Ауылдық жердегі өміріміз.

Айтыңдаршы керекшіл қауым — талқыға салайықшы, осындай пост керекпе бізге? (ашпақшы едім, атын тақырыптың атына сәйкестендіріп)
Осы сайтымызға көптеген(аллам көп көрмесін) блоггерлердің кіріп-шығып жүретінін байқадыққой бәріміз.
Енді бір сәт кіндік қанымыз тамған жерлер жайлы ойланайықшы. Ол жердегі ауылдастарымыздың тұрмыс-тіршілігінің қаншалықты оңалып, заман ағымына сай көркейіп келе жатқанына ерінбесек барып көз жүгіртіп, білсек білетінімізді жазып отырайықшы. Иә сайтқа кіріп ой пікір білдіре алатын, құрылтайға қатысып өзін өзі көрсете алатын әрбір жанның, қандайда болмасын бір саланың маманы екеніне, айтары бар екеніне сенімім мол. Бұл постта мына нәрселер жайлы айғақты да тұжырымды тек қана позитив емес(бәріміз ауылымзды сүйеміз) негативтер жайлы мақалалар қойсақ деген ұсыныс бар.
1. Ғылым ауылға жете алама жоқ қашықтап барама?(Жаңа технологияларды алып барайық)
2. Ақпараттық технологияның ауылдағы күйі(Барлық ауылға дерлік телефон және интернет жеттіме, не кедергі?)
3. Мемелекет тарапынан ауылдарға бөлінген қаржылардың сиқы мен игерілген күйі.(Өсекке, өтірік ақпаратқа, мақтаншақтыққа сенбейік)
4. Ауыл жастарының армандары мен кейістері(кейс емес)
5. Ауыл ақсақалдарының үміті мен арызы(Кәрісі бардың ырысы бар)
6.
7.
8.
деп жалғасып кете берсін
Бөлісу:

13 пікір

KILYZAMAN
Ал бастадық, мысалы: ауылда жағдайы(материалдық тұрғыдан) бар адамға, ЮЗБ модем қаншалықты пайдалы?

ПыСы. Телефон жүйесі жоқ жер.
a63a1
сиырына чип тағып қашықтықтан упрәбләйтетіп үйде отырып бағу үшін
a63a1
ауылдың "әпчу" әкімі ауылдағы жиенімнен әкімшілікке тұруы үшін 2000 көк қағаз сұрап отыр
Erbol
2. Ақпараттық технологияның ауылдағы күйі(Барлық ауылға дерлік телефон және интернет жеттіме, не кедергі?). Ауылыма Кселл мен Билайнға хат жазып жүріп, ұялы байланыстың түсуіне мүмкіндік жасадым. Ауданың бар ауылына түсіріпті да, тек менің ауылыма түсірмей кетіпті.Халық саны аз, таудың іші, сондықтан бір ауылға бір антеннаның құны өзін ақтамайды дейди. Өй, қойыңдар бұл туризмнің орталығы, Көлсайда ұялы байланыс жоқ деген масқара деп алысыңқырап жүріп, журналистігімді салып жатып, түсіруге сәл үлес қостым. Өткенде қосып кетіпті.(Былтыр блогыма түбі түсіртем, интернет пен ұялы байланысты деп жұлқынып пост жазғам. azanbekov.wordpress.com/2010/11/09/сайттан-бұрын-интернет-сыйла-ауылдағ/) Ендігі мәселе интернет болып тұр. Восьмеркамен шығамыз Ербол, жорналшы екенің рас болса соған да ықпал жасашы дид.Енді Қазақтелекомға шабуылдау кажеттігі туып тұр. Көп ауылға интернет пен ұялы байланыс әлі жоқ.Бұларды жеткізу керек.Өте дұрыс бастама көтергенің.
KILYZAMAN
Жараған екенсің Ереке. Талпынар түлегі жоқ ауылдың болашағы түнек демекші нағыз азаматтық жасапсың… Цифровой МИНИ АТСтің де түрлері көбейіп жатқан заманда, бейқамдық танытпау керек. Әуелі, мына көрші(елдер)- жастары техника мен жаңа технологиға жақын елдердің тіршілігіне қарасаң әрқайсысы интернетке шығып ой бөлісіп, сол ВАЙ-ФАЙы болсын, сптниктік антенна болсын(ауылға сериал көргіштер тарелкелер апарып алды емеспе), қолдану арқылы өз қолдарымен лимитсіз интернет қолдану әдістемелерін бір бірінен үйреніп жатыр… Білімдерін бөлісіп — бір бірін байытыуды Білімді бөліссең ғана көбейеді емеспе?
KILYZAMAN
Сымсыз(безпроводной) интернеттің қай түрі ауылға дұрыс деп ойлайсыздар? Қолданып жүргендер барма? Ең қолайлы тарифпен деген тұрғыдан қайсысы дұрыс екен осы?
Janasil
Менің ауылымы белайн байланысы 2008 дің аяғында келді. Бір жылдан соң актив қосылды. 2010 ның басында агентте отыратын ауылдың адамын табу мұң еді. Мектептегі информатиктен басқа. Бір жаздың ішінде агент ауруы бүкіл ауылымды жайлады. Естуімше мекте оқушыларының алтыдан жоғары сынып оқушыларының барлығында бар. Достыққа ұсыныс жіберіп жатады. Түрлері таныс аттары бергісіз кішкентай ауылдастарым. Қазір саны 50 ге жетіп қалды менің агентімдегі ауылдастырым. Ал жалпы интернеттің даму жағы онша емес. Почта жанынан интернет ашып жатқан тегін. Өткенде барғанымда комптардың құр қаңырап тұрғанын көрдім.
KILYZAMAN
Кім кінәлі деп ойлайсың?
Janasil
Әрине әкімшілік.Және халықтың оның ішінде жастардың жақсы ақпарат алмауы. Мектепте бар интернетті пайдаландырмау. Сондықтан майл агенттен ары аса алмай жатыр.
KILYZAMAN
Әкімшілік қазынадан бөлінген ақшаны орынды жұмсағандықтан шығар мүмкін ақпараттық технологияның ауылға жетуі… Ендігі жерде шайнап берудің қажет қанша деп ойлайсың?
Мүмкін бар мәселе:
1.мектептегі ұстаздың біліктілігінде шығар, отыра қалып етегін жасқа толтырғанша бар нәрсені игеруді неге ойламайды?
2. Ауылда кіндік қаны қалған, қалаға ауысып алған жастарда шығар… деп кете бермейдіме осы?
Janasil
Кінә мектеп мұғалімдерінен де бар. Кезінде отырдық қой. Компьютер кабинетке кіресің. Бір ақ ешкім компқа отырмайды. Жанындағы партаға отырасың да мұғалім берген тапсырмаға дайындаласың. Неге компқа отырғызбайды десем мұғалімнің өзі қарық қылып білмейді екен ғой.
Ендігі жоспарым үйдегі ініме веб камера апарып, активтің флешкасын қостырып бауырларыммен күнделікті скайппен сөйлесіп отырсам ба деген ниет бар.
KILYZAMAN
Бәрекелді, жарадың…