Уыкыпедыа неге керек емес?

Айталық, ештеңе айтпалық. Шешінбестен бірдеңе дәлелдей бастаймыз.
Алдымен, жұрттың барлығы келісетін постулаттар жасап алайық. Осы айда бала жасағандар бұл міндеттен босатылады.
Сонымен, ақиқаттығына @AKY мен, оның түрік сұлтанына хат жазып, қазір драндулет мініп жүрген жетекшісі де күмән келтірмейтін постулаттар.
1.Ғылым ұлтқа тәуелді емес.
2.Кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады.
Бұл екі постулатқа шәк келтіргендер болса, әрі қарай оқымай кете берсін: дендері дұрыс емес.
Сонымен, ұлтжандылық аурасының мықтылығынан үстіне шыбын да қонбайтын Байқадам кентінің тұрғыны Шәріп Бозінгенов түнде “Есек” сөзінің анықтамасын уыкыпыдыаға салды. — Есектікі,-дейді ол, — кейде он бес сантиметрге дейін жетеді. Лібә, дейді сосын ол, өтірік болып қалмасыншы деп… өз тұжырымын орыс, ағылшын уыкыымен тексереді! Себебі:
1.Академиялық шешім шығаратын ең жоғарғы инстанция – ҰҒА-ның тек атауы қалған (НегеҰғыӘ? ©СаянҮш).
2. Кітап энциклопедияның іші – адамның есектерінен аяқ алып жүргісіз.
Сонымен, бір күні Шәріп Бозінгенов ӨЗ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН ЖЕТКІЗЕТІН пяншіктен – тәржімашы-пяншікке айналады.
Дәл сол уақытта күшті институттармен бектіліген фактілері бар, айталық – Макс Планк Институты — есектің қылшығының түсіне дейін енгізіп қояды. Немістер қазақтарды күтіп отырмайды әрине, себебі — “ғылым ұлтқа тәуелді емес”.
Есектің қылшығынан шәлі тоқып сатпақшы болған қазақ кәсіпкер Әндірбай да қашан Шәріп жазады деп отырмайды. Бұ малдың не ішіп, не жейтінін зерттеу үшін ағылшын тіліндегі нұсқасын оқи салады. Яғни, “кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады”. Әндірбай мәңгүрт пе? Жоқ! Әндірбай кәсіпкер! Шәріпті сыйлайды, бірақ кешір, фактілер тап қазір керек.
Ендеше, ғылым ұлтқа тәуелді болмаса, ОНЫҢ ЖЕТКІЗІЛУ ТІЛІ ДЕ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС. Күнде миллиондаған адам машина жөндеуден бастап, желдеткіштің инструкциясына дейін неше түрлі тілде танысып жүр, тап осыны ешқайсысың жоққа шығара алмайсыңдар енді. Одан болмысы өзгеріп кетті деуге әсте болмайды. Ұшақтың конструкциясымен ағылшын тілінде танысқан кезде, бірден сұлы ботқасын жегің келіп, сағат бесте шәй ішкің келіп кететін болса – әңгіме басқа.
Уыкыды дамытамыз деп, науқан бастап жүргендер – шын мәнінде ғылымдағы мәліметтер массивінің орасандығын елестете алмайтын дүрдараздар. Әйтеуір біреулермен жарысу керек. Оның орнына ағылшын тілінен сауат ашуды күшейтіп, дайын тұрған білім қорын пайдалану тиімді екенін біледі, бірақ ол туралы айтқылары келмейді. Себебі Уыкы оларға ғылым үшін емес… символ үшін керек. Тәуелсіздік, рух, т.б. көтритоизмнің әтірбұттары үшін.
Аяймын кейде.
Бөлісу:

71 пікір

Janasil
Бәріміз ағылшын болып кетейік онда..
satibaldi
Егер алғашқы адам сен сияқты болғанда, адамзат әлі арбамен жүрер еді.
Janasil
Сатеке қазақ болып туылғаныңа өкініп жүрген секілдісің. (Тағдырың жазғаны осы ғой енді.)
blackbeard
1.Ғылым ұлтқа тәуелді емес.
2.Кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады.
+2

Ал, сараптамаңызбен келісе алмаймын өкінішке орай
satibaldi
Келісе алмасаң — өзіңдікін жаз, біз келісейік.
e_zhalgas
Тіліңе жылан жұмыртқалағыр, енді, мені тыңда:

Мәселе егер ақпарат жасаудан не ғылыми анықтама беруде болса, бәрі де қаруларын әлдеқашан тастаған болар еді. Мәселе онда емес. Сенің ғылыми жаңалықтың жасалу тілі туралы теория-сымағың әлемнің мультитілдігі жағдайында құм болып шашырайды. Мүмкін, Бабылдық ортақ тіл дәуірін аңсап та жүрген шығарсың. Ол Соддомдық арманыңмен өзің бірге бола бер! Ғылымның ұлтқа тәуелді емес екені, сенің сандырағыңсыз-ақ түсінікті, бірақ бұл екі ортаға тілдердегі ақпараттық базаның болуын қыстырудың еш қажеті жоқ. Қазақ тіліне өзге тілдердегі ақпараттық база болашақта өзі де сол ғылыми жаңалықтарды ашу үшін ауадай қажет. Егер сен бұны жоққа шығарсаң, сенің нағыз әңгүдік болғаның!

Сөзім жоқ!
satibaldi
Аргументке эмоциямен жауап беру — қазззақтардың сүйікті тәсілі.
Бабыл, Соддом, Гоморра — керемет, інжілдік замандардағы басты оқиғадалардан хабарыңыз бар екенін байқадық енді.
Бірақ сен бұл жерде — публикалық дебат қылып отырсың. Бір түйір аргументің жоқ.
Қазақ тіліне өзге тілдердегі ақпараттық база болашақта өзі де сол ғылыми жаңалықтарды ашу үшін ауадай қажет.

Болашақ уже наступил бауырым, и казахи его — проспали.  
e_zhalgas
менде эмоция жоқ! тек өзіңнің «тіл-қорлау» тәсіліңмен жауап берейін дедім. екіншіден, сенімен аргументтеп пікір таластыратындай, өзіңнің теория-сымағыңда құр долбардан басқа ешқандай аргумент байқамадым, сондықтан маған аргумент туралы айтудың қажеті жоқ. үшіншіден, тролльдермен айтыспаймын!
satibaldi
тролльдермен айтыспаймын
Бұл ұстанымды тап жаңа ғана шығарып алдың, әйтпесе — тролльдармен айтыспау өмірлік ұстанымың болса — о баста ештеңе демес едің.
Қазззақтардың тағы бір қасиеті көрініс берді — жүре келе принциптер жасақтау және жүре келе олардан айну.
Dzhuli
Болашақ уже наступил бауырым, и казахи его — проспали
100% true!
Qojeke
Еріншектер үшін «ертең» таусымайды. Уики де ертең дами, ертең ертең, еретеңнің ертесіне ертең… дамиды.
Qojeke
Себебі Уыкы оларға ғылым үшін емес… символ үшін керек. Тәуелсіздік, рух, т.б. көтритоизмнің әтірбұттары үшін.
Статистика мен ақша үшін, атақ пен мадақ үшін деп түртіп қойшы
Qojeke
Тағы бір қоғамдық мәселе пайда болды. Уихуйпедия. Дін мәселесіне бейімдеп агенттік құрдық. Енді Уикуйпедия қорын құрдық. Қырту.
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 06:24
asaubota
Википедияда ақпарат көбейсе Гуглдың транслейтіне де қазақ тілі қосылады деген теория бар ғой. және қазақтілді контентті көбейту мақсатында Википедияға зебра салысу керек деп ойлаймын. Бірақ, ресми бекітілген бір ұйым арқылы емес, қолданушылар өздері ұйымдасқан топ болып істегендері дұрыс сияқты. яғни Викиді басқарып тұрған біреулер бар болғасын, қолданушылар сол біреулер үшін жұмыс істеп жатқан сияқты болып көрінеді.
Qojeke
Елестетіп көрші: Сайлау. Ұран. Уикипедия.

Транслейт кантентке қарап жасалады деді. Контент әлі де аз, бірақ саны көп тақырыптар бар.
gunner
Қазақ радиосынан естігенім бойынша олар ешкімнен ақша сұрап отырған жоқ, жай мәліметпен толтыруға шақырып жатыр. Меніңше, ешкімге зияны тиіп жатқан жоқ. Аударғанның өзінде кейде аударма түпнұсқадан жақсы шығатын кездер де болады. Ағылшын емес, он бір жыл оқыған орыс тілін білмейтіндер де бар, оларға қазақ тіліндегі ақпарат керек.
Qojeke
Ақша сұрамаса қалай дамытады? Ақшасыз мысық та бір жерін көрсетпейді.
KILYZAMAN
1.Ғылым ұлтқа тәуелді емес.
2.Кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады.
1. Ұлт ғылымға тәуелді.
2. Кедергісі аз тібектен ағып өтуге тырысатын күш — күш емес.
satibaldi
2. Кедергісі аз тібектен ағып өтуге тырысатын күш — күш емес.
Жаратылыстану заңдарын — көтриоттық отансүйгіштікпен алмастыру қазззақтарға тә нәрсе.
KILYZAMAN
Ана тілін қастерлемеу Дәруішөлген көтриоттарына ғана тән болса керек. Жүр солай, бұлың бұлыңды аралап!
satibaldi
Тұяғымды жемеш, ішпиен.
KILYZAMAN
Жанды жеріңе у кеттіме?
Qojeke
Браво. Көтриоттыққа салса, қазақ ұлты неандертальдықтар кезінде де қазақ болған-мыс.
KILYZAMAN
Ендеше, ғылым ұлтқа тәуелді болмаса, ОНЫҢ ЖЕТКІЗІЛУ ТІЛІ ДЕ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС.
— полиглот болған сиқың тым аянышты…
Onlasyn
Есектің қылшығынан шәлі тоқып сатпақшы болған қазақ кәсіпкер Әндірбай да қашан Шәріп жазады деп отырмайды. Бұ малдың не ішіп, не жейтінін зерттеу үшін ағылшын тіліндегі нұсқасын оқи салады. Яғни, “кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады”. Әндірбай мәңгүрт пе? Жоқ! Әндірбай кәсіпкер! Шәріпті сыйлайды, бірақ кешір, фактілер тап қазір керек.
Есектің қылшығының қазақша нұсқасын уикиден Әндірбайдың немересінің нағашысының қайнысының балдызынң баласы көреді.
sigma
Ғылымда жүрген ғалымдар (нағыз ғалымдар, ондайлар бар) Викиге жазып отыратын уақыттары жоқ. Көбі қазақ тілді емес оның үстіне.
Ал викидегі сауатсыз аударманы оқығанша түпнұсқасын оқыған әлдеқайда ұтымды.
Болашақ уже наступил бауырым, и казахи его — проспали
дегенге келетін болсақ, біз әлі жүрміз алфавитпен алысып, әлі жүрміз тіл мәртебесін көтереміз деп.
Сол себепті тіліміз кенде келеді. Бізде әдеби тілден басқа тіл жоқ. Техникалық қазақ тілі дамыса, тізесі шыққан тіл мәселесі жойылар еді де, кем дегенде қазақстандықтар арасында тіліміздің титтей де болса авторитеті болар еді. Қазақша ғылым бар деп айта алар едік, балаларымыз ана тілінде оқысын деп көптеген еңбектерді қазақшалайтын едік. Кәсіп орындарда қазақ тілі болатын еді. Сол кезде тіліміз құрал болып, тіпті қазақша білмейтін адамды жұмыс жасатпай қойсаңыз да сиятын еді.
Ал қазіргі қазақша (ауызекі тілмен, әдебиетті санамағанда) тек аударма, сауатсыз аударма. Терминдерді осылай жоба деп қойып қалады, болды.
Qojeke
Техникалық қазақ тілі дамыса, тізесі шыққан тіл мәселесі жойылар еді де, кем дегенде қазақстандықтар арасында тіліміздің титтей де болса авторитеті болар еді. Қазақша ғылым бар деп айта алар едік,
Қалай сонда? Ағылшындардың 4-5 жыл бұрын ашқын ғылыми жаңалықтарын қазақшаға аударып, Қазақ ғылымын жасамақпысың? Біраз ойланып барып жаздың ба осы сөздерді?
sigma
Жоқ олай емес, менің айтайын дегенім жалпы ғылымның барлық саласы қазақ тілінде болса, дегенім.
Мысалға қазір ашылған болсын бұрын ашылған болсын қазақша ғылым жоқ. Қазақша дұрыс термин жоқ. Мен айтар едім, ақшаны осы жаққа, яғни техникалық қазақ тілін дамытуға, жұмсасақ, тіліміздің өрісі кеңейер еді.
Nurzhol
Викиден Мир ашу керек, сонда бәрі соған ағылып, жұрт Викиден шықпайтын болады. Үздік қолданушылар тізімін жасау керек, сонда жарыс пен басқталастық жүруі әбден мүмкін. Тиынның екінші жағынан Викидің қазақша мақалалары табиғи түрде көбейед. Айтпақшы, мәселе Мирде емес.

//Үкімет қаржы бөліп жатса, шенеуніктерге татырмау керек. Қармақтың басындағы ет құсатып, кез-келгеннін аузына шетінен іліне беретіндей болса, оған деген талпыныс та жоғары болад. Патриоттық к*триоттық тұрғанда далбаса шындығында.
Qojeke
Сенің ұсыныстарыңа қарап, хромосомасы басқалардан ерекше бір адам болар деп шырамыттым, дос.
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 18:40
ushkin
Қазақша Уикипедия жобасы -өте жақсы бастама.Бұндай керітартпа жазбаға қарап ұлтжанды Сәтекемізді танымай отырмын.
satibaldi
Мұндай ұлтжанды пікірге қарап сені жазбай таныдым.
Qojeke
Бастама? 4-5 жылдан бері әлі бастама болып келе жатыр сол сорлы бастама.
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 18:41
Jacqabaies_Chirac
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 12:36
konvict
Ужс! Не пәлі мынау?
Qojeke
Көтриоттар интеллектісінің индикаторы
serjan
Кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады.
Осыдан басқа айтар уәжің бар ма сенің осы. Дұрыс ақ бұл табиғаттың заңы, бірақ табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді. Өлі табиғаттың заңдарын жалпылама физика мен химия зерттейді. тірі табиғат биологияның еншісінде. Сенің жоғарыдағы айтқан сандырағың өлі табиғаттың заңына сәйкес келеді. Ал адам ол мүлде басқа ерекше жаратылыс сондықтан кедергісі аз тізбекке қарай қаша берсең, қиындыққа мойымайтын жігерлілерге құл боласың.
satibaldi
Егер алғашқы адам сен сияқты болғанда, адамзат әлі арбамен жүрер еді.
serjan
Алғашқы адам мен сияқты болсада Асқар Жүмаділдаев сияқты болсада сен бәрібір арбамен жүресің.
satibaldi
Сенің өмірің қазірден белгілі: 50-ге толғанда ел ағасы боласың, барлығы Секе, Секе дейді. Облыстық Білім Басқармасыан дүкеннен сатып алынған стандартты марапаттау қағазына жазылған құттықтау аласың. Альбомда Елбасымен, облыс әкімімен түскен суреттерді бірінші бетіне қайта жапсырасың. Бәрін көргенсымақ шалдың рөлінде тәрбиелік сағаттарға шақырыласың. Бала-шағалы, үбірлі-шүбірлі болып, дүниеден өтесің, құлпытасың елдің алды да, арты да емес болып, қазақы төртқұлақ моланың иесі боласың. Болды.
serjan
Өз өмірің жайлы айта кетші әулием.
edige
Бойдағың үйлен… Ұлтты ойласаң халық санын көбейт… Көбейген соң ары қарай бағу әрекеті… Жұмыстарың жоқ па? «Жалған патритоттықтың» қайда кеткенін білмей қаласыңдар
satibaldi
Сол ғой менікі де!!! Түктібайымайд сорлылар!!!
omarbirat
Википедиямен бізден басқа арнайы ұйымдар құрып айналысып жатқан ел бар ма екен өзі? Басқа тілдерде энтузиастар өз үлестерін қосып жатқан сияқты. Қосқанда, білімі жағынан да, тіл жағынан да сауаты барлар қосып жатыр, имхо. Википедиямен айналысуды бір мекеме сайлап, соның қолына тапсыру ақша сындыруға алып келеді.
Qojeke
Бар. Wikimedia Россия, Wikimedia Germany, Wikimedia France, Wikimedia Italy…
satibaldi
Албастылар! Ғылыми зерттеу әдістемесі мен аппаратынан мұрнына сасық иіс те бармаған көргенсіздер! Ғылымның құрылымдық құрамдас бөлігін тіпті елестете алмайтын мәжігүндер! Тоңазтықышында маргарині де жоқ болса да, қара уылдырықты былай жеу керек деп, бірі-біріне ақыл үйреткен ұлтжандысымақ қара тобыр! Құсқым келед сендерге!
serjan
Сенің сандырағың бойынша қазақтың дүниеге келген нәрестесі тілін ағылшын тілімен ашсын демекпісің, вики-ді аударуда тілдің сақталып қалу қалмауы мәселесі де жасырынып жатқан жоқ па. ағылшыншаны жеттік білу әрине жақсы, ұлт ретінде бірдеңе қалдыру керек қой артыңа.
satibaldi
Сенің топастығыңның тереңдігі сонша, ойша эксперимент, теориялық елестету қабілетінен де жұрдай болғансың. Сен осы мақаланы оқығанда, Уыкыпыдыаға ойша бір нәрсенің аудармасын салып көрген жоқсың, сен мұны мен жазғасын шынжырдан босанып кеттің. Амал не, қоғам Конституциямен адамның барлық түрін асырауды мойнына алып қойған, әйтпесе итжеккенге тал жығып, теміржол тартуға адам керек десе, бірінші ұстатып берер едім.
serjan
Аргументке эмоциямен жауап беру — қазззақтардың сүйікті тәсілі.
satibaldi атты қолданушы сіздің… тақырыбындағы пікіріңізге жауап жазды

Менің E-Mailымдағы керекинфодан келетін осы хабарламалардың барлығы шылқыған эмоция.
satibaldi
Егер сен пышақ болғанда, қожайының өтпейтінің үшін лақтырып тастар еді.
serjan
Егер сен қыз болғанда сені келін қылып түсірген кемпір шал асылып өлер еді.
satibaldi
Егер мен — сен болғанда, құздан секіріп, адамзатты өзімнен құтқарғаным үшін бірден жұмаққа түсер едім.
serjan
Егер мен сен болсам, егін салып шөпке тойғызғаным үшін малдардың алғысын алар едім.
satibaldi
Егер сен — мен болсаң, табиғат заңы бұзылып, Иса жер бетіне екінші рет ертерек келіп қояр еді.
serjan
Егер мен сен болсам кішкене физика білгеніме бола барлық жаратылыс заңдарын соған сиғызып, елдің бәрін топас көрмес едім.
just19
Айтақ-айтақ! Фас-фас! фышт-фышт!!!
satibaldi
Майдан, майдан бүркі!
just19
Уф-ф-ф!!! (ішке қарай су тартылватыр на*),,, П-пыы-ф-ф-ф! П-пыы-ф-ф-ф! шшшсс
edige
(38.2 Kb, 197x109)

Қазақы оюланған мауысты қолданғанмен, тек наурыз күні бешпент-нымша кигенмен барлығы жөнделмейді…
Сөзден іске кірісу керек…
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 14:58
saken
не үшін дауласып отырғанымыз түсініксіз.
Керек емес дегендер ол сайтты қарап пайдаланбай-ақ қойсын, керек деушілер өздері пайдаланып қана қоймай, өздерінде бар мәліметтермен сол сайт арқылы өзгелермен бөліссін.
Gastarbaiter
Баяғыда бір жігіт бопты, оның арманы жаңалық ашу болыпты. Бірақ қандай жаңалық ашса да оны шетелде бір мырқымбай ашып қойғаны жайлы айтыпты.
Содан ол жігіт ашуы келіп, бүкіл шетелдік кітаптарды жинап, аудармашы жалдап барлығын өз тіліне аудартыпты.
Бүгінгің күннің даму деңгейінен аз-мұз хабар алған ау сірә. Кейбір жаңалықтарға риза болса, кейбір мәліметтер оған одан әрі қазбалай түсуге шабыт беріпті. Ал кейбір ғалымдардың жазғанына келіспей, эксперимент жүзінде терістігін дәлелдеп, оған өз атын беріпті (ну енді даңқұмарлықсыз не обошлось)
Әрине шет тілінен бейхабар болған соң оны өз тілінде жариялайды. Өз ұлты ғана сол жаңалықты білген соң, өз ұлты ең алғаш жүзеге асырып, рахатын көреді.
Оны көрген өзге елдер әлгі кітапты өз тілдеріне аудара бастайды.
Қазақтар осындай адамдарға мұқтаж.
Qojeke
Олай реально айналысатын болса, "Қазақша Википедияны дамытайық! Атсалысыңдар!" деген ұранды кім көтереді?
Onlasyn
Екеуіне де адам табылады, маңыздысы сен сияқтылар әрірек ойнаса болды.
Gastarbaiter
Сатыбалды өзің орыс тілді әдебиеттен сусындап, оған өз мақымыңда бұрыш қосу (Нұрберген емес) арқылы сатираға біраз жаңалық әкелдің ғой. Сені оқыған қазақтілді дәруіштерді де шабыттандырып жүрсің.
Негізі екі жақта да шындық бар. Тек оны былғаныш, пен өзара боқжағыстан тазартып, конструктивті қорытынды шығарсақ, Қазақша уикипедияны дамыту керек, бірақ «Дамыту керек» деп көк байраққа оранып он рет айқайласаң да, тып-тыныш өзің қызыққан тақырыпқа әр жерден ізденіп толық ақпарат жасап уикипедияға салған бір мақалаңа жетпейді.
Так што, бір жағынан я, жазам, жасаймын деген адамның жігерін құм қылып қажеті жоқ. Бәлкім барлық еркектердің өмірлік мәні тек ғана бала тудыртып, оны бағумен шектелмейтін шығар.
Екінші жағынан, "Үйтейік! Бүйтейік!" деген сөзді көбейтпей, егер сүйікті хоббиің мәліметтер жинап, онымен өз тіліңде бөлісу болса, үндемей ақ тындыра берген жақсы. Бала тудырып, оны бағуды өмірдік жалғыз мәні санайтындарды мезі қылмай.