Ceza - Kim Bilir (2011)

Жезаның кеш шыққан жаңа клипі. Өлеңнің өзі 2010, клипі 2011 жылғы :)



Соңғы альбомынан осы өлеңі өзіме қатты ұнайтын еді. Альбомын түсіріп аламын деушілерге:
Әрі қарай

Балалық шағымның аспаны. Тұсау кесер.



Бүгін Астанадағы «Қазақстан» кино-концерт залында «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген дарынды режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмінің тұсаукесері болды.

Әрі қарай

"Керек" ауру

КерекИнфо сайтына кіргелі бір аураға тап болдым. Күнде таң ертең басталатын ауру, көзім жұмылғанға дейін жалғасады. Күнде азанда тұрғанда бүгін КерекИнфоға кірмеймін. Жұмысты дұрыстап істеймін дейсің. Бірақ, аздан кейін қарасаң монитордың алдында шек-сілең қатып керекті оқып отырғаның. Не құдыреті бар екенін қайдам, құтыла алмай-ақ қойдым. Ойлап қоямын, елдің бәрі мен секілді күлкіден қырыла ма екен, әлде үйреншікті болып кеткен бе?
Әрі қарай

Адырна сайты.

Адырнама
АДЫРНА I Қазақтың шертпелі саз аспабы.

АДЫРНА II Садақтың керме қайысы.

АДЫР Бір-біріне ұласып, тұтасып жатқан белесті дөңес жер. («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 18 бет)
Әрі қарай

Ауылдық жердегі өміріміз.

Айтыңдаршы керекшіл қауым — талқыға салайықшы, осындай пост керекпе бізге? (ашпақшы едім, атын тақырыптың атына сәйкестендіріп)
Осы сайтымызға көптеген(аллам көп көрмесін) блоггерлердің кіріп-шығып жүретінін байқадыққой бәріміз.
Енді бір сәт кіндік қанымыз тамған жерлер жайлы ойланайықшы. Ол жердегі ауылдастарымыздың тұрмыс-тіршілігінің қаншалықты оңалып, заман ағымына сай көркейіп келе жатқанына ерінбесек барып көз жүгіртіп, білсек білетінімізді жазып отырайықшы. Иә сайтқа кіріп ой пікір білдіре алатын, құрылтайға қатысып өзін өзі көрсете алатын әрбір жанның, қандайда болмасын бір саланың маманы екеніне, айтары бар екеніне сенімім мол. Бұл постта мына нәрселер жайлы айғақты да тұжырымды тек қана позитив емес(бәріміз ауылымзды сүйеміз) негативтер жайлы мақалалар қойсақ деген ұсыныс бар.
1. Ғылым ауылға жете алама жоқ қашықтап барама?(Жаңа технологияларды алып барайық)
2. Ақпараттық технологияның ауылдағы күйі(Барлық ауылға дерлік телефон және интернет жеттіме, не кедергі?)
3. Мемелекет тарапынан ауылдарға бөлінген қаржылардың сиқы мен игерілген күйі.(Өсекке, өтірік ақпаратқа, мақтаншақтыққа сенбейік)
4. Ауыл жастарының армандары мен кейістері(кейс емес)
5. Ауыл ақсақалдарының үміті мен арызы(Кәрісі бардың ырысы бар)
6.
7.
8.
деп жалғасып кете берсін
Әрі қарай

Адам үшінші, төртінші көргеннен ғашық болады деген қағида жоқ

Бұл менің сөзім емес. Бүгін ғана премьерасы болған «Жаужүрек» спектакліндегі Ерлан Біләлдің сомдауындағы Балуан Шолақтың орыс оязының қызы Татьянаға айтқаны.

Премьераға әріптестерім жүр-жүрлеген соң,  театрдың ауасын жұтып келейік деп жүріп бергем.  Көріп шыққан соң көңілге келген ойды блогқа бағыттауды арасында езуімізге күлкі мен ой үйірген соң осы сөзден бастауды жөн көрдім. Әсия әріптесім сияқты майын шақпаспын. Бірақ осы қойылым туралы аз-кем әңгіме.
Әрі қарай

Эстафета. Мадленнен 3 кітап :)

Жаз дедi, жаздым… TERISKEY лақтырған таяқпен…

«Гарри Поттер» (7 кiтаптан турады)
Дж. К. Роулинг


Менің ең сүйіп оқитын кітабым екенін білесіздер уже :)
Ең алғашқы кiтабы осыдан 10 жылдай бұрын шықты. 7 кiтаптан тұрады екен деп қорқатындарга айтатыным: окуға өте жеңіл жазылған, сюжеті белгілі бір оқиға бойынша құрастырылып, сол сюжет бойынша өрбиді. Шашыраңкы ой жоқ.
Әрі қарай

Интернеттегі қазақша блог, қазақша сайт

Интернет «сет» жүйесіне менің де өз сайтым "қазақ тілінде" қосылғаны жайлы керекИНФО-ға жазуды ұйғардым. Менің блогыма ссылка: sot.idhost.kz. Жұрттарды сайтыма кірсін деп жарнамаламаймын. Жай ғана білсін деймін. Мен блогымды біреулер оқуы үшін емес, жай ғана өзімнің жастығымның астындағы күнделік етіп жазып жүрген дәптерім қылып қолдану үшін жазамын.
Енді ары қарай менің сайтым жатқан idhost жайлы айта кетейін. Ол жайлы білмейтіндер оны ucoz сияқты конструктор деп ойлауы да мүмкін. Бірақ ол ешқандай конструктор емес. Кәдімгідей нағыз сайт жасайтын хостинг. narod деген хостинг сияқты, бірақ одан мың есе артық. Қысқасы сатып алынатын хостингтан айырмашылығы жоқ. Бірақ тегін беріледі. Бір ғана кемшілігі домен idhost.kz болып аяқталуы керек. Онда тұрған айтарлықта онша ештеңе жоқ. Бастысы хостингта сақталған файлдар (сайттар) мегалайнерлер үшін жоғарғы жылдамдықта, әрі тегін жүктеледі.
Әрі қарай

Дүние кезек...

Кішкентай кезімде әке-шешем маған көбірек көңіл бөлгенін, көбірек бірге уақыт өткізгенін қалап тұратынмын. Үлкендердің проблемасы азайған ба, балаларды қалай жеткізем (заманның оңай емес кезі), өсіріп-өндірем дегендей, тағы басқа алаңдайтын жұмыс, т.с.с. бар, общым, қалағаның бола бермейтін. Бір жеткен жетістігің болса, онымен бөліскенше асығасың да, бөліскеннен кейінгі үлкендердің реакциясы сен күткендей бола бермейді (мысалы, сен айтқан керемет жаңалық олардың күнделікті күйбең тіршілігінің арасында титтей болып оларға маңызсыз болып көрінеді дегендей)… іштей бұртиясың…
Әрі қарай