ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

немесе
ҚАЗАҚПЫН ДЕГЕН ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ

Адамның екі нәрсеге құқы бар:
еркіндік пен өлім. Егер біріншісіне
қол жеткізе алмасам онда екіншісін
таңдаймын. Себебі мені ешкім
тірі өлік етіп ұстауға құқы жоқ.
Харриет Тубман

Қазақтың баласы берісі ел
басқаруды, арысы адамзатты,
әлемді басқаруды мақсат етуі тиіс.


Патриотизм мәселесін көтеруіме себеп болған, тәуелсіз ел болғалы бері әлі күнге дейін патриотизмнің мазмұны мен соны құндылықтары қалыптаспағандығынан туындап отыр. Жаңадан мемлекет құрып жатқан соң, оның халқының санасында да жаңа мемлекет құрып, бұрынғы идеяларды өшіріп, жаңасын жазу қажет еді.
Әрі қарай

Сондай күндер де болған...

Қазіргі оқушыларда бәрі бар. Қағаз-қаламдарының түр түрі жетерлік. Сонау бір жылдары «ручкалардың» өзі қат болып кеткен. Шарикті стержіндері болушы еді.«Ручкамның пастысы бітіп қалды» деген әңгімелер болатын сол замандарда. Пастының басын тіспен жұлып алып, пастысы біткен досыңа үріп сия құясың. Бензіні біткен мәшинеге бензін бергендей… Отырасың сосын аузыңның маңы көкала сияланып…
Фломастер дегендер де қолға көп тие бермейтін. кеуіп қалған фломастерге одекалон тамызтып алып әрі қарай қолдана беруші едік…
Әрі қарай

Ширктің қауіптілігі



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Бауырларым! Шын мәнінде ширк – ең үлкен әділетсіздік. Надандықтың ең төменгі нүктесі. Сол үшін де барлық пайғамбарлар мен елшілер өз шақыруларын шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білуге шақырумен бастаған. Ал шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білу ширкке қарама-қарсы нәрсе. Олар дәл осы ширкті жек көргендей еш нәрсені жек көрмеген. Құрандағы және пайғамбарымыз Мұхаммедтің сүннетіндегі біз байқайтын ең үлкен қорқытулар – ширкпен айналысушыларға байланысты қорқытулар.
Әрі қарай

политика


бүгін В.В.Путин госдуманың алдында 2010 жылдың өз үкіметінің отчетын берді. отчет өте қызық өтті.
Әрі қарай

Жоғалмапты ғой, неге алдайды ,а?

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев:
— Негізінде, «KazSat-1» бір орында тұр. Ол жоғалған жоқ, тек жұмыс істемейді. Журналистер: «KazSat-1» үшті-күйлі жоғалып кетті» деп жазады. Бұлай деуге болмайды, бұл — дұрыс емес», — деді.
Ренжіп отыр Ағамыз.
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7391&Itemid=2#addcomments
Әрі қарай

Таңғы симбиоз



Таңғы сағат төрттің кезі. Тыныштық.
Шылым. Ноут. Үстел жапқан кітаптар…
Салғыластық дау тудырып, кофе іштік.
Бірақ, бізде симбиоздық сипат бар.

Маған қиын ұғу сендік пайымды.
Сендік ойды, сендік ниет, сезімді.
Түсіне алмаймын торығып жазған жайыңды!
О, Құдайым, қайдан саған кез қылды?!
Әрі қарай

Бұл биліктің ойыншығы емес, бұл мемлекеттік театр!!!

Сламбек Әйнекбайұлымен сұхбат
Диана Мұқан

Сламбек Әйнекбайұлы Жұмағали 1981 жылы Алматы қаласының Жүргенов атындағы өнер академиясының театр және киноактер факультетін бітіріп, Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында қазір халыққа өнер жағынана үлес қосуда.
Әрі қарай

Шамаң келсе "Шаманы" айт...

Жарылғапбердінің «Шамасы». Консерватория бітіргендердің 50ден бірі орындайтын шығар сірә. Өте қиын ән. Әннің тарихына келсек «бұл ән Жарылғапбердінікі емес» дейтіндер де бар. Ия, Жарылғапберді жеткізуші болуы да мүмкін. Дегенмен, бұл ән әзірше Жарылғапбердінің «Шамасы»
Әрі қарай