Strikeforce: Кормье vs. Барнетт

Ал, қадірменді төбелессүйерлер, өзімізге арнап бір пост жазып жіберсек!

Осыдан тура бір апта бұрын Strikeforce гран-при финалы болып өткен еді. Аталмыш жарыстың басты кездесуі 2004 жылғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен АҚШ құрамасында өнер көрсеткен Даниель Кормье мен 2002 жылғы UFC чемпионы Джош Барнеттің арасында болып, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша Кормье жеңіске жетті. Есеп: 49-46, 50-45, 50-45

Әрі қарай

Ескілік: "Соңғы император" тағы жеңілді

Шыны керек, өте өкінішті жағдай. «Соңғы император» деген лақап атпен белгілі Федор Емельяненко бірінші раундта (!) техникалық нокаут алып, тағы жеңіліп қалды. Болды нақ, Федя шал болды дейін десең, Емельяненко — 34, қарсыласы Дэн Хендерсон — 41 жаста. Төменде — толық видеосы:

Ал мынау — жекпе-жекті он төрт минут қарап, көзін зорлағысы келмейтіндерге. Жекпе-жектің тоқ етер сәтінің қысқа видеосы
Әрі қарай