Өлі тыныштық. Теріскейтіктен соққан ызғар денемді қарып барады. Бойымда аздап қорқыныш бар. Мен қайдамын өзі? Тастай қараңғы. Әне бір жерде май шам жанып тұр. Сақылдаған тісімді қолыммен басып сол өлімсіреген сәулеге қарай беттеп келемін. Бар ойым — мына қараңғылықтан құтылу, жарық сәулені табу. Белгісіз, беймәлім жердің бір құпиясы бар екенін ішім сезеді. Мүмкін, мүмкін мені біреу сыртымнан бақылап тұрған шығар? Мені сынағысы келген жанның тірлігі емес па екен? Сыр алдырмауға тырысуым керек! О, құдай, өзің қолдай көр!
Жақсы демалыс – жұқарған жүйкені жұбататын нәрсе екенін күннен күнге сезінудемін. Ыстанбұл, Бурса, Кония сапарларынан кейін Антальяда да пешенемізге жазылған қызықты көретін күнімізге тәубе дестік.
Айталық, ештеңе айтпалық. Шешінбестен бірдеңе дәлелдей бастаймыз.
Алдымен, жұрттың барлығы келісетін постулаттар жасап алайық. Осы айда бала жасағандар бұл міндеттен босатылады.
Сонымен, ақиқаттығына @AKY мен, оның түрік сұлтанына хат жазып, қазір драндулет мініп жүрген жетекшісі де күмән келтірмейтін постулаттар. 1.Ғылым ұлтқа тәуелді емес.
2.Кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады.
Тағы да Black Cost тобының мүшесі ) Бұл жолы Antrax деген рэпші. Клиптегі тақырбас жігіт.
Бұл — өткен жолы Патик рецензиясын жазған «999» фильміне жасалған саундтрек. Өзіме ұнағандай болды, әйтеуір. Музыкасында Тупактың "California Love" деген өлеңінің минусын еске түсіретін жерлері бар.
Salamalec Sound* лейблының тағы бір өкілін қарсы алыңдар. Бұл — Шымкенттік атақты Black Cost тобының мүшесі Kicha деген жігіт. Мынау — биыл шыққан клипі. Клиптен G-HAD тобының мүшелерін де байқауға болады
*Salamalec Sound лейблына, менің білуімше, қазір G-HAD, Black Cost, Б.К. (Братья Казахи) топтары кіреді.
Клиптің түсірілу тәсілдері де G-HAD тобының клиптерінің арқасында таныс болып қалған шығар ))
Біздің облыста 9 Дәстүрлі халықтық спорт ойындары басталды
Маусымның 13-нен 17-не дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына халықтық спорт және «Сәулетай» балалар ойындарынан 15-ші дәстүрлі жарыстар басталды. Күштілер, батылдар мен ептілер бақ сынасуда.