Soundslide: "Менің анам"

  • kazjur


«Практикалық мультимедиа» курсындағы студенттеріме «Алматыдағы қазақилық» тақырыбында аудиослайд жасауға тапсырма берген едім.
Аудиослайд жасауды енді меңгеріп келе жатқандықтан техникалық кемшіліктер әрине байқалады. Десе де жұмыстарындағы айтып отырған идеялары мен ізденістері мені тәнті етті.

Жаңылай Базарбаевның жұмысын ұсынып отырмын. Мен бұл жұмысқа «Менің анам» деп ат қойдым. Себебін көріп болған соң түсінерсіз деп ойлаймын. Алдағы уақытта басқаларын да жариялап отырамын.

neweurasia.net сайтынан жарияланды
Бөлісу:

17 пікір

Abilakim
Блогқұрылтайда көрдім-ау деймін осы шәкіртіңізді…
urimtal
Иә, kazjur студенттерінің дені Блог құрылтай жұмысына белсене араласты.
Abilakim
Біраз, жігіттер сенің студенттеріңе "әңгіме" айтуға сенен ұялды…
VKM
Керемет! Ұнады)))Жалпы менің жоспарымда бар,қазақ оюымен өрнектелген кештік ұзын көйлек тіктірту.Түсін де таңдап қойғанмын, көкпеңбек, оюы алтын түстес. Тездетпесем
Abilakim
Иә, тездетпесең күйеуге шыға алмай қаласың))))
VKM
Не көп, жігіт көп....ұстармыз біреуін… хехе)))
Abilakim
Пандора апайда сөйдеп жүріп орысқа тиіп кетті ақырында…
VKM
Жоқ, орыс керек жоқ,қазір оңайырақ ғой, тіпті ешкім болмаса, хиджаб киіп,2-ші,3-ші,4-ші бола саламыз)))Әйтеуір қам жемесеңізші. Бір жерден орын табармыз)
Erlan
Анаңыз өте ісмер екен, жасалған бұйымдары өте шеберлікпен жасалған маған ұнады, дизайнер болғым кеп кетті)) ұлттық үлгідегі киімдерді шығаратын
bekmur
Ya adeni jasalgan… Birak bizde ulttyk degen tek oyumen shekteletini okinishti…
KILYZAMAN
Осындай дүниелер көбірек болса ғой…