"Адам болып өмірге жаралғанша, айғыр болып тусамшы амал қанша!!!

Бұл өлеңнің адамды селт еткізер мазмұндылығы өз алдына, оқыған адамның оқу мәнері де ерекше екен, тыңдап көріңіз өкінбейсіз.
Бөлісу:

29 пікір

asaubota
күшті өлең екен. оқып отырған кім? Қытайдағы қазақ па әлде артта просто қытайша плакат тұр ма?
serjan
Йә Қытайдың қазағы, соткадан соткаға қашып жүрген жерінен ұстап әкелдім.
Gastarbaiter
Осындай амиголарды көргенде, дәруіш болғым кеп кетеді.
VKM
Сондай ашынған адамның өлеңі сияқты… керемет
Nurzhol
Адам болып өмірде жаралғанша,
Хайуанат боп тумаппын, амал қанша:
Ұзақ көштің алыбы болар едім,
Маң-маң басқан мақтаулы қара нарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жүйрік ат боп тумаппын, амал қанша:
Бәйгені жалғыз өзім алар едім,
Теке-Жаумит теңбіл боп тарландарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Бүркіт болып тумаппын, амал канша:
Қу түлкі де астыма бүктер едім,
Қаршығаша қоянмен қадалғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Қоңыр ән боп тумаппын, амал канша:
Көркем таудың серісі болар едім,
Бұғы, киік, ақбөкен, маралдарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жәндік болып тумаппын, амал канша:
Бау-бақшасын өмірдің аралар ем,
Емін-еркін бал тартып, араларша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Балық болып тумаппын, амал канша:
Көк теңізде еркіммен жүзер едім,
Бекіре қызыл, ақ балық, сазандарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Қасқыр болып тумаппын, амал қанша:
Жауыздарды бір түнде жайратар ем,
Ертеңгі таң, күн шығып ағарғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Серке болып тумаппын, амал қанша:
Жүз мың қойды бір өзім бастар едім,
Бекер босқа түрмеге қамалғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Уытты боп тумаппын, амал канша:
Сайқалдарды қолтықтан шағар едім,
Әп жылан, ашулы шаяндарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Айғыр болып тумаппын амал қанша:
Бір үйірді бір өзім қайырар ем,
Бір әйелге таңылмай, адамдарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жүру керек еді ғой, адамдарша
Баста еркіндік, қолда құқық болмаған соң,
Жаралмай-ақ қоймаппын, амал канша!
Пікір түзетілген: 28 шілде 2011, 20:18
serjan
Көп рахмет еңбегіңізге.
qisyq
Мда… @Nurzhol, рахмет.
Beytanis
Құдай қуат берсін.
VKM
Теке-Жаумит теңбіл боп тарландарша.
не ол?
Beytanis
Ақалтеке. Ат-сәйгүлік-тұлпар-айғыр. Өлеңнің атында тұр ғой.
meirzhan
Мына кісі өлеңді, өзі шығарып, өмірдің қиындықтарын көп көргендей оқиды екен.
KILYZAMAN
Не Факт!
meirzhan
Сіз бастап кетіпсіз ғой уже орыс тілі сағатын.
Әрине, нақты білмеймін ғой. Бірақ солай көрінеді.
Мен тіпті басында бұл кісі өз басынан өткенін айтып отырмын ба деп ойладым.
Жалпы қытай қазақтары тілге шешен келеді. Және байқағаным, қазақша тез сөйлейді.
omarbirat
Авторы кім болды екен?
boztorgai
хайуанат боп тумаппын
айуан мен хайуан?
жаралмай-ақ қоймаппын
жаратушыға қарсылық

бұл өлең емес, түгесілген жанның зары
Nurzhol
Тура мағынасында емес, астарлай басқа нәрсені меңзеген болар?
KILYZAMAN
Пах шіркін пендешілік ай десейш…
Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді…
Ждеп-Ждеп аладыда мүсәпірлігін мойындағысы келмей келесі бір армандарға көшеді.
satibaldi
Шыңға шығып оңып отырмын деп отырсың ба өзіңді, бәдік?
KILYZAMAN
Шопаққаптар ғой сол баяғы мазамды алатын… Ең құрығанда жәндікте, хайуанда емес, әйтеуір жидидіде жүреді
nurbergen_makym
Мынау біздің құда ғой, нақ
boztorgai
күшті өлең екен
ия, аспанасты елі жеріне басып кіруге таптырмас сылтау екен мына өлең:
бауырларымыздың құқығы тапталуда
Abilakim
Міне ақын! Бұл кісіні тауып алып Қасым Олжастың аузына түкірту керек
serjan
"
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 17:00
Qojeke
Сағы сынған мігіттің әңгімесі нах.
mercedes
Гүлсараға жауап екен