Сарыарқа ауданында тағы бір аула клубы ашылды

Мұнда балалар дзюдо, самбо, қолданбалы өнер және домбырада ойнауды үйренеді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана жастары» жастар ресурс орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп И. Құтпанов көшесі, № 5/1 мекенжайда орналасқан үйде «Pro FIT» жаңадан аула клубын ашты. Ашылу салтанаты Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

«Клубта жастардың рухани және физикалық дамуына басымдық беріледі. Біз барлық жағдайды осыған ыңғайластырамыз. Меніңше, өскелең ұрпаққа осы өмірден өз орнын табуға және жаңа биіктерге көтерілуіне көмектесеміз деп ойлаймын», — деді «Pro FIT» аула клубының басшысы Альмира Бурамбаева.
Бүгінде аула клубына 30 бала жазылған.

Клубтың ашылуы балалар мен жасөспірімдердің мекенжайы бойынша бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

«Pro FIT» клубынан басқа Сарыарқа ауданында 3 аула клубы бар, олардың орналасқан мекенжайлары: Көктал-1 мөлтекауд, Сұлукөл к, 14 үй; Московская көшесі, 18 үй; Көктал-2 мөлтек ауданы, Арқалық к, 18.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше