Бұл биліктің ойыншығы емес, бұл мемлекеттік театр!!!
Сламбек Әйнекбайұлымен сұхбат
Диана Мұқан
Сламбек Әйнекбайұлы Жұмағали 1981 жылы Алматы қаласының Жүргенов атындағы өнер академиясының театр және киноактер факультетін бітіріп, Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында қазір халыққа өнер жағынана үлес қосуда. Содан бері табаны күректей отыз жылдан астам уақыт осы театрда еңбек етіп келеді. Жақында дүниеден озған Советтер Одағының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Қазақтың Катаринасы» Хадиша Бөкееванын шеберханасынан сабақ алды. Сондай-ақ, қазақ киносында халыққа көп танылған қайталанбас ұлы тұлға кешегі «Бейбарыс сұлтан» фильмінде Сұлтан Бейбарысты ойнаған қазақтың шоқжұлдызы, дарынды актері Нұрмұхан Жантөриннен, бүгіндегі Қазақстандағы нөмірі біріңші театр сыншысы, Қазақстан Республикасының өнеріне еңбек сіңген қайраткер, профессор Әшірбек Сықай секілді ағалардан дәріс алды. Бұл театрда отыз жыл ішінде көптеген рөлдер ойнады, оның ішінде айта кететіні сахнаға тұсауын кескен Александр Бектің «Балапан іс тас жолындағы» рөлі Бауыржан Момышұлын, Кеңес Жұмабековтің «Замана неткен тар едің?» атты қойылымында Абай бейнесін, кейнен Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклінде Оразбай бейнесін сомдады. Дулат Исабековтің бірнеше спектаклдерінде, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баянсұлуында» Қарабай, Қодар бейнесі, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Еспенбет сияқты көптеген характерлі, сан қырлы, мазмұнды тереңнен ой толғайтын, айтар ойы бар, қомақты-қомақты қойылымдарды сахнаға шығарды. Олар халықтың көзайымында. Олай болса, Сламбек ағамен қазақ театры жайлы сұхбаттасуды жөн көрдім.
— Сламбек аға, қазіргі таңда қазақия жұртына қандай өнерлеріңізді шығарудассыз?
— Көптеген дүниелерді шамамыз келгенше өнер жолында жүргенен кейін өзіміздің алға қойған мақсат-мүддемізді сол кейіпкерлер арқылы менімізді танытуға тырыстық, қазір актерлікпен қоса кезекті режиссер ретінде сахнада бірнеше спектакль шығардым. Атап айтқанда олардың ішінде көрерменнің көзайымына айналды десе де болады. Лидия Лигенбериеваның «Аққу сезім» драммасын, Кеңес Жұмабековтың «Ата парызын» сахналадым, Ұлы жеңіс мерекесіне арнап атақты Cәкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдерін», Дулат Исабековтің «Аладдиннің сиқырлы шамын» балаларға арнап қойдым. Енді бүгіндері заманында бүкіл қазақ оқырманының елең еткізген шығарманың біреуі жақында дүниеден өткен халық жазушысы, батыр ағаларымыздың бірі, майдангер Әзілхан Нұршайықовтің «Махаббат қызық мол жылдар» туындысын қолға алып, кірісіп кеттім. Алдағы мамыр айының аяғында тұсаукесер рәсімін жасаймыз деген ойдамын. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
— Көріп отырғандай жастарымыздың театрға баруы мүлдем сирек, қызыуғышылықтары да жоқ деп айтуға болады, осы тұрғыда не айталасыз?
— Жалпы жастар театрға бармайды деген пікірмен мен келісе қоймаймын, Неге? Десеңіз, қазақ театры жаңа ғимаратқа көшкеннен бері көптеген спектальге жастарымыз келіп зал лыққа толған кездері болды, дей тұрсақта кейбір спектакльдерде зал орталау болып жататыны рас.
— Бұл театрдың алған бағыт бағдарына байланысты ма, әлде?
— Бұл жалпы театрдың алған бағыт бағдарына да байланысты емес, бұл саяси тұрғыдан алып қалғанда ұлттық идеалогиямыздың төмендігі. Пәленше жыл билеп келген Кеңес дәуірдің сарқыншақтары әлі бар.
Қазақ театры дегеніміз не? Қазақ театры жалпы қазаққа керек пе? керек емес пе? деген ой толғанам, ал керек болған жағдайда, сонда қазақ театрының бағыт бағдары қандай болу керек?
Қазір бізде бір тенденция қалыптасып келеді. Ол да, бір жағынан дұрыс та шығар екіңші жағынан байқамаса болмайды. Қазір елбасы қазақтың тілін көркейтейік деп жатыр, соны жасайтын кім?! әрине, қазақ театры. Ендеше, біз көрінген шығарманы қоямыз, орыстың шығармасын қоямыз кеше ғана Михаил Чеховтың «Шағаланы» қойдық, көрермен жоқтын қасы болды. Тағыда «сондай» шығармаларды қойып жатамыз. Біз неге қайтадан «Қозы Көрпеш Баянсұлуды» қоймаймыз?! Неге «Еңілік-Кебекті» қоймаймыз? Неге «Қыз Жібекті» шығармаймыз? Неге «Қаракөзді» шығармаймыз? Баукен осындай ұлттық проблемаларды айтқаны үшін ұлтшыл атанды, бүгінде ұлтжанды болмасан, өз ұлтының қадір қасиетін біліп, тарихын дәріптемесен, әдебиеті мен мәдениетіне көңіл бөлмесен онда бізден не қайыр? не пайда? Міне, бүгінде біздің басты мақсатымыз елбасының тіл арқылы, тіл дегеніміз тақанадан сайрап, Әуезовтің тілі қандай, Ғабит Мүсіреповтің тілі қандай, Оралхан Бөкейдің тілі, бүгінігі классик жазушымыз Дулат Исабековтардың тілі кімнен кем? Мұхтар Мағауиннің шығармаларын неге қоймаймыз? әңгіменің басы осында, осыны айтсан біреулерге ұнамайсын. Білдіңіз бе? деп (қаймығып отырды)
Әрине шығарма ескірді деуге болмайды классикалық шығарма ешуақытта ескірмейді. Ал бүгінгі заманды толғайтын шығармалар өкіңішке орай кемшілігі түсіп жататын солғын дүниелер оны алып шыға алмаймыз. Кей кездері мына аудармаған себептері осында, әр ұлт өз халқының шығармасын дәріптеу керек. Біріңші қазақ театры біздікі Сәкен ағамыздың атындағы кезінде сол қазақ болған үшін атылған,
— Ал қазіргі алған бағыт-бағдары қандай?
— Көрермендермен көп сөйлесемін, өйткені халық сыншы. Сондықтан да театр басшылары ойланып, болашақта айтып кеткен туындыларды қолға алу керек. Кешегі Чехов та керек шығар, Мәскеудің қай театрында қазақтың «Қозы Көрпешін» қойып жатыр? «Әркім сыйлағанның құлы», «өзінді-өзін сыйласан, ұят бойынан түнілер» деген.
-Жастар театрдан да сабақ алады, осы тұрғы да театр жастардың тәрбиесіне әсері қандай?
-Біз өзіміз айтамыз, жастарымыз бұзылып, тәртіпсіз болып, келенсіз болып жатыр соған өзіміз түтін тұтатып отқа май құйямыз. Жаман көргенсіз спектаклдерді көрсетеміз деген секілді. Жалпы біздің театр ғана емес, барша қазақ театрында осындай тенденция қалыптасып келе жатыр. Бұл кешегі айтар едім, Болат Атабаевтің екі шәкірті келіп, осында режиссер етіп, екі спектакль шығарды. Гребоедовтың «Бөшке» деген қойылымы былай қарап отырсаңыз қойылым тәп-тәуір актерлар да жаман ойнап жүрген жоқ, бірақ көрермендер ренжіп кетті. «Сәке, осы шығармалар сіздің театрыныздың беделін арттыра ма?» «Бұндай шығарманы неге қойдыңыздар?» деген сұрақтар қояды. Менің қолымда билік тұрған жоқ қой, биліктегі адамдар белден басып, қойдырды. Турасын айтқанада тапсырыспен қойылды.
-Ал оның болашағы қандай? Келер ұрпаққа берері қандай?
— Мынау порнография, секс дегендерді бізсізде интернеттен, теледидардан көріп жатыр ғой, Енді бізге не қалды сонда? Тырдай жаланаш шығып қазақ театрынын актерлары трусы майкамен ойнайтын уақыт келіп қалған сияқты. Бұл МАСҚАРА!!! Ал, қазақ театрына мемлекет ақша бөліп, миллиондаған бюджет ретінде ұстап отыр. Мінекей, осы нәрселерді біз ойлауымыз керек. Әр театрдың басшылығы осы тұрғыда ойлансын. Мысалы, менің ойымша естіп, ақпарат алып жүреміз ғой, М.Әуезов театры мұндай дүниеге бармайды, қойып жатқан дүниелері қазақты дәріптейді. Абылайхан, Кеңесары туралы тарихи шығармалар қойылып жатады, мемлекеттік театр болғандықтан, ұсақ дүниелерге көңіл бөлмейді. Кезінде Қалекейлер, Серағандар, Елағандар ойнаған театр, біздің театрда солай кезінде «Ұлпан» «Қыз Жібек», «Еңілік Кебек», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» сан мәрте қойылған. Қайныкен Әлімбаева, Ағдарбек Ыбыраев, Мұздыбек Әбдікәрімов, Әнуар Шәймерденов секілді керемет талантты актерлер шыққан. Кеше ғана арамыздан өткен жүз жылда бір туатын Рамазан Баймағанбетов секілді, актерлер шыққан театрдың дәрежесін төмендетпеу керек. Ол үшін шығарманы қойған кезде зарлап, «Сәрсенбай сам знает!» дегенді қою керек.
-Өнер жолында «Шорлатанство» дейді ғой…
-Кезінде Асқар Тоқпанов айтатын «дипломированные шорлатаны» деп өнерде «шорлатанстванын» керегі жоқ. Өтірік біреуді мақтап, «ойбай, керемет спектакль қойдым, сенікі сұмдық» деп тәп-тәуір дүниесін жоғалтады. Осындай тенденция қалыптасып кеткен, өнерде «блат-слат» деген жүрмеу керек, ол-өнер, басшылар келіп ананың қойылған спектаклі керемет деп жатады, пәленше көрермен келіп оны жамандап кетеді.Осы тұрғыда мұқият болу керек. Эксперимент жасап, ойланып қою керек. Бұл биліктің ойыншығы емес, бұл мемлекеттік театр!
-Патриотизм сахнада бар ғой, ал сахна сыртынан…
— Өтірік патриотизм, мына қазақтың мақалы бар ғой «молданның айтқанын істе,істегенін істеме» деп қазіргі бюрократия да сондай, керемет сөздер айтады, өздері бір жақта былықтырып жатады. Ал менің ойымда, ең таза халық өнер адамдары! Кіршіксіз халыққа берілген халыққа қызмет етеді. Бір айлықпен ғана өмір сүру, мінеки нағыз фанаттар! Мылтықсыз майдангерлер! Қолымнан келсе бір бір ескерткіш қояр едім, азын аулақ тиын тебенге ғұмыр бойы істеп келе жатқан азаматтар бар осында үлкен актерлар отыз қырық мыннын төнірегінде ақша алады, төменгі әртістер жиырма жиырма бес мыннын аралығында, соған қарамастан танертеннен кешке дейн еңбек етеді.халыққа қалқысыз қызмет етіп жатыр, идеалогия саласында идеалогия майданында нағыз еңбектің ү.лгісін көрсетіп келе жатқан осы театрдың азаматтары.
— Үкімет жағынынан қандай демеулер бар?
-Тоқсаншы жылдары қаланың әкімі Шәймерден Оразалиев деген азамат кейннен Мәслихаттың депутаты болды, сол кісі қазақ театрына көп көмек жасады. Тоғыз пәтер берді, сол кездегі жастар біраз пәтер алып жақсы болып қалдық, бұдан кейін үкімет келмеске кеткен Кеңес дәуіріндегі үкімет құлады да жаңа заман келді, ал бүгінгі таңда жасыратыны түгіде жоқ сыбырлағында құдай естімей ма әртістеріміз жатақханаменде қамтамасыз етіле алмай кел жатыр, Енді осыған шығар жол іздеп театрдың жанынан қонақүй іспетті сонда пәтері жоқ жастар орын ауыстырып сонда өмір сүруде, бұл кәсіп емес бұл тығырықтан шығар жол емес, болашақта облыс әкімдері мен мәдениет министрлігінің құлақтарына алтын сырға қазақ театрының болашағын ойлайтын болса жыл сайын бір екі театрдан бөлсе театрға керемет таланттар келер еді, сән салтанат жарасып кетер ме еді деген ой ғой (жымиып күледі)
— Сұхбатыңызға рахмет, аға!

Пікір жоқ әзірше