Қанар
Патриктің мен кедей баласымын.
Басымды бар бір бөлме шалаш-інім.
Аш қарныма иісің маза бермейді,
Қанарыңа қадалған қарашығым.
Оятатын ішектерді ішімдегі,
Қанардағы күлшелердің күші ме еді?
Сол қанарың «микраларда» орналасқан
«Ақсай-нанды» есіме түсіргені…
Әрі қарай
Басымды бар бір бөлме шалаш-інім.
Аш қарныма иісің маза бермейді,
Қанарыңа қадалған қарашығым.
Оятатын ішектерді ішімдегі,
Қанардағы күлшелердің күші ме еді?
Сол қанарың «микраларда» орналасқан
«Ақсай-нанды» есіме түсіргені…

27 күні кешке теледидардан ұлы суретші Мадильянидің өмірбаяны туралы кино көрдім. Мадильянидің өмірбаянын бұрын оқығандықтан киносын көрмей жүрген болатынмын. Сөйтсем, кинодан алатын әсер ерекше болады екен. Киноны өте шебер түсіріпті. Кейіпкерлердің келбеті өмірде болған адамдарға өте ұқсас. Оның сүйген адамы Жанна Эбютерннің рөліне алған әйел Мадильянидің портреттеріндегі Жаннаның образына шынайы Жанна Эбютерннің өзінен де қаттырақ ұқсайтын секілді. Достары, шығармашылық әріптестері Пикассо, Гиья, Утилла және т.б бет бейнелері, болмыстары кинода жақсы ашылған. Әсіресе ол соңғы суретін салып бітіп, кинода қарындашын бөтелкенің ішіне тастай салғанда, жұтты-ау шеберді бөтелке, жұтты-ау!-деп ойлайсың.
