АЯЛДАМАДА
Біреу келе жатыр.
Ал, ол менмін, ештеңе жоқ ойымда,
Сүйрелеген жай жетегім.
Дыңылдаумен тұрған көше бойында,
Ыңылдаумен әндетемін:
на-на-ней!
Екеу келе жатыр.
Көздерінде ашудың бар оттары,
Айқайласты жойқын ақыр.
Сол біреуі шешесінен боқтады,
Ал, біреуі айтып жатыр:
на-на-ней!
Такси келе жатыр.
Жолаушылар тұр қалжырап, мұң артып,
Бәріміз бір жол алғанбыз.
Автобуспен барғанымыз мың артық,
Таксилер ме? Олар нағыз:
на-на-ней!
Ол да келе жатыр.
Ақ автобус есік ашты іркілсіз,
Бірақ, басқа ол кетуге.
Тосып тұрған бәріміз де үнсізбіз,
Бейбіт Қорған әндетуде:
на-на-ней!
Кемпір келе жатыр.
Ақ шаш пенен әжім құшқан күй енді,
Қолында бар ала қасқа.
Өзі болса бір ағашқа сүйенді,
Иті болса сол ағашқа:
на-на-ней!
Тағы келе жатыр.
Көк автобус терезесін түсірген,
Біз бармайтын жол ап егеш.
Заттыбектің даусы шықты ішінен,
Әндетумен, бірақ емес:
на-на-ней!
Бір қыз келе жатыр.
Әп-әдемі, қыз біткеннің жан гүлі,
Сөз жетпейді баянына.
Көрігіне тамсануда барлығы,
Ал, ит болса аяғына:
на-на-ней!
Біреу келе жатыр!
Ал, ол менмін, күтіп төзбей межеге,
Үйге қарай қайтып желем.
Ырқ-ырқ етіп ырқылдаған көшеде
Бұрқ-бұрқ етіп айтып келем:
на-на-ней!
Пікір жоқ әзірше