Ескілік: "Соңғы император" тағы жеңілді
Шыны керек, өте өкінішті жағдай. «Соңғы император» деген лақап атпен белгілі Федор Емельяненко бірінші раундта (!) техникалық нокаут алып, тағы жеңіліп қалды. Болды нақ, Федя шал болды дейін десең, Емельяненко — 34, қарсыласы Дэн Хендерсон — 41 жаста. Төменде — толық видеосы:
Ал мынау — жекпе-жекті он төрт минут қарап, көзін зорлағысы келмейтіндерге. Жекпе-жектің тоқ етер сәтінің қысқа видеосы
Өзім бұл ескіліктіжаңалықты осы аптаның басында ғана естіп, енді ғана көріп отырмын. Араларыңда көрмегендер болса, солармен бөлісейін дегенім ғой.
Ал мынау — жекпе-жекті он төрт минут қарап, көзін зорлағысы келмейтіндерге. Жекпе-жектің тоқ етер сәтінің қысқа видеосы
Өзім бұл ескілікті
Федордың жеңілуі дайындықтың нашарлығына байланысты дейді мамандар. Карьерасының басында ол шетелдік мамандармен Голландия т.б. елдерде дайындалған болатын. Бірақ кейіннен таза орыс стиіленде, «боевое самбо» арқылы ғана дайындалам деп, шетелдік бапкерлермен, клубтарда дайындалуды қойыпты. Ал шынтуайтына келгенде, оның алдыңы жеңістер сол шетелдік стильдер, шетелдік методикаға негізделіпті. Ал ол және командасы жалған патриотизмге беріліп, өз күшімізбен-ақ дайындаламыз депті. Нәтижесі қандай екенін көрдік. Бірақ нақ осы жекпе-жек алдында шетелге шығып дайндалды деседі. Дегенмен де жеткіліксіз болған керек.
Сонымен қоса, бұнда промоутерлердің де қателігі бар. Бірінші жеңілісінен кейін әлсіздеу қарсыласпен жекпе-жекке шығуы керек еді. Одан кейін барып өзінің деңгейлерімен. Ал бұлар болса, жеңілгендеріне қарамастан мықты қарсыластармен шығуды қоймады.
Дегенмен де Емельяненко және оның бапкерлері, командасы барлық қателіктерді ескеріп, алдыңғы 5 жылда өз жанкүйерлерін қуантады деп ойлаймын. Себебі Федор Емельяненко осал жауынгер емес екенін Жапониядағы «Прайд» чемпионаттарында дәлелдеді. Кезіндегі Номер 1 жауынгер өз орнын осылайша оңайлықпен бере салмайды деп ойлаймын.
Жаңалықтардан айтқанда, қазір болып жатыр деген. Емельяненко мен ақылбеков соңынан шығады ғой. Ол жағынан журиктерде кінәрат жоқ сияқты
Не де болса, панкратион-манкратиондарды қойып, деңгейлерін жоғарылата бастағаны дұрыс болды, меніңше.