Сүйінші! Mail.Ru өлді!



Атырауда түнгі сағат 01-30.

Майлру деп аталатын шовинистік сайтта көп шаруам болмаса да, арасында жұрнағы қалған поштама бас сұғып қоюушы едім. Сөйтсем… Өзім 2002 жылы-ақ тіркелген, кезінде майлрумен ұйықтап, майлрумен оянған "құдіретті" пошта қызметім өліп қалыпты!



ПыСы: Айтып аузымды жапқанша Майл.Ру қайта тірілді. «Хех...» деп қойып, поштама кірсем, мынадай деп тұр:



timurdan.info/?p=699
Әрі қарай

Қалпақ пен шарф.

Бұл жолы ілгемен емес, спицамен тоқыдым. Жіптердің арасында меланж жіп беріп жіберіпті. Оны спицымен тоқымаса, ілгемен онша шықпайды, быж-быж бірдеме шығады. Не тоқысам болады деп біраз ойланып қалдым. Содан қалпақ шарфымен тоқып көрейін дедім.
Әрі қарай

Ескілік: "Соңғы император" тағы жеңілді

Шыны керек, өте өкінішті жағдай. «Соңғы император» деген лақап атпен белгілі Федор Емельяненко бірінші раундта (!) техникалық нокаут алып, тағы жеңіліп қалды. Болды нақ, Федя шал болды дейін десең, Емельяненко — 34, қарсыласы Дэн Хендерсон — 41 жаста. Төменде — толық видеосы:

Ал мынау — жекпе-жекті он төрт минут қарап, көзін зорлағысы келмейтіндерге. Жекпе-жектің тоқ етер сәтінің қысқа видеосы
Әрі қарай

Ақтөбеден SOS немесе Ішкі Істер Министріне ашық хат!

Ел-жұртты айналған хат маған да жетті. Ақтөбелік тұрғын тілінің тиегін ағытып, аянбастан барын жайып салыпты. Мазмұны — өңірдегі діни, саяси, кадрлық мәселелердің күйіп тұрғаны жөнінде. Дереккөзін біле алмадым. Шамасы Ішкі Істер Министрінің блогына қалдырылған сұрақ та болуы мүмкін не өңірлік һәм респбуликалық басылымда жарық көрген хат болуы да мүмкін. Шынымды айтсам, тексеріп жатпадым. Бірақ бұл хатты оқып бастағаннан-ақ біршама мәселенің басын қамтығанын бірден түсініп, Ақтөбедегі бәлкім мемлекетіміздегі жағдайдың әбден ушығып тұрғанын түсінгендей болдым. Әрине, бұл арыздың қаншалықты шынайы һәм жалған екенін де саралап-зерделеп жатпадым. Қазекем «Халық айтса қалып айтпайды» деп мен үшін әлдеқашан вердикт жасап кеткен. Ал анық-қанығын тексеруді құзырлы органдарға, сол үшін менің салығымнан күн көріп, нан жеп отырғандарға қалдырдым. Сонымен хаттың мәтініне тоқталсақ. Үтір-нүктесін де өзгертпедім. Тілі де сол күйінде, орысша:
Әрі қарай

Стингер келді, жама'ат, Стингер келді"

«Тәлібтер өңшең, ептібайымайдтар!» ©Гүлбеддин Хекматияр.


«9-ая рота» фильміндегі елген қайтып бара жатқан транспорттық ұшақты атып түсіретін 3D-жынД эффект пен аянышты сюжет естеріңде шығар. Тіпті бала-Бондарчук осы жерін айтып қоймай мақтанып еді. Ендеше, сондағы тау арасынан атқан оқ — осы «Стингерден».
Очм, астымызағы ғасырдың сексенінші жылы совет әскерлері ауғанстанға басып кірді. Пәкістан жағынан
Әрі қарай

Қашыңдар нақ; "Javelin"


Соңғы мәліметтер бойынша, бұл танкіге қарсы зымыраннан тірі қалған ешкім жоқ. Танкіңді Хромтаудың хромынан жасап, сыртын бәсеңдетілген уран жапырақтарымен қаптап, шабуыл туралы алдын-ала белгі беру стансасын орнатсаң да – бір қой тесіп шығатын айуан зымыран кешені бұл!
Әрі қарай