Әділ қозылар

Әйгілі ақын Қазақ айтысының жан ашыры Жүрсін Ерман ағамыз айтысты жүргізіп отырып,«Ақындардың келесі жұбы елге танымамал ақын Айбек Қалиев.Айбекпен айтысатын жас ақын, таланты ақын Ермек Алғозин»депті.Ешкім үндемейді дейді.Елдің бәрі Ермек Алғозин деп Ермекті іздеп жүрсе керек.Сонда от тілді ақын Ермек сахнаға шығып «Алғозин емес аға Алғазин» шығар депті.«Оу, қарағым Алғазин не Алғозин не бір әріпте тұрған не бар» десе.Сонда Ермек тұрып«Аға онда мынау отырған әділ қазылар алқасын әділ қозылар десек қалай болады» деген екен
Әрі қарай

Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі

Әскерге жана келген кезіміз болатын.Бізді алғаш әскери тәртіпке үйретіп жүретін Артықбаев деген сержан күнде жатарда
«Тағы да бір күн өтті»- дейді сонда бәріміз айғайлап «Ну и пуст» деуіміз керек.Ол «Завтра новый день» дегенде бәріміз бірден айғайлап «А нам похи» деуіміз керек.Осылайша күндер өтіп жатты.Бәріміз орысшаға тіліміз келетініміз бар келмейтініміз бар әлгі сөздерді жаттап алдық.Кешке сержант Артықбаев кезекшілікте болған кезде үнемі осы сөздерді қайталап айтып жүрдік.Бір күні кешке бәріміз ұйқыға жаңадан жатқан кезіміз болатын.Ротаның командирі журнал толтырып жүріп«сегодня какой день»деді.Сонда арамызда орысшаны мүлдем қақпайтын Досжан деген досым сержан Артықбаевтың үйретіп жүргенімен шатастырып «А нам похи» демесі бар ма."Қандай күн болсада сендерге похи ма не?" деп ашуланған командиріміз «сендерге похиды көрсетейін»- деп түнімен ОЗК кигізіп плацта жүгіртіп қойған еді.
Әрі қарай

Мега-даулы соттың бастамасына шықыру

Сіздерді ертең, 5 тамыз күні, сағат 11:00-де Шымкент қаласындағы Бейбітшілік к-сі мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан Еңбекші аудандық сотының алдында "Әйел денсаулығы" газетінің үстінен аудандық сотқа талап арыз беру сәтіне бейресми түрде шақырамын.

Бірлік болмай тірлік болмайды, ағайын! Қарақшы газеттер мен журналдарды мүмкіндігінше халық алдында әшкерелеп, сот арқылы әділдікке жету жолында әрекет етейік! Шымкент бастады! Алға!

Қатыcушыларға рақмет айтамын.
Әрі қарай

Біздерде мынадай бар, мынадай бар...

Қарағанды қаласының әрбір жерінен ескерткіштер іліп отырармын ара тұра.
Қаламыздағы «Алтын қатын» ескерткіші. Кезіндегі «Валют-Транзит банк»-бас офисінің алдындағы ескерткіш. Астаналықтар кешірсін енді, біздегі ескерткіштегі қыздардың төсі сендердікіндей емес)))
Әрі қарай

Тақырыбын не деп қоярымды білмедім! ))

Қызға қарап: «Басыңда тауықтың мыйыңдай ми жоқ!» © Торғай Атажан (Теле.Сериал «Асау Жүрек»)

Осы кейбір демалыс орындарында жүретін ОМОН-дарға таң қаламын. Неге осыларға беріп ұстатып қоятындарына. Бір авторитет па екенін түсінбедім.



Осының соңы мынаған алып барауы да мүмкін!
Әрі қарай

Бала ғашық

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың тамаша әні. Бұл өлең көпшілікке Мейрамбек Беспаевтың орындауында таныс болып үлгерген. Ал, осы әнді домбыраның сүйемелдеуінде естіп көрдіңіз бе?

Әрі қарай

Барақ батыр 50-ге толды



Бүгін, 4 тамызда АҚШ президенті Барак Обама 50 жасқа толған мерейтойын атап өтуде,
деп хабарлап жатыр ақпарат агенттіктері.

Обама 50 жасқа толған туған күнін Ақ үйде кеш өткізіп, демалыс күндері қала сыртындағы резиденциясында атап өтпек.

Бейсенбінің алғашқы жартысын президент жұмысында өткізіп, одан кейін өз кабинетінде өтетін шағын қабылдауда оны Ақ үй аппаратының қызметкерлері құттықтайды.

Кешке АҚШ басшысы жарты ғасырға толған жасын отбасымын және басым көпшілігі Чикагодан келетін достарымен бірге атап өтпек. Обаманың мансаптық өрлеуі дәл сол қаладан басталған болатын, сондай-ақ Чикаго — оның зайыбы Мишельдің туған қаласы. Салық төлеушілер президенттің туған күніне шығындалып әуре болмайды, себебі БАҚ мәліметтер бойынша, Ақ үйдегі қонақтың шығынын президент отбасы өз міндеттеріне алып отыр.

Демалыс күндерін Обама Кэмп-Дэвидтегі (Мэриленд штаты) резиденциясында өткізеді.

Обаманың туған күніне орай ең қымбат сыйлықты оның саяси қарсыластары-республикандықтар жасады. Олар осыдан бірнеше күн бұрын Обаманың мемлекеттік қарыз шегін жоғарылатып, сол арқылы дефолтқа жол бермеу жөніндегі ұсынысына қолдау көрсеткен болатын. Президент ол үшін басты сыйлық осы болғанын өзі де мойындады, деп жазды бүгін ҚазАқпарат.
Әрі қарай