Жоғалмапты ғой, неге алдайды ,а?

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев:
— Негізінде, «KazSat-1» бір орында тұр. Ол жоғалған жоқ, тек жұмыс істемейді. Журналистер: «KazSat-1» үшті-күйлі жоғалып кетті» деп жазады. Бұлай деуге болмайды, бұл — дұрыс емес», — деді.
Ренжіп отыр Ағамыз.
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7391&Itemid=2#addcomments
Бөлісу:

13 пікір

Abilakim
ҚазСат-2 ұшқан соң Жексенқұлы мен Қосшұғылын күткен қара кемпірдің күйін кешпейік…
patick
Бұтағым жеген әңгіме. ҚазСат істен шыққаннан кейін, ресейліктер оны орбитаның ғарыш техникаларының қоқыс-қалдықтар жиналатын аймағына жеткізді.
Zilola
кім біледі біреудің дачасындағы ауласында ансамбльдің бір элементі болып тұрған болар :)))
patick
ондай ауыр заттарды жерге құлатпайды ғой )))
Zilola
өзі құлауы да ғажап емес ғо :)
patick
қалқып жүр ғой Ай сияқты Жерді айналып.
Zilola
ааа, ғарышқа ұшсам, көріп қайтамын онда :)))
patick
мусор орналасқан жолаққа жақындағанда, қаңғып жүрген темір-терсек кемеңе соғылып, бұзылып қалам деп қорықпайсың ба?
Zilola
керісінше сол жаққа барып, темір терсек әкеліп, Қытайға өткіземін :)))))))
patick
Құлаққағыс (ешкімге айтпа): Ғарыш кемелерінің кейбір бөлшектері қымбат металдардан жасалады. Ішінде алтын да бар.
Abilakim
Біздің жақта бетпақ далаға қарай орналасқан ауылдар бар. сол ауылдарға атам заманнан бері ракеталардың қалдығы құлап жататын. Олар сол қалдықтардан мал қора жасап алады. Бер жағына есік, ар жағына кірпіш қалай салады. Бала кезімде көріп ем сондайларды…
patick
Біздің жақта да шағын зымырандар сыналады. Бұрын құлаған зымырандарды әскерилер алмайтын. Малшылар ішіндегі түсті металдарын сатып, байып қалды. Ал балықшылар ракетаның ұшын ыдыс етіп, балық тұздайды. 1-2 тоннаға дейін балық сияды.
satvaldo
Ұлытау мен Кішітау арасыңа да протон қалдықтары құлайды екен. бірақ көп жатпайды екен. баяғыда көргем…