Зейнетақы қорындағылар "бітімгершілікке" шақырып жатыр
Зейнетақы қорындағы ақшаңыздың болашағы жайлы ойланып көрдіңіз бе? Әлде босқа сандырақтап жүрміз бе? Өткен сенбіде студенттерімді Республика Зейнетақы қорының семинарына апарып, біраз көзім ашылғаны бар. Содан ақшамды инвестициялап жатқан компанияның сайтына кірсем… Құдай сақтасын, қазақша бір әріп жоқ!!! Содан олай-бұлай ақтарып, жазатын жеріне ой-пікірмді жазып кеткенмін. Бір сағаттан соң қалтафоныма хабарласып тұр.
Шағымыңыз орынды, анау-мынау деп… қаным басыма шапты. Ай сайын халықтың маңдай термен тапқан айлығының 10%-ын қоныштарыңа басып отырсыңдар да, оларға ләм-мим деп қазақша ақпарат та бермейсіңдер! «Біздің сайт тұрған платформамыз қазақша әріп қолдамайды» деп сылтаурата бастап еді, «ертегі айтпа» деп аузына құм құюға тура келді. Ниеттері әу баста орысша болғаны аян болып тұр ғой.



Қытай осыдан бірнеше күн бұрын өзінің ЖІӨ-ін (ВВП) 23 провинция, 5 өзін-өзі басқаратын өлке, тікелей орталықтан басқарылатын 4 ірі қала және 2 арнайы әкімшілік аймақтары ( Гонкгонг, Аомынь) бойынша жіктеп, оларды әлемнің басқа мемлекеттерінің бір жылдық ЖІӨ-мен салыстырып көрсетті. Бұл салыстырмалы көрсеткіштерді Англия экономистері де келтірген екен. Қазақстанның ЖІӨ Қытайдың қай аймағының ЖІӨ-мен пара-пар келетінін төмендегі кескіннен көре аласыздар. Аударманы қажет етпейтін бұл кескіндер тізбегі сондай-ақ ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткішімен жалғаса келіп, сыртқы экспорт және халық санының тығыздығы бойынша салыстырған кескінмен аяқталады. Алайда Қазақстанның халқының санының Қытайдың бірде-бір провинциясының халқына тең келе алмағандықтан болар, бұл кескіндемеге ілінбепті. 