Кім болды екен?
Өлі тыныштық. Теріс
Мен бұл жаққа қалай тап болдым? Еске түсіре алар емеспін… Кеше ішкен дегелектің дуы есімнен бәрін шығарып жіберген секілді. Айтпақшы, менің атым кім еді? Кон… Көнби… Коньюктив… Көнбиссс… Әәә, конвикт екен ғой. Ух, есім орнымда екен. Қалғаны қайда?
Кенет. Кенет қараңғыдан маған қарай созылған қол ойымды бұзып жіберді. Қорқыныштан жүрегім қатты-қатты соға бастады. Тілім кәлимаға келер емес…
Сәлден кейін жаңағы аппақ қолдың иесі де бой көрсетті. Басына аппақ шәлі жамылған, онысы жарты бетін жауып тұр. Көзінен аққан жас еріндерінің тұсына келіп қалыпты. Ойпырмай, мына жанды қайдан көрдім? Бұл жұмбақ жан кім болды екен? Тегін емес. Үрейден сол орынды тез тастап кеткім келді. Бірақ жаңағы тұлға оң ғолын жоғары көтіріп тоқта дегендей белгі берді.
«Сіз кімсіз? Мені не үшін тоқтаттыңыз?.. Қазір білесің дейсіз бе?.. Білмей-ақ қойсам болмай ма?.. Жоқ?.. Неліктен екенін айта аласыз ба?.. Күт?.. Шыдамым жетер емес… Жігіт деген сабырлы болуы керек дейсіз бе?.. Сіздің айтқыңыз келгенді білмей-ақ кете берсем болмай ма?.. Неліктен жоқ екенін білуіме бола ма?.. Шыда?.. Қорқамын… Кешегі тірлігім үшін жазалаймын дейсіз бе?.. Не жазып едім мен сонша?.. Жоқ! Жоооооооқ!»
Ухххх! Түсім екен. Оянып кеттім. Астапыралла, астапыралла! Лә иләһә илла Аллаһ! Лә иләһә илла Аллаһ! Мен құдайдың пендесі. Сақтай көр!
12 пікір