де күтсін, тағатын тауыссын деді ме, күн көккжиекке тіреліп алып, батпай қойды.Сағаттың әр тілі зіл байлап алғандай алға жылжымады. Күндізгі бар тірлікті құшағына алып, қалғып кететін мынау тар қала бүгін сергек. Өтпей қойған уақыттың кербездігі есіме Оны салды. Сағынсын, зарықсын, ең соңғы шыдамы таусылып барып, аяғыма егіле жылап құласын дейтіндей Оның асқақ тұлғасы мен алға жылжымай қойған мына уақыт екеуі егіздей. Өксікке тұншығып өліп қалмаудың амалын іздей бастадым. Ең болмаса өзімді өзім жұбатайын дедім. Тұңғиыққа батып бара жатып, қолына түскенді қармап қалғысы келеді екен адам, ал, қармап қалғаныңыз қандай нәрсе екені маңызды емес. Ішкілікке салынып кеткен туыс ағамды сөккем, сөйтсем, батып бара жатып қармап қалғаны – қу арақ екен. Біреудің ішіне үңілмей жатып, сыртынан жазасын дайындап қоямыз.… Жиналған адамдар арасынан Жұбанышымды іздедім. Менің құтқарушым сол болуы керек. Бір мейірге шөлдегенде шөліңізді басатын су болмаса, у ішесіз… Әйтеуірі, жұтылатын, кеуіп қалған көмейіңізді жібітер сұйықтық болса болды.…
Жұбаныш әдеттегідей қоңыр көздері күлімдеп, ортада жүр. Мен ол үшін әншейін көптің бірі шығармын. Назарын аудартатын ерекшелігім жоқ, ерекше көрініп те әуре болғым келмеді. Бәрі биге көше бере, бойымдағы соңғы батылдығымды жинап алып, жанына жетіп бардым да, қолынан ұстап алдым. Түк түсінбей абдырап тұрды да, күліп жіберді:
— Айым, қалайсың?
Үнсіздік… Басқа уақытта томаға тұйық жүретін мені түсіне алмай қалды, мүмкін мас деп ойлады. Маған бәрібір еді. Соңымнан соттап, арымды таптап, елге күлкі етсе де бәрібір еді.
Өле алмай шалажансар болып қиналып жатқан кезде, ажалдың қалай келері маңызды емес. Теріңді тірілей сыпырып алып, отқа шыжғырса да, денеңді бөлшектеп, балталап шапса да, өңешіңді үзердей қылқындырса да — ауруы бірдей еді. Ақырымды ойлауға мұршам жоқ. Оның жерлеп кеткен сезімін өлтіріп алмай, бір назарға ілігіп кетсем дедім. Әйелді өлтіруге көп күш жұмсап керек емес, бар болғаны назар аудармасаңыз болды. Өз-өзінен солып қала береді. Әйел күн сайын не үшін таранып, боянып, әдемі киінуге тырысады? Әрине, сүйікті болу үшін, елеусіз қалмау үшін. Әйелді жалғыз өзін иесіз аралға апарып тастасаңыз осылай сыланып, таранып, әдемі болып жүрер ме екен? Жоооқ, егер өзін енді ешқашан ешкімнің көрмейтінін түсінген күні-ақ, босаңсып сала береді. Шашына қызылды-жасылды гүлдер тағып, айна алдында өз-өзіне ұзақ сүйсінуін қояр еді. Ал, мына қоғамда елеусіз қалғанының өзі соңғы үмітпен айна алдында таранады: «Тамсанар біреу...»
Менің күйіп-жанғаным, өртенгенім Оның самарқаулығын жібіте алмады… Оның алдында өзімді ұмытқам, ұят, ар деген ұғымдарды ойдан шығарылған далбаса деп сендіргем өзімді. Бәрі бекер екен. Өз-өзіме өлім жазасын кескенімді ұқтым. Көрден мені ешкімнің алып шықпасын ұқтым, өлген күні жұмаққа апарар деп ойлауға алып қойған соңғы Үмітімді пайдалануға көштім. Үмітім– Жұбаныш еді.
Қолынан ұстаған күйі көлеңкелеу бұрышқа жетектеп әкелдім. Жұбанышым да ақырын көрейін дегендей соңымнан еріп келеді. Билеген сайын қызынған адамдардан алыстай бере тоқтай қалдым да, ерініне қадалып, ыстық сүйіске көміліп кеттім. Тоқтатып, себебін сұрап алуға еркектігіне сын көрді ме, ештеме сұрамастан аймалай берді. Бірнеше күннен жиналған ыза, ашу, көрген жәбірдің есесін ащы сумен емес, сүйіспен де қайтаруға болады екен.
— Қазір, қазір...-дей берді жан-жағына қарап. Ып-ыстық сүйіске тұншыға бердім, бір сәтке тоқтап қалсам, ойымның өзгеріп кететініне, Оны осы уақытқа дейін аңсап келген бар болмысым кері өз қалпына түсіп, тағы да зарығып кететініме, алдымдағы Жұбаныштан айырылып қалып, қайтадан түбі жоқ табытқа ұқсас суық ойдың тұңғиығына батып кететініме күмәнім жоқ еді. Өзіме ойлануға мұрша бермедім, Жұбанышымды да ойлантуға уақыт жібермедім.
Ақыл-деген суық, кез-келген құбылыстың алдын алып, өзге арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Нәтижесінде өзіңнің қалауың емес, өзге біреудің өміріндей жат дүниеге тап боласың, көп ойланып-толғанған сайын болмысыңды, ішкі қалауыңды, сезіміңді, өзіңе ғана тән ерекшелікті жоғалтасың. Міне, мен осындай қорытынды ойлап таптым өзім үшін, бірақ өзгелерге бұл тәсілді тиімді деп ұсынған емеспін.
Ойланбай жасаған ақымақ қадамың өміріңдегі ең ыстық сәт болып, есіңде қалып қоюы мүмкін. Жұбаныш қолымдағы ермексаздай еді. Қандай қалыпқа түсіріп, қандай мүсін жасасам да көнуге тиіс болып көрінді. Арт жағымызда тұрған ашық есікке еніп кеттік. Кіріп бара жатқанымыз бөлме ме, көр ме белгісіз еді. Жыл сайын сырланып, қалыңдап кеткен ауыр есіктің ысырмалы темір кілтінің сыртылған дауысы шықты. Біреуіміздің ойымызға есікті кілттеу туралы ой да жетіп үлгеріпті. Мен ұят туралы ойлаудан бас тартқалы қашан, шамасы есікті кілттеген мен емес, Жұбаныш болар.
Созылмалы темір керует бір созылды, бір жиналды, қинала сықырлаған дыбысын да шығарды. Көзге түрткісіз қараңғыда бірімізді-біріміз қалай тапқанымыз белгісіз, бірақ, миға түскен хабар бойынша қолымыз қателеспей қалаған жерін тауып жатты. Ұзақ уақыт сарылтып, басымды жерге бүгіп әкелген Оның асқақтығына өшігіп алсам керек, есесін осылай қайтарғандай болдым. Ол мені дәл қазір көрмесе де, сезіп, қызғансын дедім. Тіпті бір уақытта дәл қазір жанымда қарап тұрса ғой дедім. Есікті бекер кілттеді ғой Жұбанышты сөктім іштей, бірақ, оның дәл қазір бұл қалада емес екенін жақсы білсем де, қиюы келіспейтін ойлар санамды мазалай берді.
Ілгегі жартылай шешілген оның жейдесі, сырмасы ағытылмастан қалай шешіліп қалғаны белгісіз менің көйлегім, сыңары төрден бір шыққан аяқ киімдер, жатып үлгермей-ақ жан-жаққа жайрап қалған төсек пен жастық, ентігіп, өң мен түстің ортасында ойын жинақтай алмай отырған Жұбаныш, өз қылмысыма риза болған мен… Бұл оқиғаға куәгерлер осылар еді.
Жұбаныш не үшін деп сұрамады, мен түсіндірмедім… Жапа шеккен де ешкім болмады. Бір кезде су деп ішкен удың зияны болмады. Ішімді жайлап бара жатқан уды у қайтарса керек. Ал Ол сол күйі асқақтық, биіктік атауын сақтап қалды. Қол жеткізбеді. Себебі қол жеткізген күні біз биіктікті мойындауды доғаратын едік.
Әрі қарай

Минск қаласына жолым түсті

Минск қайдасың?

Ұшақ Минск әуежайына қонуға арналған маневрін жасауға даяр болғаны хабарланғанда орындықтағы сақтандыру белдемшесінің екі басын бел тұсымда қосып біріктірдім. Әуедегі төрт сағаттық жолым аяқталуға шақ қалды. Бұлттардан төмен түстік, таң атып қалған шақ, жер релефі анық көрінді.
Иллюминатордан:
-Минск қайдасың?, -дегендей үңіліп қарадым. Көрінбеді. Ұшағымыз қонатын әуежай орман алқабын текше тәрізді.
Көп ұзамай Беларуссия жеріне аяғымыз тиіп, әуедегі жолымыз сәтті аяқталды.
Ұшақтан түскен бойда арнайы автобусқа отырып әуежайдағы кедендік терминалына жеттік. Кеденнен өттік. Багаж алдық.
Қалаға дейін 22 километр. Автобус орыннан қозғалды. Әуежайдан шыға сала ұшақ иллюминаторынан көрінген орманды тіліп өткен жолға түстік. Жеті-сегіз шақырымнан кейін орман аяқталды. Жолдың оң жағын бақыладым. Тегіс жап-жасыл даланың соңы көкжиектен көрінбеді, арғы жағында орман шығар, қазір көзім тек бір шақырымдағы дөңнің қырын сызады.
Үш-төрт шақырымда тік мұнара сұлбасы көрінді, жақындай келе дөң басына орнатылған мемориалдық комплекстің ескерткіш ажыратылды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған.
Таңғы бесте көшелері автокөлікке, қала тұрғындарына толып үлгермеген ұйқылы-ояулы Минск кезекті қонағын осылайша қарсы алды.

Беларуссия рубльлі

Беларуссиямен нағыз танысуым валютасынан басталды. Валюта курсы. 1 теңге 78 белоруссия рубльлі (б. р.).
Қазақстандыққа 1 миллион теңге біршама қаражат 5000$-дан (доллардан) артық сомма. Беларусс азаматына 1 миллион б. р. =66$.
Бір аптадан кейін валюта айырбастау пунктерінде 1 тенге үшін 83 белоруссия рублін ұсынды. Теңгемен беларуссияда тауар бағасын көргін келсеңіз оп-оңай, 1 теңге курсына бөлеміз.
Минск метросына бір рет жүріп өтуге мүмкіндік беретін жетон құны 4500 б. р. теңгеге айналдырсақ мөлшермен 55-ке тең.
Кең қолданыстағы АИ 95 бензиннің 1 л. бензин бағасы 12000 б. р., Coca-Cola 1 л. пластмасса шөлмекте 16000 б. р.
2015 маусым айында жалақылары дүкендегі сатушының, микроавтобус жүргізушінің орташа айлығы 3-5 млн. б. р. (200-350$). 2014 жылдың басында жалақылары екі есе көп болған деседі (400-700$).
Халық жағдайын сақтап тұрған мемлекеттік бағалар. Өйткені қала ішінде автобустық парк мемлекеттік, метро мемлекеттік, кейбір дүкендер мемлекеттік. Үлкен өнеркісіпте мемлекеттік.
Дүкендерде оқушыларға арналған аяқ-киім сатылғанын көрдік, бағасы арзан. Өйткені Беларуссия өз аяқ киімін өндіреді.

Минск қаласының «Коморова» базары

Базар-рынок. Қолымдағы теңге үшін көре сала «қазақстандық» деп таныды. Төбесі жабық үш-төрт қабатты үлкен ғимарт ортасында сауда жүргізу алаңы орналасқан, көлемі жарты футбол алаңы. Қабырғаларын жақтай үш-төрт қабатты террассаның бірінде орналасқан «Комунарка» фирмалық дүкенше сатушысы:
-Это у Вас теңге, Вы из Казахстана, -деп сұрап үлгерді.
-А вы знаете его курс?
-Да, хорошие деньги.
Теңгені танып тұр.
Қазақстан туралы не білесің десең бірден беретін жауаптары:
-Қазақстан бай мемлекет.
Базар жайлы сөз бастап аяқсыз қалдырмайын. Базар –базардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Базарда мемлекеттік саясат таңбасы кездестірдім: «мемлекеттік баға» деген жазудың астында көкөністерді саудасы жүргізуде.
Тіл білгендікен базар келушілерінің эмоциясы сезіліп-ақ тұрды, мұнда да арзан баға қуғандар болды. «Арзан баға» деп те таласқандарды көрген жоқпын.
Базарды аралаған зейнет жасына жақындаған жұп -ер мен әйел базар бағасын талдап:
-Текке келіппіз, бағасы түкте арзан емес, -деген ой қорытқанына құлағым шалды…
Базары үлкен болғанмен саудагерлердің көбі жергілікті халық -европалықтар.
Бүкіл базарда «жергілікті» бір цығанды көрдім, базардың шеткі кіре берісінде бал ашумен айналысып отыр. Қарным ашып тез арада тамақтану үшін шошқа еті жоқ азық дайындайтын орын іздегенімде сұрастырдым.
-Вон там братья армяне шаурму делают.
Мұсылман армяндықтарды көрген емеспін, дегенмен тағамы халал шығар. Дүңгешектегі сатушыдан:
-Неден жасалды? –деп сұрай, сұрай шаурмасын сатып алдым. Дегенмен шаурмасы ұнады.
Базарда сауда жасағанда төленген салмағынан кем өлшеп қолға береді деп қауіптенудің қажеті жоқ немесе ақша ұсағын қайырғанда дәл қайырады. Одан кейін 100, 200, 500 б. р. дөңгелетсе ренжімеңіз (100 б. р. =1.25 теңге). 500 б. р. бір рет қолданатын пластмасс стаканды ғана сатып аласыз.
Егер саудагер өзі қайтарған ақшаның ұсағын «сатып алушы қайталап санап жатқанын» көрсе, онда оның әрекеті ұнамағанын айтып жеткізеді:
-Қорықпаңыз, ақша ұсағын дәл қайтарамыз, -дейді.
Беларусстар алдап арбаумен күн көрмейді, тек еңбегімен күн көреді дегенді жиі естисіз. Таза еңбекпен өмір сүру беларусстың бір қыры. Халық арасында осындай пікір кең таралған.

Европалық пита

Қаламен танысуын орталық базардан бастап, онда шаурмамен аш қарынды толықтырғанымды баяндағанмын.
Минскте туристік аудан бар. «Троицкие горы» және Немига көшесіндегі «Макдональд»-ті жалғаған көше бойындағы террасса арқылы жүріп өтуге кеңес беремін.
Алғашқы күндері бүкіл қаламен үстірт танысуға тура келді.
Барып көретін не қызық бар, оған қалай жетуге болады деумен өтті.
Көшелер бойын аралап жүріп жазғы шатыры бар кафэге көзім түсті. Кафэ десем, сырахана. Сыра ішілмей жатқан кафэні де көрген емеспін. Сыра молынан ішіледі десем қателеспеймін. Келушілердің көбі сыра ішіп отырады. Кафэ немесе сырахана деп бөліп айта алмайсың, көп жерде кешқұрым сыра ішеді. Айырмашылық тек менюінде ғана.
Ананы-мынаны ажыратқанша қасыма келген официантқа тапсырыс беріп үлгердім:
-Шай, сосын шаймен бірге тамақтануға болатын ыстық тағам, -дедім.
Официант тапсырысты шағын жазба кітапшаға бетіне жазып алып, не әкеліп беретінін түсіндірді,
-Шай, сосын бір порция пита.
Менің «пита» атауымен тағам таныс болмай тұрғанын байқап:
-Шаурма не екенің білесің бе?
Басымды изедім.
-Пита шаурма секілді, шаурмадан жақсы, дәмін татып көріңіз.
Одан кейін ненің етінен жасалған «пита» қалайтынымды сұрады.
Тамақтанып алдым.
Пита дегені дәлме-дәл шаурма. Тек мұндағы шаурманың түр-түрін көбейтіпті. Тауықтың, сиырдың және етсіз -вегетариандық үлгісі.
Мәссаған! «Пита»-ны европалық сатып тұр. Мінекей импортты, жай ғана тауарды емес, адами және мәдинет импорты алмастырып тұр. Ұлтшыл пиғылдан емес, тіпті ұлтшыл болсын дейік жаз айында Өскеменде қаптайтын гастербайтерлерді көріп олардың көбісін ұнатпаймын. Түсінемін оларда адамар, оларда азық тапқысы келеді-ау тек, келсе «таза келіп», «таза кетсе».
Бір апта бойы Минск қаласын аралап, тұрғындарымен әңгімелескеннен ұққаным -Беллоруссияда «гастербайтер» таралмаған. Белорусстардың өздері көрші мемлекеттерде бағалы жұмысшы санатында. Оның себебі де, негізі бар. Біздің гастербайтерлермен салыстыруға да келмейді.
Орта кәсіптік білімді маманның кәсіптік даярлық деңгейі де жоғары, ондай мамандықтарға сұраныс бар. Дәлел ретінде Минсктегі шоғырланған кәсіпорындар тізімін келтірсе болар. Ондай кәсіпорындармен қайдай да мемлекет болмасын мақтан тұтатыны анық. Өнеркәсіп дайын өнім шығарғанға бейімделген.
Негізі әңгіме «пита»-ны европалық дайындап, оны сатуымен айналысқаннан басталғаны сізге белгілі. Қандай ойды жеткізгім келгенін түсінген шығарсыздар.
Питаның түр-түрі және атауы көп шаурма, кебаб, донер. Ең бастысы сыртында нан, іші азық түрлерімен толықтырылған. Пита атауымен араб асханасының тағам түрі де белгілі.

Велотурист

Туристке жүріп-тұру үшін метро және такси қызметі ыңғайлы. Такси бағасы қазақстандағы такси қызметіндей, біреуімізге сәл арзан немесе қымбат. Одан кейін велосипед!
Велосипедпен қозғалу ыңғайлы болу үшін тас жол бойындағы жолаушылар қозғалатын жолақтар екіге бөлінген. Бір жағында жаяу жолаушылар, екінші жағында велосипедшілер жүреді. Туристік орталығында және жаңа аудандарында осындай велосипед жүретін жолақтарды жиі кездестірдім.
Велосипед көмегімен қозғалып демалуға болады, мысалы парк ішінде. Ұлы Отан Соғысына арналған музей артында үлкен парк бар.
Алғашқы күні Камарово рыногының қасында велосипед қоятын тұраққа көңіл аударғанмын. Байқанымда ондай велотұрақтарда қажеттілік баршылық. Қала ішінде түс ауа велосипедпен жүретіндер көбейеді.
Парк және демалыс орындарына аптаның демалыс күндері баруға кеңес беремін. Оның бір себебі –фонтадардың көбісі аптаның демалыс күндері іске қосылып бұрқақтарынан су бүркиді.
Велосипед жалға беріледі. Сондықтан жаяу туристен велотуристке айналу оп-оңай.

Архитектуралық тарих

Өскеменде, Семейде, Риддерде қазан революциясына дейін, 30-шы, 40-шы, Сталиндік, Хрущевтік, 80-ші, 90-шы жылдағы архитектуралық үлгіде салынған ғимараттарды Минскіден табылады.
Ұлы Отан соғысына дейін салынған ғимарттар саны аз. Соғыс шебі қаламен өткен. Ғимараттар қирап, олардың тек қирандылары қалған.
1946 жылдан қала ғимараттары қалыпына келтіріліп немесе қайтадан салынды.
1990-шы, 2000 жылы салынған ғимараттар заманауи: бетоннан қапталған шыны, 20 қабатты. Кейбіреуінің архитектурасы көңіл аударады.
Оның ішінде арнайы салынғандары бірден көзге түседі.
Совет дәуірінен кейінгі тәуелсіз Белоруссия символы, ғимараттағы символы Ұлттық кітапхана. Оның ең үстінен, 80 метр биіктіктен бас қаланың шолып қарауға мүмкіндік бар.
Кітапхананың фойесіндегі шағын сувенирлік дүңгешікте қала картасы сатылады.
Қала тұрғындарға арналған жаңа үйлер жеке-жеке комплекстер құрайды. Жеке бір түсте, мұнара тәрізді, қырларында тік емес дөңес болса, кейбіреуі кең проспектке киілген тәжі тәрізді көшемен қиылысқан жерінде орналасқан.
Жаға архитектурасы Совет үкіметінің тұсынан қалған «архитектурадан» алшақтаған.

Кеш, түн

Түннің тастай қараңғы немесе күндізгідей жарық болуы географиялық орналасуына байланысты. Минск қаласының маусым айының түні тастай қараңғы емес, өте сейілген сәуле түсіп тұрғандай, релельефті ажыратады.
Түн бетінде сырахана, кафэ, барлар, ресторандары жұмыс істейді көбісі сағат 23-00 жұмыстарын тоқтатады. Туристік ауданда ас пен қатар көңіл көтеретін орындарда ресторан, кафэлерде кешті өткізсеңіз шынайы әуенді, кейде әуенге жандауысты ән қосылып айтылғанын естисіз. Әр көңіл көтеретін орынның ерекшелігіне сай өзінің музыкалық программасы орындалады.
Таң бетіне дейін қызметін жалғастыратын ресторан, бар және казино баршылық. Маңында әлемнің түп-түбінен келген қонақтар кездеседі.
Автокөлік қозғалысы бәсеңдейді. Жолда байкерлер байқалады.
Меніңше мұндай көрініс үлкен мегаполистерге ортақ.
Қарпайым аудандарда кешқұрым тыныш. Ондай аудандарда қымбат дүкендер жоқ. Ойын-сауық орындары аз және ғимараттары көп қабатты тұрғын үй болғандықтан жарықпен аз көркемделеді.

Жолда қозғалу ережесін бұзсаңыз

Қызыл шамға тоқтамай жаяу жүріп өтсеңіз қанша айыппұл (штраф) төлейсіз?
Штрафтар соммасы базалық мөлшермен анықтайды. Штраф мөлшері 1-3 базалық көрсеткішке дейін (б. к.). Әр жылға базалық мөлшер әр қалай, 2015 жылдың 1 қаңтарында 1 базалық мөлшер =180000 белорусь рубіліне (жуықтап алғанда 2250теңге).
Егер алкоголь немесе наша әсерімен бұзаңыз 3-5 б. к. Белорусияда жол ережесін жиі бұзған жолаушыларды немесе автокөлік жүргізушілерін байқамадым.
Автокөлік жүргізужілері клаксоннан дыбыс шығару асықпайды. Бір-бірін асықтырмайды. Әрине мұнда да шыдамсыз, асығыс жүргендер баршылық. Сабырлы болуға бас қаланың жол қозғалысының ұйымдасуының ерекшелігі өз септігін тигізеді.
Қала орталығымен метро жүргендіктен жолаушыларға арналған жер астынан өтетін орындар көп.
Қиылыстан өткенде автокөліктерге орын алмастыруға тиым салынған. Клаксоннан қанша дыбыс шығарсаң да ешкім жол бермейді.
Қозғалысы реттелмейтін жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өткенде автокөлік тоқтайды, тоқтап қалдым деп клаксон басып асықтырғанды естіген емеспін.

Белорусь тілі

Белоруссияда екі тіл мемлекет мәртебесінде. Белорусс және орыс тілі. Белоруссша тек өз-ара сөйлеседі. Сөздің басы белоруссша соңы орыс тілімен аяқталады. Бірақ тіл білмегенді белорусс емес демейді. Европалықтар қаны және мәдинеті араласқан. Дегенмен халықтың 70% өзін белорусс ұлтына жатқызған.
Белорусс орыстан өзін ажыратады. Қазақ қырғыздан тілдерімен ажыратса, белорусс өзін орыстан ұстанымдарымен ажыратады. Беллорусстар өздерін сабырлы халық санайды.
Блог - bake: Минск қаласына жолым түсті
Тілінде кейбір сөздер біздің құлаққа таныс орысша почта, қазақша және белоруссша пошта. Әйел есімін алсақ орысша Ольга, белоруссша Вольга.
Ұлттық кітапханада болғанымда Вольга есімді экскурссия жүргізушіден -беллорусс алфавитінде неше әріп бар дегенімде жауап бермеді. Ұялту үшін сұрақты қойылмаған еді. Сол мезетте кітап каталогтарына көзім түскен болатын. Кітапханада араб графикасы бар кітаптарды байқап қалғанмын. Беллорусстар араб графикасымен жазған кездер де болыпты. Ол жайлы өз бетімен интернеттен оқыдым. Кітапханада жүргізілген экскурссияның өз мақсаты және мазмұны бары анық.
Кімде болсын жаманын жасырып жақсысын көрсетеді. Жақсы қонақта тек жақсыны еске сақтайды.
Белоруссияда жүріп халықты біріктіретін тілден гөрі ұлттың ынтамығының орны жоғары тұрғаны сезілді.
Әрі қарай

Нетикет - желі әдебі

Нетикет деген не?
Еркіндік алаңы ғаламторда ережелер не үшін керек? Неге адамдар өздерін шектеуі керек? Бұл кім үшін керек?

Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі

Бұл қолданушылардың өздері үшін қажет және бұл ережелерді ойлап тапқан да интернет қолданушылары. Нетикетті ұстанғысы келмейтіндер, қарсы шығатындар әлбетте бар. Интернетте маскамен, никнейммен жүретіндер, аноним трольдар, ойдан шығарылған фейк кейіпкерлер бар. Ал біреулер үшін ережелер бұзылуы үшін де болуы керек. Нетикетті қолдаушылар, ұстанушылар көбейген сайын біздің онлайн ортадағы іс-әрекеттеріміз, тақырыптарымыз, диалогтарымыз, қарым-қатынастарымыз да түзеле түспек. Сондықтан виртуал өмірді де бір өмір ретінде қабылдайтын болсақ — нетикет бізге керек.

Нетикеттің 10 ережесі
1994 жылы интернетте Netiquette атты кітап пайда болды. Бұл кітапта нетикеттің негізгі 10 ережесі жинақталған. Бұл ережелер арқылы виртуалдағы өміріміз оңай және қарапайым бола түспек.

Ереже №1: Адаммен сөйлесіп отырғаныңды ұмытпа
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Интернетте жиі бұзылатын ережелердің бірі. Қолданушылардың көбі компьютердің ар жағында адам отырғанын ұмытып кетеді. Ұмытпа, монитордың ар жағында компьютер емес, адам отыр. Ренжітіп алу оңай.

Ереже №2: Виртуал өмірде де шын өмірдегі стандарттарыңды ұстан
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Интернет аноним орта сияқты болып көрініп, адамға сондай сезім береді. Дөрекілігіңе ешкім ештеңе демейтіндей болып көрінеді. Алайда қарсыңдағы адаммен әдеп бойынша сөйлесу керек, заңға қарсы әрекет те жасауға болмайды.

Ереже №3: Киберәлемде екеніңді ұмытпа
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Әр сайттың, форумның, қауымдастықтың өз ережелері бар. Оларды аттап кетуге болмайды. Бұрыннан қалыптасып қалған виртуал топтардың өзіндік ережелері, қағидалары болады. Оларға қосылмастан бұрын алдымен сырттай бақылай тұрған дұрыс.

Ереже №4: Басқалардың уақыты мен мүмкіндіктерін сыйла
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Желіде бір нәрсені бөліспестен бұрын ойланып көр, бұл шынымен бәріне қызық па, керек пе? Мүмкін бәрі көріп болған шығар жаңалығыңды? Бәлкім тек белгілі бір аудиторияға ғана арнап бөлісу керек шығар? Егер біреулер саған “бұл қызық емес” десе — демек, ол қызық емес. Ешкімді жалықтырма және бөліскен нәрсеңе басқалардан жылдам реакция күтпе.

Ереже №5: Репутацияңды сақта
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Интернеттегі репутацияның маңызы реал өмірдегіден еш кем емес. Виртуалдағы барлық адамдар сені тани бермес, бірақ сенімен интернетте де бірге жүрген таныс адамдарың бар ғой. Сондықтан маска тақпай, барынша шынайы болған дұрыс.

Ереже №6: Басқаларға көмектес
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Интернетте ақпарат көп. Бірақ, барлық сұрақтарға жауап табыла бермейді. Кей тар тақырыптарда көмек сұраған адамдарды айналып өтпе. Мәселелерін шешуге көмектес. Виртуал өмірде де жақсылық жасап отыруды ұмытпа.

Ереже №7: Кикілжіңге кірме
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Интернет пікірталас алаңы болғандықтан барлығы сенімен бір пікірде болуы мүмкін емес. Әлбетте түрлі түсініспеушіліктер, қызу пікірталастар болады. Басқаның пікірін құрметте, кикілжіңге, дау-дамайға кірме. Тәжірибелі қолданушының жүйкесіне тие алам деп ойлама. Керісінше өз жүйкеңді құртасың, сүйкіміңді кетіресің. Игнор қоюды үйрен.

Ереже №8: Жеке бас құпиясын сақта
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Басқалармен жеке хабарламаларыңды көпшілікке көрсетпе. Рұқсатсыз ешкімнің жеке фотоларын, мекенжайын, телефон номерлерін жариялама. Ешқашан!

Ереже №9: Мүмкіндіктеріңді асыра пайдаланба
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Виртуал әлемде түрлі деңгейде, түрлі тақырыптар қозғалады. Өзіңнің білімің артық, деңгейің жоғары жерлерде басқаларды кемсітпе, дөрекілік танытпа. Сайттарда админ немесе модератор ретінде күш қолданба. Қолданушыларды сыйла.

Ереже №10: Қателерді кешіруді үйрен
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
Виртуал әлемде де жаңылмайтын тұяқ жоқ әрине. Басқалардың кемшіліктерін түсін, қателерін кешір. Өзіңнің де қателеріңді еске ал.

Әлеуметтік медиа бойынша кеңестер
Блог - asaubota: Нетикет - желі әдебі
  1. Лайк, репост сұрай берме;
  2. Рұқсатсыз фото, видео шығарма;
  3. Жұрттың бәрі бөліскен нәрсені бөліспе;
  4. Ақпаратты тексермей шығарма;
  5. Мас, ашулы, көңілсіз кезде ештеңе жазба;
  6. Хэштегтерді орынсыз қолданба;
  7. Құттықтауларды ұмытпа;
  8. Грамматика және орфографияны сақта;
  9. Адамдарды орынсыз тегтеме;
  10. Топтарға өз келісімінсіз қоса берме;
Әрі қарай

Комментатор кабинасынан репортаж

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж

Футбол комментаторлары ең көп сынға ұшырайтын мамандықтардың бірі. Команда ұтса да, ұтылса да сыналады. Біреуге дауысы, біреуге сөйдеу мәнері жақпайды. Бірақ, көпшілік олардың түрлерін, қалай жұмыс істейтіндерін білгісі келеді деп ойлаймын. Өзім де солардың қатарында едім. Сондықтан комментатор досымыз Ермұхамед Мәуленге өтініш білдіріп, Қазспорт арнасындағы бір ойынды қалай жүргізетіндерін көргім келетінін айтқан едім. Жақында сондай сәт туды, комментаторлармен бірге Ордабасы — Оқжетпес матчын қарап қайттым.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Кішкентай ғана кабинаның ішінде 2 комментатор отырады. 4 монитор тұр. Олардың екі шетіндегі мониторлар комментаторлардың интернетке кіріп, ақпарат алып отыруы үшін қойылған. Ал 2-монитор Қазспорт арнасының эфирі, ал 3-сі ойын өтіп жатқан жерден келетін сигналға арналған.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Мынау негізгі сигнал қабылдаушы орталық. Бұл жерге әлемнің түрлі жерлерінде өтіп жатқан жарыстардан сигнал келеді. Керектілері жазылып алынады, ал кей біреулері бірден эфирге кетеді.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Дыбыс реттеу орталығы. Трансляцияның дыбысы осы жерде бақыланады. Стадионда жанкүйерлер төреші туралы ойларын анайы түрде жеткізіп жататын болса, эфирдегі дауысын осы жерден баса тұруға болады ;)

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Қосалқы кабина. Кейде эфирге қонақтар келіп қалса 2 кабинадан қатар жүргізіледі немесе кей ойындарға бұл жерде алдын ала таспаға жазылады, кейін көрсету үшін.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Кейде осылай бой жазып алады комментаторлар.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Аппаратураға төгіліп кетпесін деп эфир кезінде сусындарды тек қақпағы жабылатын ыдыстан, бөтелкеден ішуге болады. Эфир 60 пайыз қазақ тілінде жүргізілуі тиіс, кей жағдайда 70.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Ойын алдында комментатор ақпарат, жаңалық жинап қояды.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Командалар құрамы жедел түрде Whatsapp арқылы келеді.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Ақпарат дайын. Эфирді бастауға болады.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Эфир басталды. Мен үнсіз отырмын, кейде тек ыммен «сөйлеп» қойып.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Ойын барысында статистикалық көрсеткіштер осылай шығып тұрады.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Эфир кезінде де интернеттен қосымша ақпарат алып отыруға болады.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Эфир кезінде де селфи түсе алады Ермұхамед.

Жалпы оңай шаруа емес. Кастингтер жиі болып тұрады, ал содан өтетіндер өте аз. Егер сіз де комментатор болғыңыз келсе Қазспорт арнасымен хабарласып сұрап көріңіз келесі кастинг қашан болатынын. Айтпақшы, матч басына қаламақылар өте аз, қанша екені құпия қалсын ;)
Әрі қарай

АТЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Блог - a87771683232: АТЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Жинап ап бар күшті бойға нық,
Жиналып достары атаулы.
Ғажап қып туған күн тойладық,
«Ғажап» жай кафенің атауы.

Жолдастың жолдасы жолдас деп,
Танысып жатырдық есілі.
Шын досты көрдім мен алғаш рет,
«Шындос» жай бір жігіт есімі.

Үстелдің басында қызалаң,
Отырдық бар құрдас қатары.
Мың доллар сыйладық біз оған,
«Мың доллар» — кітапша атауы.

Бәріне нан-тұздан асатты,
Ерекше студент несібі.
Бір әсем үстелді жасапты,
«Әсем» жай офицант есімі.

Жанарым жалмаңдап жанып тым,
Отырған қыздарға батады.
Райханға ғашық боп қалыппын,
«Райхан» жай арақтың атауы.

Әңгіме айтылды мол тола,
Күлкінің ашылды есігі.
Колянды ап алдық ортаға,
«Колян» жай досының есімі.

Иреніп сөздегі ирегім,
Көп айттым тост пенен батаны.
Түн бойы тоқтамай биледім,
«Түн» деген бір әннің атауы.

Айқай-шу, шаттықты қоймадық,
Жүгіріп жүрумен ерсілі.
«Күзетші» ойынын ойнадық,
«Күзтші» — шын күзет есімі.

Қыздар да бізбен ән салысты,
Қиынға соқпаған матауы.
Ерніме Баян кеп жабысты,
«Баян» жәй кәмпиттің атауы.

Қысқасы, қызықсыз өтті.
Әрі қарай

ҚОҚЫС ЖӘШІГІ

Блог - a87771683232: ҚОҚЫС ЖӘШІГІ
Әр үйдің сынық пен сасығы,
Әр үйдің боғы мен бөзгейі:
Әр үйдің қоқыстық жәшігі –
Әр үйдің тұрмыстық музейі.

Мысалы, боратып өсекті,
Түнімен еске ап жас шақты.
Бұл үйде әдемі кеш өтті,
Торттардың қалдығын тастапты.

Бұл деген логика орнықты,
Орнығар қоқысты елеумен.
Бұл үйде бір жанжал болыпты,
Әйнектің сынығы көп екен.

Әр түрлі тарих қой әр ұя,
Белгісі қоқыста көнерген.
Ал, бұл үй балалы жанұя,
Ойыншық сынығы көп екен.

Жадыңда тоқысаң мынаны,
Жайттарды көресің оқыс көп.
Ал, мұнда студент тұрады,
Себебі, ешқандай қоқыс жоқ.

Көршісі шеккендей күрең зар,
Әйтеуір, көңілі түсіпті.
Бұл үйде қайғырған біреу бар,
Арзандау арақты ішіпті.
А, бұл бізідің үй.

Ойларым шымшылап тентекті,
Жанарды еріксіз елетем.
Бұл үйде апельсин көп жепті,
Апельсин қабығы көп екен.

Ал, мына бір үйде көрікті,
Тұрады қылмыскер кісің де.
Бір сәби туылмай өліпті,
Тасталған мүшеқап ішінде.

Әр үйдің сынық пен сасығы,
Әр үйдің боғы мен бөзгейі:
Әр үйдің қоқыстық жәшігі –
Әр үйдің тұрмыстық музейі.

Осындай, болсаң сен аралар,
Осындай рухани мүсінде.
Қоқыстық жәшік көп қала бар,
Қоқыстық жәшіктің ішінде.
Әрі қарай

АЯЛДАМАДА

Блог - a87771683232: АЯЛДАМАДА

Біреу келе жатыр.
Ал, ол менмін, ештеңе жоқ ойымда,
Сүйрелеген жай жетегім.
Дыңылдаумен тұрған көше бойында,
Ыңылдаумен әндетемін:
на-на-ней!

Екеу келе жатыр.
Көздерінде ашудың бар оттары,
Айқайласты жойқын ақыр.
Сол біреуі шешесінен боқтады,
Ал, біреуі айтып жатыр:
на-на-ней!

Такси келе жатыр.
Жолаушылар тұр қалжырап, мұң артып,
Бәріміз бір жол алғанбыз.
Автобуспен барғанымыз мың артық,
Таксилер ме? Олар нағыз:
на-на-ней!

Ол да келе жатыр.
Ақ автобус есік ашты іркілсіз,
Бірақ, басқа ол кетуге.
Тосып тұрған бәріміз де үнсізбіз,
Бейбіт Қорған әндетуде:
на-на-ней!

Кемпір келе жатыр.
Ақ шаш пенен әжім құшқан күй енді,
Қолында бар ала қасқа.
Өзі болса бір ағашқа сүйенді,
Иті болса сол ағашқа:
на-на-ней!

Тағы келе жатыр.
Көк автобус терезесін түсірген,
Біз бармайтын жол ап егеш.
Заттыбектің даусы шықты ішінен,
Әндетумен, бірақ емес:
на-на-ней!

Бір қыз келе жатыр.
Әп-әдемі, қыз біткеннің жан гүлі,
Сөз жетпейді баянына.
Көрігіне тамсануда барлығы,
Ал, ит болса аяғына:
на-на-ней!

Біреу келе жатыр!
Ал, ол менмін, күтіп төзбей межеге,
Үйге қарай қайтып желем.
Ырқ-ырқ етіп ырқылдаған көшеде
Бұрқ-бұрқ етіп айтып келем:
на-на-ней!
Әрі қарай

МАНЕКЕН

Блог - a87771683232: МАНЕКЕН

Шыны бутик ішіндегі бикешім,
Жаныңнан мен ылғи өтем төтесін.
Бір жақсысы, күнде күтіп тұрасың,
Одан жақсысы, тұрып күнде күтесің.

Күнде күтіп, күнде күтіп, талмайсың,
Ойымдағы әйеліме аумайсың.
Бір жақсысы, айқайласам көнесің,
Одан жақсысы, сен айқайлай алмайсың.

Иә, менің арман жарым сондай шын,
Анда-мында қыдырып еш бармайсың.
Бір жақсысы, кигізгенді киесің,
Одан жақсысы, киім сұрай алмайсың.

Қазір қатын алар болсаң сорлайсың,
Ал, сен ешбір оғаш қылық салмайсың.
Бір жақсысы, ұрғаныма көнесің,
Одан жақсысы, қайтып ұра алмайсың.

Ренжіткенде, қабақ түйіп қалмайсың,
Аузыңды да еш өсекке малмайсың.
Бір жақсысы, қашып кете алмайсың,
Одан жақсысы, қашып кете алмайсың.

Айналайын пластикалық жарекем!
Бірақ, бізге бір кедергі бар екен.
Бір жаманы, неке заңы бойынша,
Манекенге үйленбейді манекен.
Әрі қарай

Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Биыл бұл шара бірінші рет ұйымдастырылды. Бағдарламалары бойынша айтыс, ән байқау, сосын дискотека. Мен тек айтысында ғана бола алдым.

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Алғашқы рет болғасын кемшіліктерсіз болмады әрине. Айтысқа билет 1500 тг деп сатылды. Сондықтан болар адам өте аз келді. Шын себебі басқа ғой бірақ.

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Алдымен ән айтылып, би биленді.

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Ұйымдастырған Адам Хәкім деген жігіт. Оның кім, не істейтінін нақты білмедім, алайда ән айтып, тойға шығатынын тошно білемін)))

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Бурабайда күн демалушылар көп болады. Күн де шыжып тұрды. Көп адам суда жүрді. Ал айтысты ардагер айтыскер Арман Бердалин жүргізді.

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Бурабайдың әсем табиғатының аясында айтысуға Астана, Павлодар, Көкшетау, Қостанай мен Петропавлдан ақындар келді.

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Бас жүлде қазылар алқасының шешімімен керекулік Алмагүл Жүгінісоваға берілді. 1 орынды Оюлы Қуаныш(Көкшетау), 2 орын Айдана Сегізбаева(Павлодар), үшінші орынды жерлесім Жарқын Жұпархан(Петропавл) алды.

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

Блог - FaraOn1: Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп

ПыСы: Ұйымдастырушылар бұл шараны дәстүрлі етіп, Славянский Базар деңгейіне дейін көтермекші. Жігіттерге тек сәттілік!!!
Әрі қарай