Астанада шаңғыдан «Алғашқы Қар» жарысы болып өтті

Қалалық мәдениет және спорт басқармасы және спорттық-бұқаралық шаралар өткізу жөніндегі дирекциясы ұйымдастырған спорттық шараға 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасында спортшылар, қаладағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, меморган, күштік құрылымның өкілдері, сондай-ақ шаңғы спортының әуесқойлары да бар.


Күннің аяз екеніне қарамастан трассадағы жарысқа 4-5 жастағы және одан үлкен балалар да келген. Ұйымдастырушылар олар үшін 500 м қашықтықтағы маршрутты қарастырды.



Ал спорт ардагерлеріне 3 км қашықтықтағы маршрут ұсынылды, қалған қатысушыларға ұйымдастырушылар 5 км қашықтықта жүріп өтуді ұсынды.



Ұйымдастырушылар жанкүйерлерді де ұмыт қалдырмады. Олар үшін ыстық тамақ қарастырды, сахнада көңілді музыка ойнап тұрды, ал балалардың көңілін аниматорлар аулады.



«Шара астана тұрғындарының арасында белсенді және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Бізде қыс ұзақ, суық әрі қарлы. Сондықтан біздің табиғаттың климаттық жағдайын ескере отырып, спорттың қысқы түрімен айналысу қажет. Біз осындай шараның түрлерін жиі өткізіп тұрамыз. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медаль қарастырылған», — деді спорттық-бұқаралық шараны өткізу жөніндегі дирекцияның жанындағы спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі бөлімнің басшысы Дәулет Хамзин.


Ең жас қатысушыны Александра Опачанова ертіп келіпті.



«Мен өзім де «Толқын» спорт мектебінде спорттың академиялық ескек есу түрімен айналысамын, халықаралық сыныптың спорт шеберімін. Бүгін біз мектебімізді қолдауға, шаңғымен жарысуға келдік. Біздің дистанциямыз — 5 км. Бүкіл отбасымызбен шаңғыдан жүгіруге қатысамыз, күйеуім, мен және қызым. Ол 4 жаста», — деді сайттың тілшісіне.


«Мен шаңғы спортымен әскерге барғалы әуесқой деңгейінде айналысып келе жатқаныма 10 жыл болды. Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған: жарыс басталатын алаңның дайындығы, старттық пакеттердің үлестірілуі. Қазір осындамын және тек осында жаттығамын. Шара Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуде. Мен барша қазақстандықтарға зор денсаулық, спортқа деген махаббат тілеймін, спортпен еш кедергісіз айналысса екен деймін. Себебі, спорт адамға күш пен күні бойы сергек жұмыс істеуге серпінді күш беріп, шынықтырады», — деді 12750 әскери бөлімінің атынан жарысқа қатысушы Евгений Ераслов.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше