Барақ батыр 50-ге толды
Бүгін, 4 тамызда АҚШ президенті Барак Обама 50 жасқа толған мерейтойын атап өтуде,
деп хабарлап жатыр ақпарат агенттіктері.
Обама 50 жасқа толған туған күнін Ақ үйде кеш өткізіп, демалыс күндері қала сыртындағы резиденциясында атап өтпек.
Бейсенбінің алғашқы жартысын президент жұмысында өткізіп, одан кейін өз кабинетінде өтетін шағын қабылдауда оны Ақ үй аппаратының қызметкерлері құттықтайды.
Кешке АҚШ басшысы жарты ғасырға толған жасын отбасымын және басым көпшілігі Чикагодан келетін достарымен бірге атап өтпек. Обаманың мансаптық өрлеуі дәл сол қаладан басталған болатын, сондай-ақ Чикаго — оның зайыбы Мишельдің туған қаласы. Салық төлеушілер президенттің туған күніне шығындалып әуре болмайды, себебі БАҚ мәліметтер бойынша, Ақ үйдегі қонақтың шығынын президент отбасы өз міндеттеріне алып отыр.
Демалыс күндерін Обама Кэмп-Дэвидтегі (Мэриленд штаты) резиденциясында өткізеді.
Обаманың туған күніне орай ең қымбат сыйлықты оның саяси қарсыластары-республикандықтар жасады. Олар осыдан бірнеше күн бұрын Обаманың мемлекеттік қарыз шегін жоғарылатып, сол арқылы дефолтқа жол бермеу жөніндегі ұсынысына қолдау көрсеткен болатын. Президент ол үшін басты сыйлық осы болғанын өзі де мойындады, деп жазды бүгін ҚазАқпарат.
p.s. «Сиынып» деген сөзді дұрыс жаздым ба @sammita?
Сыйыну-сиыну екеуі де жазыла береді екен, дұрысын тіл мамандары айтпаса.
анарға қарағанда тәуір секілді)Сабазың жап-жас түріне қарасаң