Бөтелке жұтқан қарындаш, немесе қайран Мадиьяни!

Бөтелке жұтқан қарындаш, немесе қайран Мадиьяни!
Модильяни фильмі27 күні кешке теледидардан ұлы суретші Мадильянидің өмірбаяны туралы кино көрдім. Мадильянидің өмірбаянын бұрын оқығандықтан киносын көрмей жүрген болатынмын. Сөйтсем, кинодан алатын әсер ерекше болады екен. Киноны өте шебер түсіріпті. Кейіпкерлердің келбеті өмірде болған адамдарға өте ұқсас. Оның сүйген адамы Жанна Эбютерннің рөліне алған әйел Мадильянидің портреттеріндегі Жаннаның образына шынайы Жанна Эбютерннің өзінен де қаттырақ ұқсайтын секілді. Достары, шығармашылық әріптестері Пикассо, Гиья, Утилла және т.б бет бейнелері, болмыстары кинода жақсы ашылған. Әсіресе ол соңғы суретін салып бітіп, кинода қарындашын бөтелкенің ішіне тастай салғанда, жұтты-ау шеберді бөтелке, жұтты-ау!-деп ойлайсың.
«Мадильяни, Мадильяни...» -деп сыбырлады.
МодильяниАмадео Мадильяни жоқшылықта өскен, өле-өлгенше жоқшылықтың азабын татып кеткен адам. Оның суреттері тірісінде бағаланбады. Себебі, ол кезде кубизм бағыты елге қызықсыз болатын. Тек, оны бағалаған, тірісінде оның талантын қатты қызғанған Пикассо дүниеден өтер шағында сүйікті жары Ольганың да атын, басқаның да атын атамаған, «Мадиьяни, Мадильяни...» деп сыбырлай берген екен.
Махаббат суретшісі.
Модильяни. Жанна Эбютерннің портретіАмадео Мадильяни жоқшылық пен соғыс азабын тартқан. Сондай-ақ, нәсілдік кемсітушілікті де бір кісідей басынан өткізген. Оның еурей болып туылуы басына үлкен азап әкелді. Жоқшылықтың зардабы оның денсаулығына да әсер етті. Ол 36 жасында қайтыс болды. Мадильянидің қазасын көтере алмаған оның сүйіктісі Жанна Эбютерн босануға санаулы күн қалғанда өзіне өзі қол салып, қайтыс болған. Мадильяни мен Жаннаның бір біріне деген махаббаты өте ерекше болған. Оның салған суреттерінің басым бөлігі (25 тен астам) Жаннаның портреттері. Жанна Модильянидің ішімдік пен есірткіге әуестігіне қарамастан оны сүйген. Оған бір қыз тауып беріп, екіншісіне аяғы ауыр кезінде Мадильянидің артынан дүниеге келмеген баласын арқалап о дүниеге кетті. Шын өнер жүректен жүрекке жетеді дейді.
Поэзияны бейнелеген суретші.
Мадильяни тек суретші ғана емес поэзиядан да құр алақан болмаған. Әмірхан Балқыбек ағамыздың Мадильяни мен Маралтай ақынды салыстырып жазған мақаласы шыққан еді. Расымен де Маралтай поэзияны таңдаған суретші. Ал, Мадильяни суретті таңдаған ақын. Екеуі де бұл дүниеге симай бөтелкені құшақтап көп жүрді деп естиміз. Маралтайдың заманы, ортасы, қоғамы оны бөтелкенің түбінен суырып алып шығуға күші жетті, ал Мадильянидің ортасы, заманы оның араққа тұншығып өтуіне себеп болды. Бұ жалғанға симай кеткен қайран Мадильяни!
Бөлісу:

36 пікір

satibaldi
Жанна Модильянидің ішімдік пен есірткіге әуестігіне қарамастан оны сүйген.
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
balzhan
Мадильяни Венецияға оқуға барғанда гашишқа әуестене бастаған. Сөйтіп ол гашиш пен арақ-шарапқа тәуелді болған деген дерек бар. Ал Жанна екеуі танысқанда Жанна сурет мектебінің болуы керек студенті болған. Жаннаның әкесі қызының Мадильянимен бірге болғанына қарсы болған. Бірақ қызы әкесін тыңдамай Мадильянимен бірге тұрған. Екеуі заңды некеге тұрмаған. Мадильяни қайтыс болғасын, екі-үш күннен кейін ол да қайтыс болған.
Abilakim
арақтан ба?
balzhan
Ол кішкене күнінде туберкулезбен ауырған. Сол асқынып кеткен ғой. Енді балалық шағы ауыр болған адам ғой.
nurbergen_makym
Жанна да гашишқа әуес болған, алайда, барыгалардың адресін өмір бойы есіне сақтай алмаған. Сол себепті де Мадильянгимен тұрған, сол себепті де Мадильяни өлген соң, өз-өзіне қол жұмсаған, — деген тұжырым да бар екенін неге жасырасыз.
Пікір түзетілген: 28 шілде 2011, 16:15
balzhan
Олардың көбі гашишқа әуес болған дейді ғой. Бірақ, мәселе олардың гашишке әуес болғанында емес. Мәселе Жаннаның портретін қалай салғанында ғой.
nurbergen_makym
Әлбетте, солайы солай ғой. Мәселен, Пикассоның сүйіктілерінің портретін де сау адам салды деп айту қиын. Бірақ, оны ауру адамдар сатып алып жатыр деп, тағы айта алмайсың. Осыдан бір айдай ғана бұрын лондондық Кристис аукционында испандық суретшінің үш сүйікті қатынының суреті сатылды:
1. Мария-Тереза Вальтерді бейнелеген "Ұйықтап жатқан қыз" картинасы — 22 миллиона доллар.
2. Францияның суретші һәм фотограф қатыны, Паблоның сүйіктісі Дора Маар бейнеленген «Көк көйлекпен отырған қыз» картинасы — 18 миллион доллар.
3. Тағы бір француздың суретші қатыны Франсуаза Жилоның портреті — «Франсуаза бюсті» — 17 миллион доллар.

Ал, өткен жылы тап сол аукционда әлемде бағалану жөнінен рекорд жасаған Пикассоның Мария-Терезаны бейнелеген «Жаңалаш қатын, жасыл жапырақтар және бюст» картинасы 107 миллион долларға бағаланды.

Рухани дүниені бұлайша материалдық тұрғыдан қарастырватқаныма кешірім өтінем, алайда, өлген соң да мынадай «тиын істейтін» жігіттер, тірісінде герыч тықса да, сөлекет жоқ сияқТ. Ғафу етіңіз!
Пікір түзетілген: 28 шілде 2011, 16:35
balzhan
Өлген сөң қайдағы тиын жасаған? Мен сіздің не үшін мына суреттердің бағасын айтып отырғаныңызды, оны не үшін ерінбей тауып жазып отырғаныңызды түсінбедім.
nurbergen_makym
Түсінбейсіз! Әрине, түсінбейсіз…
Сендер Пикассоның не үшін ақырғы демі шығар алдында «Мадильяни, Мадильяни» дегенінде түсінбей келесіңдер!
satibaldi
Яки, Далише:«Менің суреттерім түсініксіз емес, түсініксіз болуы түсініксіз» дегенмен аяқтағың келіп отыр ма амиго?
balzhan
Түсініксіз етіп салсам, мені керемет деп қалады деп салды дейсізбе? Ол да мүмкін. Ондайларды өзім де көріп жүрмін. Гашиштің әсерінен салуы да мүмікін. Бірақ, ол көңіл-күйді жақсы бере алған. Адамның болмысын түсіндіретін элементтері де бар меніңше. Сальвадор Дали айтпақшы,«Мен кейде өз суреттерімді өзім түсінбей саламын. олар менің еркімнен тыс салынатындай. Бірақ кейін оларда терең ой жатқанын көремін» деген. Ол сурет оның фантазиясының, білімінің, шеберлігінің көрінісі. Түсініксіздікте тұрған ештеңе жоқ.
nurbergen_makym
Cіз сурет салып көрдіңіз бе? Гашиш шегіп ше? Ал, гашиш шегіп ап, сурет салып ше?!
balzhan
сіз сонда қалай бір ауыз сөзбен бәрін жоққа шығара саласыз? Ақылды болсаңыз сіз неге атақты емессіз?
nurbergen_makym
Өлівалайын да нақ, әуелі...
Жоқ, шындығында Сіз мені дұрыс түсінбедіңіз. Не мен Сізді дұрыс ұқпадым — бастысы ол емес.

Мәселен, кубист Казимир Малевичтің "Қара шаршысына" Сіз басқаша қарайсыз, мен басқаша баға беремін — өнердің (кубизмнің, авангардизмнің, сюрреализмнің) ұлылығы да сонда шығар.
balzhan
уф! Бұл даудың соңына жеттік пе, жоқ па?
nurbergen_makym
Біз дауласқан да жоқпыз. Просты, өзім сөйтіп айқайлап сөйлейм)))
Әкеліңіз қолыңызды бір сүйіп қояйын!
Пікір түзетілген: 28 шілде 2011, 20:11
balzhan
жарайды онда келесі жолы дауысыңыздың қатты шығатынын ескеремін.  
смайликтерді шығара алмай қойдым қолымды ұсынуға.)
Бірақ осы «нақ» деген не? Керек инфоға жиі кірмеуші едім…
nurbergen_makym
жиі кірсеңіз өзіңіз-ақ түсінесіз...)))
balzhan
неге? Енді жазбайсызба, түсінбеген адамға жағамнан алмай.
jazgyw
жазып айтпай не керек; Айдағаным Волга болса…
Abilakim
неге жасарасыз.

Неге жасарасыз, сіз түгілі елбасымыздың өзі қартайып келе жатыр, ал сіз жасарасыз!!!
Nurgisa
 тәп тәуір мәдениетті тақырыпты қор қылып…
VKM
Ұнады.Жарайсың, Балжан
nurbergen_makym
Нақмет, нақ Түзеп қойдым
Пікір түзетілген: 28 шілде 2011, 16:15
Altygradus
суретшілердің өнерін еще түсінуге болғанмен өмірдегі қылықтарын түсіну қиындау, гениальный адамдар болғасын… Сомерсет Моэмнің Луна и грош (The moon and sixpense) шығармасы қатты ұнаған, аяғында кейіпкер өлгенде тіпті жылағым да келген қатты беріліп оқығаннан Өмірде болған суретші Поль Гогеннің өмірі қызық. Әйел баласын бәрін тастап, Парижге сурет өнерін үйренуге кетіп қалғаны да басқа да қылықтары да…
пысы жазбаға рахмет Балжан
balzhan
аха, неше түрлі қызық бар. Бірақ, ақын немесе суретші екенмін деп қуып кетуді түсінбеймін.