Мен ұсынатын 3 кітап

Эстафетаны құрдас Омар быраттан қабылдадым. Кейінгі жылдары оқып жатқанымның дені кәсіби жұмысыма қатысы бар әдебиет болғасын, оларды тізбектегім келмеді. Сондықтан шығар, ұсынғым келетіндерім түгелдей бала күнгі оқығандарым болып шықты.

1. «Пеппи длинныйчулок»

(32.08 Kb, 400x284)

Пеппи қыз тоғыз жастағы кейіннен қаранәсілді тайпаның көсемі боп кеткен капитан Эфраим Длинныйчулоктың қызы. Шешесі құндақтаулы жатқан сәби кезінде дүниеден озса да, Пеппи маймылы Нильсон және атымен бірге тәтті дәурен кешіп жүреді. Әке қанымен бойына дарыған алапат күш пен бір шабадан алтын арқасында Швецияның шағын бір кентінде алаңсыз өмір сүруіне жәрдемдеседі. Өз ойындағысын істеуден тайынбайды және өз ойлағанындай істеуге құштар. Айтқанынан қайтпайтын сұмдық табанды Пеппи мектепке барып тәлім алатын сауатты оқушы емес, өтірік айту жақсы еместігін біле тұра, анда-санда ол ереже есінен шығып қап, алуан түрлі ойдан құрастырылған аңыз-әфсаналарының шыншылдығына күмән туғызғандарға тез ренжи салады. Бірақ Пеппидің ниеті, жүрегі пәк те таза, ойы – адал. Достары Томми мен Анника Сеттергрен, бірге бірталай шытырман оқиғаларды бастан кешіреді. Орасан зор күш иесі ол атын қолына алып, көтеріп жүре береді, цирктегі алыптың жауырынын жерге тигізіп, масқара қылады, ызаға булыққан өгізді сабасына түсіреді, балалар үйіне тапсыру үшін үйіне келген полиция өкілдерінің «сазайын тарттырады». Пеппидің есейгісі келмейді, әлемде «иттің етінен жек көретіні» де есею мәселесі.

Бала күнгі осы кітап кәдімгідей өмірге қызығушылықты, өз позицияңа берік болуға баулиды. Әркім өзі қабылдағысы келген призма арқылы керегін алады. Пеппи длинныйчулок (түпнұсқа ныспы Пеппилотта Виктуалия Рульгардина Эфраимсдоттер Длинныйчулок) – Астрид Линдгреннің «Қожасы» дер едім.

2. ~Қазақ халқының ертегілері~

(61.65 Kb, 300x300)

Мұқабасы қоңырқай түсті кітап. Дәл аты есімде емес екен, әркімнің үйінде болатын ертегілер ғой. Шешеммен хабарласып, сұратып едім, үйге келген қонақ кісілердің біреуі ұнатып әкеткен болса керек. Кішкентайымда бес қабатты үйдің бесінші қабатында тұратын пәтерде әке-шешем, ағам мен әпкелерім мектепке кеткесін түске дейін жалғыз қалатынмын. Далаға шығып ойнап, қаңғып кетпесін деп сыртымнан кілттеп кетеді. «Керқұла атты Кендебай», «Жезтырнақ» сияқты қиял-ғажайыптарды оқи отырып арманға шомып кететінмін. Шынайы өмір мен ертегі арасын ажырата алу үшін керек дүниелер шығар.

3. «Муханура»

(49.99 Kb, 160x227)

«Біздің ауылда құтырған бураларды былай жөнге салады» деп әсіре әдірәңқалғырларды құрықтап, джиу-джитсу (қазіргі аналогы «ережесіз белдесу» ғой деймін) бойынша Харбинде алтын медаль тағынған балуан, хас жампоз Қажымұқан Мұңайтпасұлы іріліктің мысалы. Поляк қызымен отау құрған ол зайыбын Омбыда мешітке апарып, оған Бәтима деген ат беріп, мұсылман дініне кіргізген. Патша ағзамның үкіметі құлаған соң, балуанның отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады. Осындай нәубеттерге қарамастан Қажымұқан 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалайды. Боз кілемде ешкімнен де тайсалмайтын алып баһадүр туралы кинодан да көріп-білеріміз аз емес. Сол кездегі идеология болар, бұратана халықтың атын әйгілеуші палуан жүргізіліп отырған саясат контекстіне келіңкірей қоймайды. Осыдан барып Қажымұқан лақап аттармен күресуге мәжбүр болды. Түрлі турнирде Қажымұқан есімін түрліше құбылтты: бірде «Ямагата Мухунури», енді бірде «Иван Чёрный», сосын «Қара Мұстафа» да болды. Осылайша анонстарда түрлі атпен аталған алып бабамыз саяси қанша теперіш көрсе де, халқы қашанда оның майталман табиғатына тамсанумен болған. Аты дәріптелетін, дәріптеліп келе жатқан кесек тұлғаның өмірі өнеге мен ғибратқа толы.

Эстафета таяқшасын Теріскейге берсем деймін.
Бөлісу:

83 пікір

asaubota
Қажымұқан туралы есімде, киносы да күшті шығып еді.
edige
Нұрекең алған соң "Үш ғасыр жырлайды" шығады ма деп ойлап қалдым. Неге екенін
madlen
Peppi kuwti :)))

Bugin to4no balalar kitaphanasyn izdeu kerek boldy :)))
omarbirat
Бұрын телебизірден Пеппи туралы кино болып жататыны еміс-еміс есімде. Циркте балуанды жылатып жіберетіні бар ғой :)))
madlen
kinosy kyzyk emes, dym da kyzyk emes, muzikl goi…
kitaby keremet
asaubota
Пеппи, Мэри Поппинс дегендер мен үшін слишком гламурныйлау болып көрінді ме, оқымадым, қызықпадым.
Nurgisa
Ол кездері айнала сұрлау боп көрінгесін бе екен, әлде күніге таңертеңгі нан үшін тізілген шеретте екі сағат күтіп тұрмау үшін түнгі екі-үште арнайы ұйқыдан тұрып, дүкендегі кісілерге бір-сомын артықтау төлеп, қызықтардың дәурені дүркіреп тұрғасын ба екен, Пеппиге ұқсағым келетін. Ойына келгенін жасқанбай істей береді, ақшасы көп, ешкімнен қорықпайды…
Gastarbaiter
Муханура! Менің сүйікті кітаптарымның бірі
Nurgisa
Сенесің бе, сол кітап та үйдегі кітап сөресінде жоқ боп шықты Наурызға барып, алып кету үшін үңіліп қарағанымда. Бұрындары альбомнан суреттерді жымқырып кеткенде күле қараушы едік, кітапты айтпай алып кету дегенге кейде тіксіне қалады екенсің.
madlen
Астрид Линдгреннин «Мио, мой Мио» деген китабын жылап окыгам еще :) Аудармасы жок кой бирак.
Abilakim
«Мио, мой Мионың» киносын көргенмін. «Айвенго»-ны оқыдыңдар ма?
madlen
Aivengony bastap, bitire almai koidym :(
edige
Мен де кітап оқысам ұйқым келед.
Gastarbaiter
Кітап оқисың ба? деген сұрақ маған ұйқтайсың ба? деген сұрақпен бірди. © Зәбира "Ғарфилд"
Abilakim
Сол әнші балапан қайда өзі? Мында бар ма?
madlen
Anna Kareninany okyp jatyrmyn desem, kulkige kalatyn siyaktymyn goi munda :)))
Abilakim
Біз дәретхана қағазындағы анекдоттарды оқудан аспаймыз… кейбірінің басын шелектен іздейміз…
Zere
Мадлен, сен көп құпияларды ашып жатсың ))) Давай кезек келгенде сен бәрін өзің жазасың. :)
madlen
Zere, men jazba jazbaitynymdy umyttyn goi :) Aitkan edim goi sagan, sekirip jurip komment jazgannan baskany bilmeimin dep :)))
Zere
Саған кезек келсе — жазасың. ;)
qisyq
Мадленге кезекті көп күттірмей беріңдерші, жазсын. Кәммент жазғанды біледі, енді «на своей шкуре» сезінсін постыңа небір пікір қалдырып кеткеннің қандай екенін)))))))))))))))
edige
Теріскей Мадленге таяқ лақтырш
qisyq
Байқа, бір жерін ауыртып алма, жынды мінезіңді көрсетіп. Қыз бала ғой как никак…
madlen
Jok, rahmet :))) Qisyq, lovuwkaga tykpa meni:)
Men negizi jaksy kommentter gana jazam goi, ewkimdi renjitpegen siyakty edim :(
asaubota
таяқ лақтыршы деген біртүрлі естіледі екен :)
Gastarbaiter
Бала кезім нашар өткен екен негізі. Мен көз ашқалы медициналық кітаптар, анатомия, сосын жануарлар туралы кітаптар оқыппын.
madlen
ali de kew emes :)

balalyk kezimdi sagynyp, nostal'giya bolganda Garry Potterdi alyp kaita karap wygamyn :(
Gastarbaiter
Властелин Колецті жоғарғы сыныптарда оқығам. Гарри Потердің шыққаны кеше емес пе?
madlen
kewe emes… algawky kitaptary osydan 10 jyl buryn wykty goi
Gastarbaiter
Он жыл бұрын, мені Гарри Потерден бұрын әлі «девственник екенім» қаттырақ мазалайтын.))
qisyq
Бұрынғының адамдары терең болған ғой.
Nurgisa
Қазіргілер бір бөтелге Хеннесиге сілеспей қатад. Саяз-ау дейм сонысына қарағанда ;)
qisyq
Қайран Хеннеси көсіліп бір жүзе алмай, қайраңдап қала береді қазір…
patick
Мен кішкентай кезімді Гарри Поттерді жазушы деп ойлаппын )))
qisyq
Гарри Поттерді алып қарап шыққаныңызға қарағанда, балалығыңыз жақында аяқталған-ау дим.
Gastarbaiter
Қазақстанға қойыңдар каналдарыңды менің әріптестерім туралы көрсетіп жатыр.
Gastarbaiter
арнайы репортаж, үлгеріп қалыңдар, анау көзі көгерген жігіт Пархадпен талай ішкенбіз.
Abilakim
Аяқталмауы да бек мүмкін…
madlen
kawan ayaktalady eken dep kutip jurmin negizi :)
qisyq
Men blogger emespın :) ©
madlen
dal ozi!
qisyq
Мадлен, саған арнап Гарри Поттер туралы «Дымбілмес: аңыз бен ақиқат» деген өлең жаздым.
qisyq
Мадлен, Мадленжан, Мадлен қыз,
Бұл күнде Поттерлердің бәрі жалғыз.
Дымбілместің шындығын айта-айта,
Бір күні біз де сгущенкадан жалығармыз.
madlen
:)))
myna olennen kim ne tusindi?
Abilakim
Түсінгенім: Мен, Гаста және Қисық үшеуміз бүгін сені айналдырып отырмыз
Nurgisa
Кезек сенде, Гаста.

(4.67 Kb, 214x235)
qisyq
Мына зырылдауық астарлы түрде Мадленнің бейнесін бейнелеп тұр ғой, ә, бажеке?
Abilakim
Бір Мадлен үш отбасыны шыр айналдырып отырғандай болып елестейді маған…
madlen
men birdeme dep jauap jazuym kerek pa?
:)))))))
qisyq
Жаздым, жаңылдым де.
madlen
ewteme jazbai-ak koyain :(
ana oyinwyk magan tuk te unamaidy…
Abilakim
«Бастысы сенің маған ұнауың»-деп аналардың алдын орап кетсем ше))))
Gastarbaiter
Кетнақ, мені қоспа, сенімен істес болғанша, Жеңіс Ысқақоваға қырындағаным артық.
qisyq
«Напустил туман» дегеннің не білдіретінін енді түсіндім.
Abilakim
Шамаңды білгеніңе рахмет! Жеңіс Ысқақоваға да сондай бір адам керек шығар. Ни че ғой былай…
Gastarbaiter
Сенімен істес болу — туымызбен түстес болу десең ия.
Abilakim
кеңкілдемеске шара жоқ)))) Сен вахтада емес, түрмеде отырғандай сөйлейсің дә…
Gastarbaiter
«Вахта» деген саған жақсы болды ғой. Үйде жатқаныма екі апта болды.
Abilakim
Сол жаққа кеткеніңде аяқталады ғой
monti
Гарри Поттер — кажся, көбіне қызық :)
satibaldi
кажся
Тужся дегіңіз келген болар?
monti
Теріскей, сізді күтіп отрқ)))

керекшілер керемет оқымыстылар екен. Біраз нәрсені оқитын боп шешіп атырмын мына жақта мен ;)
Nurgisa
отрқ
атырмын

Отырсыз ба, жатырсыз ба?
monti
«ж» — әрпі меніңше артық ;)
sammita
Теріскейді бағана көріп қалдым. Кітап дүкенін іздеп жүр.
qisyq
Түрі бұзылып кеткен, көзі шүңірейіп, шаршаңқы кейіптегі, арыған, ашыққан, ерні тілім-тілім, кеберсіген…
sammita
:)))))))))))))))) амандасуға шамасы жоқ асығыс, «Нұрғиса бір бәле бірдеңе» деп күңкілдеп барады.
TERISKEI
:))))) ық-ық! Күте тұрыңдааааааар, келе жатырм:))))«Түрі бұзылып кеткен, көзі шүңірейіп, шаршаңқы кейіптегі, арыған, ашыққан, ерні тілім-тілім, кеберсіген…»,© қолында 3 іштүк кітабы бар әшкилі смайыл :)))))
aktobe88
hehehehe,kalai eken Make, to est' Take, bireudi mazaktagan:-)))). aldyna keldi ma, sevap:-)))
Gastarbaiter
Осы қыз злопамятный...қорқам.))))
aktobe88
Менің орнымда ит те инфаркт болады деуші ме еді Шәмші Қалдаяқов, менің орнымда болсаңыз, сіз әлдеқашан сазайын беріп қояр едіңіз. Егер сізді дәл солай алдаса бірінші апрельде.:-)))))
TERISKEI
...әлі ұмыта алмай жүрмісің?:)))
aktobe88
енді ші!.. мені осы жасыма дейін әлі ешкім олай алдаған жоқ!
Nurgisa
Сіздің персонаңыз да халыққа шығатын, онымен жақындасатын болыпты ғой, ә? Пәлі-і… :)
sammita
ұқпай жатырық:))
qisyq
муахахахахаха))))))))))))
Gastarbaiter
трқ — деген жалғауды қайдан таптыңдар?))