Аяз атаның резиденциясы, «Ғарыштық әбігер» және жалынды зумба

Елорда әкімдігі ресми сайтының тілшісі Астанадағы жаңажылдық ертеңгілік қойылымдардың қайда өтетінін анықтады. Аяз Атаның резиденциясы:

19-30 желтоқсан аралығында сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін. «Аяз атаның қонақ бөлмесі» және «Жаңажылдық шырша маңындағы интерактив» шарасы – 22,23,29,30 желтоқсанда демалыс күндері 12:00-ден 18:00-ге дейін.

Елорда тұрғындары мен қонақтары амфитеатр алаңында 19 желтоқсанда ашылатын Аяз Ата резиденциясына хат жолдау, оны қарсы алу, жасыл шырша жанында көңіл көтеру сынды шараларға қатыса алады.

Кіру: «Аяз Ата поштасы» – 1000 теңге;

«Аяз атаның қонақ бөлмесі» — бір адамға 1500 теңге; 4-7 адамнан тұратын жанұя үшін 5000 теңге;

«Жаңа жылдық шырша маңындағы интерактив» – 2000 теңге;

Орналасқан жері: Атырау көпірінің жанындағы амфитеатр.

Анықтама телефоны: +7 (717) 232 67 81.

«Ғарыштық әбігер» жаңажылдық қойылымы

10-30 желтоқсанда сағат 11:00-де, 13:30-да.

Жаңа форматтағы шоуды Rixos қонақ үйіндегі жаңажылдық таңертеңгілік ұсынады.
Жер планетасына қауіп төніп тұр. Жауыз әрі қу Дарт Вейдер өз көмекшілерімен Аяз атаның асатаяғын қолды қылып, белгісіз ғаламшарға ұшып кетіпті. Енді Жаңа жыл келмеуі мүмкін.

Қаһармандар Аяз атаның асатаяғын табу мақсатында түрлі ғаламшарларға қызықты әрі шытырман саяхат жасайды.

«Ғарыштық әбігер» – интерактивті ертегi! Супер қаһармандардың өздері де көмекке мұқтаж, сондықтан ертегі соңы балалардың белсенділігіне байланысты.

Кіру: 10 000 теңге (бір ересек + бір бала). Билет құнына жаңажылдық қойылым мен әр балаға арналған тәтті сыйлық кіреді.

Орналасқан жері: Rixos President Астана қаласы, Қонаев көшесі, 7.

Анықтама телефоны: +7 702 553 33 71.

Vienna New Year’s Ball:

18 желтоқсанда 18:00-ден 23:00-ге дейін.

Астанада Жаңа жыл қарсаңында алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған Вена балы өтеді. Кештің қонақтарын қызықты шоу-бағдарлама, банкет үстелдері, жұлдыздардың өнер көрсетуі, Аяз ата мен ақшақар, сыйлықтар мен әзілдер, мерекелік отшашу күтуде.

Кіру: ересектерге – 22 000 теңге, балаларға – 15 000 теңге, балалар мен ересектерге – 35 000 теңге.

Орналасқан жері: Wyndham Garden Астана, Рысқұлов, 6/1.

Анықтама телефоны: +7 747 493 53 33.

«Рождество тарихы» қуыршақтар театры:

26-27 желтоқсанда сағат 19:00-де

Қуыршақтар театры балалар мен олардың ата-аналарын сиқырлы қойылымға қатысуға шақырады. Кеш қонақтары Чарльз Диккенстің «Рождество тарихы» туындысына негізделген «Рождестволық жыр» қойылымын тамашалайды.

Сондай-ақ, жас қонақтарды Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен өтетін жаңажылдық би кеші күтеді.

Кіру: 1500 теңгеден бастап. Өтетін орны: Астана қаласы қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 22 26 46.

Балалардға арналған жаңажылдық таңертегіліктегі зумбадан шеберлік сағаты:

23 желтоқсанда сағат 13:00-де.

Ерекше жаңажылдық таңертеңгілікте балалар тек таңғажайып және фантастикалық кейіпкерлермен ғана емес, ең үздік хореографтармен зумба билей алады. Сондай-ақ, қонақтар үшін швед үстелі, кәсіби жаңажылдық фотосессия, трансформерлердің қойылымы, тірі қуыршақтар, сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен, ертегілерімен кездесу, Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр балаға эксклюзивті сыйлық дайындалады.

Кіру: 1000 теңгеден бастап.

Орны: «Tarantino», «Москва» БО, Достық, 18

Ертең Астананың бас шыршасының шамдары жағылады

18 желтоқсанда сағат 18:30-да ЭКСПО-2017 көрме аумағында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік шара танымал әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады. ЭКСПО көрмесінің аумағында кішкентай көрермендердің көңілін аниматорлар мен алып қуыршақтар көтеретін болады.

Ойын-сауық бағдарламасын астаналықтар мен қала қонақтары сағат 18:30-дан бастап тамашалай алады. Шыршаның шамдарын жағу рәсімі сағат 19:00-ге белгіленіп отыр.

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мерекелік от шашудың куәгері бола алады. Бас шыршаның шамдарын жағу арқылы қысқы және отбасылық демалысқа арналған көптеген қызмет көрсететін ойын-сауық түрлерінің бірыңғай интерактивті #AstanaWinterland алаңы іске қосылады.

Осы аптада өтетін мәдени және спорттық шаралар

Астана әкімдігінің ресми сайты 18-23 желтоқсан аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы

17-31 желтоқсанда сағат 10:00-ден – «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі

17-31 желтоқсанда сағат 10:00-ден – «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі

17-20 желтоқсанда сағат 10:00-ден – №52 орта мектеп ұстазы Ж. Қайраттың «Түс әлемі» жеке көрмесі

17 – 29 желтоқсанда сағат 10:00-ден – Рүстем Беркімбаевтың «Үміт жолы»

жеке көркем суреткөрмесі

17-31 желтоқсанда сағат 10:00-ден – «Еркіндіктің дастаны — Астана» суреткөрмесі

17-31 желтоқсанда сағат 10:00-ден – «Хроники Независимого Казахстана» суреткөрмесі

17-31 желтоқсанда сағат 10:00-ден – «Менің елім – Мәңгілік ел» атты Астана қаласы Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі

Қуыршақтар театры

17, 23 желтоқсанда сағат 12:00-де және 14:00-де – А. Салаева «Жаңа жыл түніндегі Жезтырнақтың әлегі», шырша маңындағы мерекелік ойын және Аяз атадан жаңажылдық ертегі.

«Жастар» сарайы

18 желтоқсанда сағат 9:00-де – «Премия MUZ KZ» көпжанрлы балалар байқауы

22 желтоқсанда сағат 10:00-де,13:00-де және 15:30-да, 23 желтоқсанда сағат 10:00-де, 13:00-де – «Карнавал чудес!» жаңажылдық ертеңгіліктер.

Қалалық алаң, «Хан Шатыр» ОСО аумағы, Ботаникалық бақ

18 желтоқсаннан ақпанға дейін сағат 13:00-20:00 аралығында – «Astana Winter Land» фестивалі аясындағы қысқы шаралар.

«Барыс Арена» КМС

18 желтоқсанда сағат 17:00-де – «Барыс» ХК – «Северсталь» ХК командалар арасындағы 2018-2019 маусымның ҚХЛ чемпионаты

20 желтоқсанда сағат 20:00-де – «Барыс» ХК – «Локомотив» ХК командалар арасындағы 2018-2019 маусымның ҚХЛ чемпионаты.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

18-19 желтоқсанда сағат 18:30-да – «Жан» моноспектаклі.

20 желтоқсанда сағат 18:30-да – А. Айдаровтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясы.

21 желтоқсанда сағат 18:30-да – С. Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы

Бейбітшілік және Келісім сарайы

18, 20-23 желтоқсанда сағат 19:00-де – Аңызға айналған француз-канадалық «Notre Dame de Paris» мюзиклі

«ЭКСПО» көрме кешенінің аумағы

18 желтоқсанда сағат 19:00-де – Бас шыршаның шамдарын жағу рәсімі

«Астана» концерт залы

18 желтоқсанда сағат 19:00-де – Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің, симфониялық оркестрлері және камералық хордың «Тәуелсіздік толғауы – елім менің» концерті.

23 желтоқсанда сағат 17:00-де – Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясындағы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Жаңа жылға жаңа ән» жаңажылдық концерті.

«Қазақстан» ОКЗ

18 желтоқсанда сағат 19:00-де – «Асыл мұра» концерті.

Астаналық цирк

20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін сағат 16:00-де (сб, жб) – «Бақыт құсы» жаңажылдық цирк бағдарламасы.

Амфитеатр (Есіл өзені жағалауы)

19 желтоқсанда сағат 11:00-де – Аяз ата резиденциясының салтанатты ашылуы.

19-30 желтоқсанда сағат 11:00-ден – Аяз атаның поштасы.

19-30 желтоқсанда сағат 11:00-ден – «Қысқы дала ойындары» сырғанақта шана тебу.

21, 28 желтоқсанда сағат 17:00-ден, 22,23,29,30 желтоқсанда сағат 12:00-ден – «Аяз атаның қонақ бөлмесі» көрмесі

22,23,29,30 желтоқсанда сағат 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де – Жаңажылдық шырша айналасында балаларға арналған қысқы ойындар.

«Астана Опера» МОБТ (камералық зал)

19 желтоқсанда сағат 19:00-де – «И в каждой ноте вдохновенье» концерті.

21 желтоқсанда сағат 19:00- де – Дж. Пуччинидің «Турандот» операсы.

22 желтоқсанда сағат 17:00-де – «Музыкальный дивертисмент» концерті

«Astana Ballet» театры

22-23 желтоқсанда сағат 18:00-де – П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті

«Алау» мұзайдыны сарайы

19-21 желтоқсанда сағат 10:00-де – Конькимен жүгіруден ҚР Кубогы және ҚР Чемпионаты.

Жастар театры

20 – 23 желтоқсанда сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де – Г.Х.Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісі.

Есіл өзені

22 желтоқсанда сағат 11:00-де – «Red Bull Ice Baiga» конькимен жүгіруден бұқаралық шарасы

Астана триатлон саябағы

23 желтоқсанда сағат 8:00-де – «II Astana Winter Marathon» қысқы марафон.

«Nomad City hall» концерт залы

23 желтоқсанда сағат 19:00-де – «Алашұлы» тобының «+35°С» концерті.

Астанада қысқы демалыс қалай өтеді?

Биыл астаналықтар өздерінің бос уақыттарын қаланың кез келген жерінде көңілді өткізе алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы қыста Астананың әр ауданында сырғанақ алаңдары, шаңғы тебуге арналған жолдар ұйымдастырылып, мұз төбешіктер орнатылды. Қысқы ойын-сауық алаңдарында конькиді, тюбингтерді жалға беру қарастырылған. Барлық алаңдар Astana Winterland жобасы аясында іске қосылған.

Бұл – қала аудандарындағы 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны, 36 мұз төбешік, 400-ден аса шара.

Астанада шаңғыдан «Алғашқы Қар» жарысы болып өтті

Қалалық мәдениет және спорт басқармасы және спорттық-бұқаралық шаралар өткізу жөніндегі дирекциясы ұйымдастырған спорттық шараға 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасында спортшылар, қаладағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, меморган, күштік құрылымның өкілдері, сондай-ақ шаңғы спортының әуесқойлары да бар.


Күннің аяз екеніне қарамастан трассадағы жарысқа 4-5 жастағы және одан үлкен балалар да келген. Ұйымдастырушылар олар үшін 500 м қашықтықтағы маршрутты қарастырды.



Ал спорт ардагерлеріне 3 км қашықтықтағы маршрут ұсынылды, қалған қатысушыларға ұйымдастырушылар 5 км қашықтықта жүріп өтуді ұсынды.



Ұйымдастырушылар жанкүйерлерді де ұмыт қалдырмады. Олар үшін ыстық тамақ қарастырды, сахнада көңілді музыка ойнап тұрды, ал балалардың көңілін аниматорлар аулады.



«Шара астана тұрғындарының арасында белсенді және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Бізде қыс ұзақ, суық әрі қарлы. Сондықтан біздің табиғаттың климаттық жағдайын ескере отырып, спорттың қысқы түрімен айналысу қажет. Біз осындай шараның түрлерін жиі өткізіп тұрамыз. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медаль қарастырылған», — деді спорттық-бұқаралық шараны өткізу жөніндегі дирекцияның жанындағы спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі бөлімнің басшысы Дәулет Хамзин.


Ең жас қатысушыны Александра Опачанова ертіп келіпті.



«Мен өзім де «Толқын» спорт мектебінде спорттың академиялық ескек есу түрімен айналысамын, халықаралық сыныптың спорт шеберімін. Бүгін біз мектебімізді қолдауға, шаңғымен жарысуға келдік. Біздің дистанциямыз — 5 км. Бүкіл отбасымызбен шаңғыдан жүгіруге қатысамыз, күйеуім, мен және қызым. Ол 4 жаста», — деді сайттың тілшісіне.


«Мен шаңғы спортымен әскерге барғалы әуесқой деңгейінде айналысып келе жатқаныма 10 жыл болды. Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған: жарыс басталатын алаңның дайындығы, старттық пакеттердің үлестірілуі. Қазір осындамын және тек осында жаттығамын. Шара Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуде. Мен барша қазақстандықтарға зор денсаулық, спортқа деген махаббат тілеймін, спортпен еш кедергісіз айналысса екен деймін. Себебі, спорт адамға күш пен күні бойы сергек жұмыс істеуге серпінді күш беріп, шынықтырады», — деді 12750 әскери бөлімінің атынан жарысқа қатысушы Евгений Ераслов.


Астанада құлағы мүкіс еститіндер арасында футзалдан турнир өтті

Финалда жеңіс үшін Астана мен Көкшетау командалары жарысты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана» спорт клубында қаладағы құлағы нашар еститін спортшылар арасында футзалдың кубогы бойынша ашық турнирдің баталиясы ойнатылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Оған 16 жастан жоғары футболистер қатысты. Үш команданың екеуі астананың атынан шықты, ал команданың атауы «Астана-1» және «Астана-2» болды. Үшінші команда Көкшетаудан келді.
«Құлағы мүкіс еститін спортшылар арасында Астананың футзал бойынша кубогының ашық турнирін жыл сайын Тәуелсіздік күні құрметіне орай өткізіп келеміз. Біздің балалар «Жігер» спорт клубында жаттығады. Кейбірі колледжде оқиды, кейбірі жұмыс істейді», — деді жарыстың төрешісі, ҚР мүгедектік спорты бойынша спорт шебері, «Жігер» спорт клубының жаттықтырушысы Тәжібай Таймамбетов.

Турнирдің финалында «Астана-1» мен Көкшетау командасы шықты. Бірінші таймда екі жақта тең түсті, сол себепті екінші тайм тартысты өтті. Десе де көкшетаулықтар басым түсіп, табанды күресте олар бәсекелесін басып озды. Есеп 3:2 болып Көкшетаудың пайдасына шешілді. Футзалдан Астананың кубогы облыстың қанжығасына кетті.

Сарыарқа ауданында тағы бір аула клубы ашылды

Мұнда балалар дзюдо, самбо, қолданбалы өнер және домбырада ойнауды үйренеді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана жастары» жастар ресурс орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп И. Құтпанов көшесі, № 5/1 мекенжайда орналасқан үйде «Pro FIT» жаңадан аула клубын ашты. Ашылу салтанаты Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

«Клубта жастардың рухани және физикалық дамуына басымдық беріледі. Біз барлық жағдайды осыған ыңғайластырамыз. Меніңше, өскелең ұрпаққа осы өмірден өз орнын табуға және жаңа биіктерге көтерілуіне көмектесеміз деп ойлаймын», — деді «Pro FIT» аула клубының басшысы Альмира Бурамбаева.
Бүгінде аула клубына 30 бала жазылған.

Клубтың ашылуы балалар мен жасөспірімдердің мекенжайы бойынша бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

«Pro FIT» клубынан басқа Сарыарқа ауданында 3 аула клубы бар, олардың орналасқан мекенжайлары: Көктал-1 мөлтекауд, Сұлукөл к, 14 үй; Московская көшесі, 18 үй; Көктал-2 мөлтек ауданы, Арқалық к, 18.

Тәуелсіздік құрдастары қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды

1991 жылдың 16 желтоқсаны. Бұл – жер шарында «Қазақстан» атты дербес те тәуелсіз ел пайда болған айрықша күн. Бүгін мемлекетімізде тәуелсіздіктің ақ таңының атқанына 27 жыл толып отыр. Осындай аз уақыттың ішінде Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл істе тәуелсіздік құрдастарының да қосқан үлесі зор.

Бүгін 27 жастағы азаматтар әр салада тапжылмай еңбек етеді. Сондай жастардың бірі – С. Мәуленов атындағы №37 орта мектептің мұғалімі Бибінұр Апитова. Жас мұғалім Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының тілшісіне педагогика саласындағы жаңашылдықтар туралы айтып, қазақстандықтарды Ұлық мерекемен құттықтады.

Астана әкімі қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз тарихи дамудың жаңа белесіне көтерілді. Қазақстан серпінді дамыған ел ретінде халықаралық қауымдастықтың толыққанды беделді мүшесі болды. Бұл жетістіктерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен, қазақстандықтардың қажырлы күш-жігері және тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Заманауи Қазақстан – біздің ұлы мақтанышымыз, ал, біздің терең тарихымыз – халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық пен теңдік үшін күресінің ұлы жылнамасы.

Осынау ұлық мерекеде барша астаналықтарға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық және игі бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін!

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов

Астанада ең үлкен аққала мен мұз айдыны ашылды

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында «Қазақ елі» монументі алаңында мұз айдынының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Оның көлемі 3 600 шаршы метрге тең. Жалпы сыйымдылығы — 1000 адам. Маңында мұз төбешік орнатылған.



«Алғаш рет Тәуелсіздік күні қарсаңында мереке күндері, адамдар келіп, бос уақытын жақсы өткізу үшін – «Қазақ Елі» алаңында мұз айдыны ашылды. Өз конькилерімен келгендер тегін сырғанайды. Егер сізде коньки болмаса сол жерде жалға беру орындарынан алуға болады», — деді «Алматы» ауданы әкімнің орынбасары Тынысбек Арашапов.


Мұз айдын орталығында жаңажылдық шырша орнатылды, ойын-сауық іс-шаралар өткізу үшін сахнасы жабдықталған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен жарықдиодты экран қойылған, ол жаңажылдық телехабарларды және Елбасының құттықтауын тікелей эфирде көрсететін болады.



Ыстық тамақ, сырғанауға арналған құралдар беретін орындар ашылған. Алаң аумағы шағын сәулет нысандарымен және жарықилюминді панномен безендірілген. Көліктерге арналған арнайы орын және қауіпсіздік шаралары қарастырылған.


«Бұл алаң күзетілетінін білесіздер. Полиция бекеті бар, олар тәулік бойы тәртіпті қадағалайды. Сонымен қатар, дәріхана, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық қызметкер де болады», — деді Арашапов.



«Мен жақын жерде тұрамын. Салып жатқанда қарап жүрдім. Осындай барлық отбасымызбен демалуға арналған жерлердің көп болғаны жақсы. Әкімдік дұрыс жасады», — деді қала тұрғыны Нариман Қуанышев.


«Қазіргі кезде «Президенттік» саябақта «Хайвилл» ТК жағынан ең биік және ең үлкен мұзды тау ашылды. Оның ұзындығы 160 метрден астам. Оны «Астана көгалдандыру құрылысы» жұмысшылары салған.



Бұл жерде де ыстық тамақ, сырғанаққа арналған құралдарды жалға беретін дүңгіршектер бар. Демалушылар қауіпсіздігі мен тәртібіне қызғылт сары түсті желет киген еріктілер қарап отырады. Аязға қарамастан сырғанақ тебуге келгендер саны өте көп. Экстремалды демалыс түрін жақсы көретіндерге осында қарда жүретін машиналар, солтүстік елігі және пони жегілген шаналар ұйымдастырылған.




«Қазақстан» СК жанынан Ақбұлақ бұлағы жағасында жылдағы дәстүрге сай сырғанақтар орнатылған.


Мұнда да биіктігі 15 метр жаңажылдық шырша орнатылған, конькиді жалға беру пункттері және ыстық тамақ нүктелері ұйымдастырылған. Кіреберісі мен аумағы шағын сәулеттік пішіндермен безендірілді.


Өткен жылдағыдай «Жерұйық» саябағында 5000 шаршы метр мұз айдынын ашу жоспарда тұр. Бұл жерде мұз сырғанағы. Сондай-ақ, ыстық тамақ, конькиді және тюбинг (ватрушка) жалға беру пункттері ұйымдастырылды.


Естеріңізге сала кетейік, барлық алаңдар AstanaWinterland жобасы шеңберінде ашылуда, жоба аясында 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны және 36 мұз төбешік қаланың түрлі аудандарында бой көтеріп, іске қосылды. Жалпы алғанда барлық ойын-сауық орындарында 4 мыңнан астам іс-шаралар өткізу жоспарланған.