Шилерден жасалған дөңгелек


Лайв -журналдың бір блогының авторы менің ойымша былайғы өмірде қолдануға болатын кереметтей бір заттың құрастыру сызбасын блогына қойыпты. Ол кәдугілі доңғалақ. Сіріңкенің шилерінен еш желімсіз құрастырылған. Мұндай әдіспен құрастырылған доңғалақтың айтарлықтай мықты екенін(шашылып қалмайды) айта кетіу керек. Төменіректе автордың мақаласын еш өзгертусіз келтіріп көрейін.
Алдымен құрастыруға көмекші құралды картоннан кесіп жасап алуымыз керек. Ол үшін дәптер, жақсы ұшталған карандаш, сызғыш, транспортир және циркуль керек. Транспортирдің артық болуыда мүмкін.
Болашақ станогымызға керекті шаблонды сызамыз. Бұл жерде 15 бөлікшелерден тұратын доңғалақты жасау сызбасы келтірілмек. Радиусы 42 миллиметр болатын шеңбер сызамыз да бірдей 15 секторға бөлеміз(24 градустан). Егер транспортир болмаса циркульдің бұттарын 34 мм қылып ашып, шеңберге бірінен соң біріне өтіп белгілер салып аламыз.

Негізінде доңғалақ 14 немесе 15 бөліктен тұруы керек. Ең оңтайлысы 14 бөліктен тұратыны деп білемін. өйткені 15 бөліктен тұратынында шилерге түсетін ішкі қысым айтарлықтай жоғары болып кетеді екен. 16 бөлікпен әлі көргем жоқ.

14 бөлікшеден тұратын доңғалаққа радиусы 39 мм шеңбер сызу керек те оны 14 секторға бөлу керек.(Жетібұрышты фигура пайда болады)
************************************************************************************************************
*************************************************************************************************************
Жалғасы мына жерде
Бөлісу:

4 пікір

Abilakim
Дөңгелектен жасалған ши көрсем таңқалар едім…
KILYZAMAN
Осының авторы қаңлының бір адасып қалған баласы емеспе екен деген күдікте жоқ емес
monti
кішкене кезімде ауылда, дүмше молдалар боп еді ауып келген басқа жақтан. от со молда жігіттер осындай шиден үйлер ойыншық жасап бір кісіге сыйға тартқан :) көрсең көз тоймайд…