Дәл қазір, осы мезетте, депутаттар уішіватыр!!!

Дәл қазір, осы мезетте, Мәжіліс депутаттары қолдарын дірілдетіп, жүректерін ұстап, сазарып-безеріп, Президенттің атына өз өтініштерін жариялап жатыр.
Не туралы дейсіздер ме?
Мәжілісті өз еркімен тарату туралы…
Уоот…

Бар мәлімет осы, әзірге, толығырақ, каттың астында емес, түскі жаңалықтарда, амиголар!
Әрі қарай

Шымкентте өзбектер Тәуелсіздігімізге арнап 20 көгершін ұшырмақ

Мына жаңалықты қызжиынперін ақпа-лақтық агенттігінен оқыдым.
«Оңтүстік Қазақстан облысының көгершін баптаушылар қоғамы өзбектің ұлттық мәдени орталығымен бірлесе отыра Шымкент қаласында көгершіндер фестивалін өткізеді.
12 қарашада өткізілмек көгершіндер фестивалі ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.
Жоспарланып отырғандай, фестиваль аясында бағзы заманнан бері бейбітшіліктің символы саналған 20 ақ көгершін аспанға ұшырылады. Көгершіндер фестивалі 11.00-де «Әл-акрам» тойханасының алаңында өткізіледі. Мерекеге қатысуға ҚР мен Өзбекстанның барлық аймақтарынан көгершін баптаушылар шақырылған» дейді хабарлама.
Міне қызық өзбектер өз кафесінің алдында 20 көгершінді ұшырып жібереді де «біз мынадай шара ұйымдастырдық» деп, ішке кіріп палау жей бастайды. Шәй сораптап жатқанда не әңгіме қозғар екен. ә.ә.
Әрі қарай

Мен қалай бейнемонтаж инженері болдым

Баспада қағаздарымды кеміріп, түстен кейін сабағыма барып, демалыста диссерімді түрткілеп, тып-тыныш жүрген магистрант едім. Сол «шарагаға» аяқ астынан тап болдым. Тап болдым да, бірден сіңіп кеттім. Бірақ онда келгенде редактор едім… Бара-бара бейнеинженер болдым.

Басында өзімнің «жеке-меншік» үш бейнеинженерім бар еді: Коля, Бека, Рина. Олар монтаж жасайды, мен қастарында қарап отырам. Шыны керек, бастапқыда, олардың істегендері маған брі сиқырдай көрінетін. Айтпақшы, бүл туууу сонау 2003 жылы болған әңгіме. Компты қосып-өшіріп, вордта текст жазудан басқаны білмейтін «чайник» едім ол кезде.

Содан не керек, анда-санда «монтажниктерім» темекі тартуға шығып кетеді емес пе. Бір рет ТайтлДеконы ашып беріп, Ринат: «өзің титр жазып қой, мен келіп орналастырам» деп кетіп қалды. Әлі жоқ, әлі жоқ. Ішім пысты. Титрді жаздым, көргенімді істеп сақтадым, «линейкаға» қойдым, көргенімді істеп «просчет» жасадым. Не керек, әйтеуір, бәлеге қалдым.

Сонымен, бір жыл өтер-өтпесте, сол студияның қатардағы бейнеинженері болып шыға келдім. Өзім мәтінін аударатын фильмдердің монтажын өзім жасайтын дәрежеге жеттім.

Қазір де, Русланның (қазақша «Матрицаның» монтаж инженері) қасында отырғанда кейбір жерлерді түсіндіре алмай жатсам, ысырып тастап, тышқанын тартып алып, өзім «монтаждап» тастағым келіп отырады.
Әрі қарай

Алдар көсе шұлғаусыз етік киіп, "Қара жорға" билейді

Осы жылдың сәуір айында фестивальдық көрсетілімі болып өткен, бірақ комиссиялық тексерістерден енді өтіп, көрермен назарына ұсынылып отырған «ХХІ ғасырда Алдар көсенің бастан кешкендері» атты фильмнің алдын ала көрсетілімі бүгін болды. Фильм прокатта бір аптадан екі аптаға дейін ғана жүреді екен. Яғни, жұрт көп барса (жалпы, барса) екі апта, бармай қойса, бір-ақ апта. Және жұрттың барған-бармағаны фильмнің жалғасы түрілетін-түсірілмейтінін де шешеді.
Әрі қарай

Қансонар

Аппақ далада қарайған екі ноқат көрінеді. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Үлкені қаракер ат мініп, қарсақ ішік киіп, қарына сойыл ілген жас жігіт.Кішісі сол жігіттің қара тазысы. Ақ қарды алғаш басқан тазының күшік мінезі әлі басыла қоймаған тәрізді. Біресе жапалақтай жауған қарды қауып, біресе тұмсығын қарға тығып-тығып жіберіп, басын шайқап отыра қалады.
Әрі қарай

Сонымен, 31 арнадағы жаңа сериал "Қауіпті махаббат" деп аталады!!



Сонымен тағы да таныс бейнелер!!! Назарларыңызда 31 арна ұсынғн түріктің "Қауіпті махаббт" телехикаясы.
«Қауіпті махаббат» телехикаясы – түрік әдебиетінің классикасы, жазушы Керим Надирдің «Құс жолы» романының желісі бойынша түсірілген.
Әрі қарай