Мега-даулы соттың бастамасына шықыру

Сіздерді ертең, 5 тамыз күні, сағат 11:00-де Шымкент қаласындағы Бейбітшілік к-сі мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан Еңбекші аудандық сотының алдында "Әйел денсаулығы" газетінің үстінен аудандық сотқа талап арыз беру сәтіне бейресми түрде шақырамын.

Бірлік болмай тірлік болмайды, ағайын! Қарақшы газеттер мен журналдарды мүмкіндігінше халық алдында әшкерелеп, сот арқылы әділдікке жету жолында әрекет етейік! Шымкент бастады! Алға!

Қатыcушыларға рақмет айтамын.
Бөлісу:

55 пікір

blackbeard
Урааааааааа! Соғысамыз
Құрбандар болатыны қандай керемет
Abilakim
Сақалдылар соғыс десе бір иығын беріп тұрады әйтеуір)))
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 14:17
timurrr
Әбіләкім жыртты  Қарасақал ушівөл!
Erbol
Шымкент бастады
Ұрлау да Шымкентен басталып еді, ұрлықпен күресу де Шымкенттен басталды ма.
blackbeard
Иә, камасутра Шымкенттен шыққанын ешкім осылай айтпап еді
sammita
Қисық Шымкентте ме екен әлі? Көмегі тиер еді.
Armanjan
не шықса да Шымнан шығад деушімеді осы.
sammita
демейтін.
meirzhan
Кесімді жауап берудің сыры неде?
Aldaspan
Даудың басы Шымкенттегі Дайрабайдың(ЗАКО))) ана мен бала сайтынана басталады!!
Armanjan
мыняқта Қиқар деген бырат барма осы?
Abilakim
Бұл жақта Әдепгүл деген әпкең ғана бар)))
Armanjan
))))))))))))
sammita
Қиқар бұнда кірмейді.
Aldaspan
Шымқаладағы ӘПШЕЛЕР, көкелердің; Алматыдағы Тәтелер мен ағалардың Ұрлықы қылықтары қытықты келтіреді екен!!!!
Armanjan
Әкім ау мыняқта терлеп отырып шәй ішетін жер жоқпа не?
VKM
Арманджанды қара. Сәлем
blackbeard
Бұяхта жоқ помоему! Аняха барайық та
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 15:58
Zako
Қазақстандық Бұқаралық Ақпарат Құралдарына арналған

Баспасөз мәлімдемесі

Қазіргі таңда газет-журналдардың арасында Интернетте жарияланған дайын мақалаларды айнытпай көшіріп алып, авторлар мен Интернет-сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз газет-журналдардың беттерінде қайта жариялайтын арзанқол баспа өнімдері көбейіп кетті. Блогшылар мен Интернет белсенділерінің қоғам үшін, қазақ тілінің дамуы үшін жазып жүрген мақалаларын рұқсатсыз және «ҚР Авторлық және сабақтас құқықтары туралы» Заңын өрескел бұза отырып, өздерінің күнкөріс құралына айналған газет-журналдарында жариялайтын жауапсыз журналистер мен жауапкершілікті сезінбейтін редакторлардың істеген істері қазақтілді Интернет-ресурстардың дамуына кедергі келтіруде.

Интернет-ресурстардан ұрланған мақалалар бірнеше газет-журналдардың негізгі мақалалары болып отыр. Ол мақалаларда автордың аты-жөні, ақпарат көзі мен шығу тегі (ресурсы) жайлы ешқандай мәлімет жазылмайды. Бұл автордың құқықтарын өрескел бұзушылық, яғни зияткерлік меншікті ұрлау болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселе бойынша БАҚ өкілдерін Интернет-ресурстар мен онда жүрген ерікті белсенділердің қоғам үшін жасаған еңбектерін елеп, оларды қолдауға және қарақшылыққа бой алдырған газеттерге тосқауыл болуға шақырамыз.

Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзған газеттердің үстінен сотқа арыз беру сәтіне қатысып, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды халыққа жеткізулеріңізді өтінеміз.

Арыз Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотына өткізіледі.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 1 (Бейбітшілік көшесінің қиылысы)
Уақыты: 5 тамыз, сағат 11:00-де
Aldaspan
ЗАКО!!! Шымкетстанда у-шу қылып жатсың ба? бәрекелді!!! Сәттілік, сотта жеңіс тілеймін!!! Қарақшылар ұятқа қарық болатын болды!!!
sammita
өзің құрдың ба?
Күшті екен!!!
dark_nazgul
қалай хабарласам сізбен? Біз түсіруге барамыз!!!
Aldaspan
Сіз қай канал, газет журналдансыз???(сұрағым келді) Мен де барып түсірсем деген едім(жәй өзім)!!! Алла сәтін салса инетке салам бейнені!!!
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 17:31
dark_nazgul
Мен бе? Мен «Матрица» деген бағдарламаданмын. Біздің Шымкенттегі фрилансерлер барады, егер Закомен келісе алсақ.
Aldaspan
Бәріне жол ашық!!! келіспегенде қалай, Зако өзі шақырып жатқан жоқ па керісінше. бірігейік деп!!!
dark_nazgul
Закомен офф лайнда қалай хабарласуға болатынын айтпас па екенсіздер? Жекеге. Рахмет.
Aldaspan
Номеріңізді жазсаңыз номерін жазып жіберем!!!
sammita
Керектен жеке хабарламамен жіберуге болады ғой
Aldaspan
Көп рахмет!!! Жібердім өзіне!!! Көмегіңіз Каспий көліндей болды!)
blackbeard
Ааааай! Сэмми ханым Ораза айында жастар қосылса, несі айып?
sammita
мүмкін білмейтін шығар дегенім ғой, бөтен ойым жоқ))))
Zako
8 775 934 43 14 нөміріндемін.
asaubota
агенттегі бір танысымның сөздері:

*** *** (18:36):
техаста -НЕРЕАЛЬНО. СЕНДЕР ТУГИЛ АВТОРЛЫК КОГАМ БИР КАСИПКЕРДИ СОТКА БЕРГЕН, ЕШТЕНЕ ЬИТИРЕ АЛМАДЫ. УТУ УШИН 2000 -3000 ДОЛЛАР МАЙЛАП КОЮ КЕРЕК СОТТЫ, ПРОКУРОРДЫ.

*** *** (18:37):
СОТТТАСЫП ЖАТЫРГАНДА КОРЕСИНДЕР КОЗБЕН. БАСЫМНАН ОТТИ, БАСКА ЖЕРДЕ ЖАСАУГА БОЛАДЫ, БИРАК ШЫМКЕНТТЕ ЕМЕС. ШЫМКЕНТ-БАРДАК
Zako
Таяқтың екі ұшы бар. Ұтылып жатсақ та оның пайдасы көл-көсір.
KILYZAMAN
Тақырыпта және мәтінде жіберілген қателіктердің себебін @sammita түсіндіре ме жоқ өзің түсіндіресің бе?
(Ертең журик-жуликтерден таяқ жейме деген қауіп… (Мысалы:Өз басым осы топикте — ме бе деген жалғаудың өзінен қиналып отырмын))
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 00:05
Delhi
Не болсада сәттілік тілеймін.
Zako
Сотқа талап арызды өткіздік. Екі телеарнадан журналистер келді. Алдағы уақыттарда шығып қалатын болар. «Матрицадан» көрсетеді деп еді бір журналист. Екеуінің біреуі мақала ұрлағыш газеттің редакциясына кетті. «Алдымен аппараттарыңды (камера мен микрофон) қосып алыңдар. Әйтпесе, ұрсып бергенде сасып қаласыңдар» дедім

Егер мүмкіндіктеріңіз болса, сіздер де Интернет-журналист ретінде сол газеттің редакциясына хабарласа аласыздар.
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 13:02
Vagif
Zayavshik
blackbeard
Сенің тірлігің емес, боқ мұрныңды сұқпа, сүкі!
sammita
сол газеттің андайы шығар
sigma
@Vagif осы іс туралы нақты айтар уәжіңіз болса ашып жаза отырыңыз.