Астана әкімі қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз тарихи дамудың жаңа белесіне көтерілді. Қазақстан серпінді дамыған ел ретінде халықаралық қауымдастықтың толыққанды беделді мүшесі болды. Бұл жетістіктерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен, қазақстандықтардың қажырлы күш-жігері және тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Заманауи Қазақстан – біздің ұлы мақтанышымыз, ал, біздің терең тарихымыз – халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық пен теңдік үшін күресінің ұлы жылнамасы.

Осынау ұлық мерекеде барша астаналықтарға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық және игі бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін!

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше